Биоотынның болашағына неге сенбейміз?

Биоотынның болашағына неге сенбейміз?

Бензиннен де пайдалы
Бүгінгі таңда әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – атмосфераның улы газдармен ластануы. Ал автокөліктердің түтінімен бірге шығатын көмірқышқыл газы қоршаған ортаға кері әсерін тигізу деңгейі бойынша ластаушылар арасында алдыңғы орында тұр. Сондықтан да жаһан ғалымдары онымен күресіп әлек. Қанша зиянды болса да, әзірге мұнай өнімдерінен бас тарта алмаймыз, себебі баламалы энергия көздері тиімсіздеу. Демек, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмеу жолын іздестірген абзал.

«Биоотын», «биобензин», «биоэтанол» деген сөздер сөздік айналымда ертеден жүр. Бұл – биологиялық таза жолмен (бидай, рапс, жүгеріден және т.б.) алынатын жанармай түрі. Қазіргі қолданыстағы технология бойынша 1 тонна бидайдан 350 литр биоэтанол алуға болады екен. Егер бензинге 5 пайыз биоотын қосылса, сыртқа шығатын зиянды заттар 30 пайызға азаяды екен. Сондықтан бүгінде бүкіл әлем экологиялық таза жанармайды таңдауда. Еуроодақтың мәліметтеріне жүгінсек, 2010 жылдың аяғына дейін «кәрі құрлық» биоотынды пайдалану деңгейін 12 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Мемлекеттің мейірімі қажет
Қазақстан биоотынды өзі пайдаланбаса да, өндіруді қолға алған ел болып саналады. Елімізде ғана емес, ТМД-дағы биоэтанол өндіретін жалғыз зауыт — «Биохим» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында орналасқан. Өкінішке қарай, 2006 жылы іске қосылған өндіріс орны қазіргі таңда тоқтап тұр. Себеп – қаржы тапшылығы. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 180 мың тонна этанол өндіруге жетеді. Бірақ ашылғаннан бергі төрт жыл ішінде әлі толық қуатында жұмыс істей қойған жоқ.

Игорь ҒАБИДУЛИН, «Биохим» компаниясы» АҚ өндіріс жөніндегі директоры:
– «Биохим» компаниясы еліміздің биоотын өндірісіндегі пилоттық жоба болып есептеледі. Қай істе болсын алқашқы болып қадам жасау әркез қиын. Тәжірибе жоқ, бәрін басынан бастау қажет. 2006 жылы ашылғаннан бері қыруар іс тындырылды, шығарған өнімімізді өткізетін нарық та табылды. Америка мен Еуропа елдерінің нарығына жол аша алдық. Бірақ қаржы дағдарысы келіп, қалпақтай ұштық. Банктердің несие бергілері жоқ, ал өзімізде айналымға жіберетін қаржы тапшы. Сондықтан биоэтанол шығаратын жалғыз зауыттың жұмысы тоқтап тұр. Өндіріске қайта жан бітіру үшін шамамен 20 миллион доллар қажет.

Зауыт басшысы биоотын өндірісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасап, зауытқа қолдау көрсетілсе ғана іс өрге басатынын айтады. Әйтпесе мұндай ірі өндірісті жеке бизнестің көтере қоюы екіталай. Зауыттың қаржылық қиындықтарға душар болғанын жұмысшыларына жалақыға қарыздарынан-ақ білуге болады. 315 жұмысшыға 15 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы жақында ғана төленді. Ал облыстық прокуратура еңбек заңнамаларын бұзғаны үшін зауыт басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Жалғыз зауытқа – жалқы заң
Шынымен де, әрбір жаңа зауыт ашылған сайын заң қабылдана беруі қажет пе? Осы тектес сауалдар Парламентте ауыл шаруашылығы министріне көптеп қойылған болатын.
Заңның зауытқа не беретіні жөнінде зауыт басшыларынан сұрап білдік. «2006 жылы зауыттың алғашқы өнімі шыққан кезде оны қай сала өніміне жатқызарымызды білмей дал болдық. Бір жағынан қарасаң, кәдімгі спирт, ал қолданылуы жөнінен жанармайға келеді. Ал «биоэтанол» деген түсінік ешбір заңда болмай шықты. Сондықтан әлі күнге дейін экспортқа шығарарда қиыншылықтарға тап болып жүрміз. Жаңа заң ең бірінші кезекте осыны анықтап беруі қажет», – дейді Игорь Ғабидулин.
Алайда бұл өндіріске еш өзгеріс әкеле қоймайды. Себебі зауыт 2006 жылы ашылғаннан бері заңсыз да жұмыс жүргізіп келеді. Әлем экологиялық таза бензинге көшіп жатқанын ескерсек, сұраныс артып, зауыттар саны да көбейері анық. Демек, жаңа заң жалғыз зауытқа емес, жалпыға керек заң болмақ.
Сапалы бензинді сырттан тасып неміз бар?
Биоэтанол «Биохим» компаниясының бидайдан алатын ең ақырғы өнімі болып табылады. Ал оған дейінгі жолда клейковина, крахмал, көмірқышқыл газы, кебек, ашытқы және тағы да басқа өнімдер шығарылады. Және 600 мың тоннаға дейін астық сақтайтын қоймасы мен тәулігіне 910 тонна ұн үгетін диірмен бар. Зауыт кластерлік жүйемен жұмыс істейді. Шошқа фермасы мен құс фабрикасы және жақында ғана ашылған Еуроодақ стандарты бойынша ет өңдейтін комбинат та осы циклдің жалғасы болып табылады.
Биоэтанол – абсолюттелген спирт. Құрамы 99 пайызға дейін таза спирттен тұрады. Оны жанармайға құйып, сапасын арттыруға болады. Мысалы, АИ-80 маркалы бензинді АИ-92-95-ке айналдыра алады. Бағасы арзан болмаса, қымбат бола қоймайды. Демек, Қазақстанға жоғары октанды бензинді Ресейден тасымалдаудың еш қажеті болмас еді.
Зауыт басшылары биоэтанолдың көмегімен бензин сапасын арттыру ұсынысымен еліміздегі жанармай өндіретін зауыттардың бірнешеуіне барған екен. Бірақ олар бұл жаңашылдыққа сене қоймаған көрінеді. Қазір биоэтанолдың көмегімен сапасы жақсартылған бензин тәжірибе ретінде Алматы қаласындағы екі жанармай құю стансысында сатылып жатыр. Биоэтанолды жанармай ретінде пайдаланудың тиімді жақтары: қыста қатпайды, каррозияға жол бермейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста