Бие байлап, қымыз сапырған кәсіпкер

Бие байлап, қымыз сапырған кәсіпкер

Үмітқан Исаханованың білім орта болса да, қол қусырып бос отырғанды жаны сүймейді. Осыдан біраз уақыт бұрын алыс-жақын шет елдерден киім-кешектер әкеліп, онысын тұрғындарға қолжетімді бағада саудалап, әр түрлі сауда –саттықпен айналысқан еді. Сөйтіп отбасына кіріс кіргізіп, отағасына едәуір көмекші болады. Бірақ үш жыл бұрын аяқ астынан денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер жұмысқа жарамсызсың деп, үшінші топ мүгедектігін береді. Құр дәрімен емделгеннен гөрі денсаулығын сауықтыру үшін Үмітқанға дәрігерлер қымыз, саумал ішіңіз деп кеңес береді.
Мемлекеттің жұмысқа жарамсыздығына берілетін жәрдемақысы денсаулығын түзеуге, күнкөріс жасауына жеткіліксіз екенін байқаған ол бос отыруды жөн көрмей, өзіне бір кәсіппен айналысу қажет деп шешеді. Байқап қарасаңыз, еңбек етемін деген адамға ешқандай да сылтау керек емес екен. Ойлана келе отағасымен және балаларымен ақылдасып, бие ұстап, қымыз өндіруді жоспарлайды.
Кез-келген істі бастау үшін қаражаттың қажеттігі айтпасада түсінікті еді. Осы жағдайда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы пайдасын тигізді деп еске алады Үмітқан. Өткен жылдың наурыз айында Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына өтініш пен бизнес жоспарын ұсынып, тамыз айында бір миллион жеті жүз мың теңге шағын несие алады.
Үмітқан апайдың үйінде болып, бал татыған қымызынан бүгінде талайлар дәм татқан. Шаруасы бұл күндері дөңгелеп, табысты кәсіпкерге айналған. Айтуынша, алғаш рет берілген қаражатқа үш құлынды бие, бір байтал сатып алып, қымыз өндіруді бастайды. Сауылған сүтті саумал түрінде де, ашыған қымыз күйінде де өзі пайдаланып, артылғанын қажет еткен тұрғындарға қолжетімді бағамен сатумен айналысуда. Осы арқылы тұрғындарға жұмыс орнын да ашып отыр. Қымыз қасиетті сусын болғандықтан аса тазалықты,ашыту технологиясын жіті сақтауды, ыдыстың сапалы болуын және уақытында ыстап отыруды қажет етеді. Міне, осы талаптарды орындалғандықтан да, оның ашытқан қымызына сұраныс көптеп түсе бастайды. Бие сауу да оңай кәсіп емес. Кірген кірісін жем-шөпке, малға қарайтын көмекші адамның еңбегіне және несиені дер кезінде жабуға жұмсап отыр. Ендігі мақсаты сауылатын биелердің санын онға жеткізіп,қосымша жұмыс орындарын ашып тұрғындар сұраныстарын толығымен қамтамасыз етсем дейді несие алушы.
Жұмыспен қамту орталығының маманы Мәуліт Қилыбаевтың атйуынша, Елбасымыз биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдарға көбірек көңіл бөлу керек,олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс деп тапсырды дейді. Яғни мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсетуде,тағам өндіруде, ауыл шаруашылығында жұмыс істей алады делінген. Олай болса Исаханованың айналысып отырған кәсібі осының дәлелі ретінде басқаларға үлгі боларлықтай іс екені даусыз.
Суреттер автордікі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста