Бекіренің бел кеспесі арман болып барады

Бекіренің бел кеспесі арман болып барады

Бір қызығы, былайғы жұрт атыраулықтарды күнде бекіренің бел кеспесін ішіп, қара уылдырықты нанға жағып жеп отырғандай көреді. Анығында, шын бекіренің түрін де көрмеген, уылдырықтың жасанды түрін сатып алғанға мәз болатын мұндағы ағайын көп екенін кім білсін?! Қара базардағы бекіренің бір келісі 2500 теңгеден асса, ал уылдырықтың келісі 150 мың теңгеге бағаланады. Бұл – жалақыдан жалақыға әзер жетіп отырған қарапайым жұртшылық үшін арман ғана. Бағалы балықтарды заңсыз аулау мен сатуға тыйым салынса да, күнкөріс ретінде осы іспен шұғылданып отырған отбасылар аз емес. Әсіресе, Жайықтың Каспий теңізіне құяр тұсындағы елді-мекендердің тұрғындары бірі ұсталып, енді бірі сотты болып жатса да, нарқы бөлек бекіреге қармақ салудан қапы қалмай келеді. Бағалы балықтарды қорғауға арналған биылғы «Бекіре – 2012» жедел-алдын алу іс-шарасында да біраз жайттардың беті ашылды.

Браконьер деген бәле бар
Мемлекет тарапынан браконьерліктің жолын кесу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар да аз емес. Алайда бұл мақсатта түпкілікті нәтиже көрінер емес. Облыстық ішкі істер департаменті балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Қайрат Шонаев заңсыз балық аулауды болдырмау үшін өзі басқарып отырған бөлімдегі қызметкерлер санының аздығы мен материалдық-техникалық база сапа­сының төмендігі қиындық келтіріп отырғанын айтады. «Бізде тіпті «теңіз» сыныпты арнайы катерлер де жоқ. Отыз жылға жуық уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан «өзен» сыныпты кемелер мен теңізде жылдам жүруге қарастырылмаған үш пластикалық катерлер өз жұмысымызды жоғары дә­режесінде атқаруымызға қолбайлау болып отыр. Ал браконьерлер бізден мықты, олар жаңа үлгідегі техника, навигациялық құралдармен жабдықталған», – дейді ол.
Бұл саладағы тағы бір проблема – заңсыз балық аулап ұсталған, қамауға алынған және сотпен мемлекет пайдасына тәркіленген жүзу құралдарын сақтайтын орынның жоқтығы. Каспий теңізінің жағалауы мен өзен саға­ларындағы айлақтар, орналасу бөлімшелері қа­жетті күзет, байланыс құралдарымен қам­тамасыз етілмеген. «Құқық бұзушылардан тәр­кіленіп, сақтауға берілген жүзу құрал­дарын сот шешіміне дейін сақтайтын жер ешқандай нормативтік-құқықтық актілермен рет­телмеген», – дейді Қ.Шонаев.
«Браконьерлікпен, балықтың заңсыз айналымымен күресу облыстық прокуратура үшін басым бағыттың бірі болып табылады», – деп атап өтті облыстық маман­дандырылған табиғат қорғау про­куроры Аршат Тайтуллин, – «Өт­кен жылы табиғатқа заңсыз әре­кеттер салдарынан 58 млн теңге залал келген еді. Сол себепті биыл браконьерлікпен қарсы күресте – 350 адам, 42 техника, 50 жүзу құралы мен 25 бейнебақылау камералары, алты қыз­мет жануары жұмылдырылды»,– деді ол.
Құзырлы орган өкілдері заң бұзғандар құқық қорғаушылардың құрығынан құ­тыл­майды дегеннің өзінде, облыс орталы­ғындағы базарларда «қызыл балық» саудасы қызып тұр. Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Атырау­дың орталығында орналасқан «Насиха» сауда үйінің тұсынан 5,6 келі бекіре тұқымдас балықтың қара уылдырығын са­тып тұрған азаматты ұстады. Сауда орта­лықтарын сағалап жүріп, заңсыз ауланған балығын сататындар әлі де болса азаймай тұрғаны ақиқат. 
Бекіре – болашаққа жете ме?
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарындағы ішкі істер бөлімдері мен батыс аймақтық көлік полициясы жұмылдырылған бұл шараға ҰҚК шекара қызметі, табиғат қорғау прокуратуралары мен кедендік бақылау, балық қорғау органдары да қатысты. Жайық-Каспий бас­сейнінің балық қорын қорғау басты мақсаты болып табылатын акция барысын­да биыл 25 тонна майда балықты, одан бөлек 298 кг бекіре тұқымдас балықты тасымалдаған 41 автокөлік ұсталды. Аты­рау бекетіндегі ЖІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Мұханбетжан Құр­манғалиев айтқан деректерге сүйен­сек, теміржол вокзалында №29 «Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушы­лар пойызында 1961 жылы туған М. есім­ді аза­мат­тан жалпы салмағы 570 келіні құрай­тын қара балық тәркіленсе, №691 «Атырау-Ақтөбе» жолаушылар пойызынан 1978 жылы туған Ж. есімді азаматша 72 келі бекіре тұқымдас балықты құжатсыз алып бара жатқан жерінде ұсталған. Ал маман­дандырылған табиғатты қорғау прокура­турасы мен облыстық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Исатай ауданы­ның Каспий теңізімен шекаралас Зейнеден ауылының бір тұрғынын 250 келі бекіре мен 17 келі қара уылдырықпен құрықтады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 183-бабы бо­йын­ша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, жалпы шара барысында заңсыз балық аулаудың 272 фактісі тіркелген. Оның ішінде 227 заңсыз балық аулау және балық аулау ережелерін бұзушылық, 17 балық және балық өнімде­рін заңсыз сатып алу, сату, 28 заңсыз тасы­мал­дау фактілері анықталды.  Құқық бұзу­шы­лардан барлығы 34,3 тонна балық, оның ішінде 1 тоннаға жуық бекіре, 23,6 келі қара уылдырық, 293 дана аулау құралдары, 6 жүзу құралдары тәркіленген.
Бұл – бір ай жарым уақытқа бағыттал­ған бір ғана акцияның барысында белгілі болған жайттар. Осыдан-ақ, жыл санап құрып бара жатқан су маржандарының адамзат қолымен қаншалықты талан-та­ражға түсіп жатқанын бағамдау қиын емес.
Балықты зауытта бағамыз
Мұнай мен газдан кейінгі басты байлығы болып табылатын бекіре балықты жоғалтып алмаудың қамын атыраулықтар ойластырудай-ақ ойластырып жатыр. Со­ның бір мысалы – Жайық – Атырау бекіре өсіру зауытының қадамы. Аталған зауыт биыл бірінші рет бағалы балықтың шабақ­тарын су айдынына жіберген. Зауыт дирек­торы Ғилман Сәрсемәлиев жарты миллион қортпа және миллионға жуық шоқыр шабақты шығарып отырғандарын, бір ай­дан кейін 2 миллионнан астам шоқыр ша­бақ­тарын жөнелту жоспарларында тұр­ғанын айтады. Уылдырықты аналық қорт­паны сәуір айының аяғында ұстаған зауыт қызметкерлері жыныстық жетілген  аталық балықты ұстай алмай біраз уақыт өткізіпті. Ақыры мамырдың ортасында қолға түскен «алтын балықтан» он күннен соң титтей дернәсілдер алынған, олар арнайы хауыздарда жетіліп, қырық күннен соң ғана тоғандарға жіберіліпті. Қазір сыртқы ортаға бейімделген шабақтар тиісті салмақтарын жинап үлгерген. Ал Рашиден Қалидуллин басқаратын Атырау балық өсіру зауытында шоқыр, сүйрік, бекіре шабақтары өседі. Жалпы, екі зауыт­тың биылғы шығарған балық шабақтары­ның көлемі 7,5 млн дананы құрайды, бұл мемлекеттік тапсырыстан жарты миллион­ға көп.
Әрине, жылына 80 млн тонна шабақ өндіретін Ресейдің ауылына жету әзірге біз үшін алыстау. Бірақ алғашқы қадамның өзі көз қуантып, көңілді тоғайтады. Адамзат қолымен құрып бітудің аз-ақ алдында тұрған бағалы балықтарды болашақ ұрпа­ғымыз кітап беттерінен ғана көрмесін десек, бұл бағыттағы жұмыстарды біраз жетілдіру керек-ақ. Әзірге үмітіміз – аталған екі зауыт қана. Елбасы айтқан, жылына 30 млн шабақ өндіретін Атырау­дағы үшінші бекіре өсіру зауыты 2014-2016 жылдары қолданысқа берілмекші, бұл да болса үзіле бастаған үмітке біраз демеу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста