Біз капиталды қалай түсінеміз?

Біз капиталды қалай түсінеміз?

Кезінде 1 Май мейра­мы — Еңбек мейрамы деп те аталатын. Аз ғана уақыт бұрын толықтай бір қоғам­дық-экономикалық фор­ма­циядан екіншісіне өтіп отырған біздің қоғамы­мыз­да осы «еңбек» ұғымы бұрынғыдай дәріптеліп отыр ма, «еңбеккер» деген ұғымға балама таба алдық па деген сауал­дар­ға жауап алу үшін Т.Рыс­құлов атындағы Ұлт­тық Экономикалық универ­ситеттің доценті, экономика сарапшысы Ілияс Исаевты әңгімеге тарттық.

– Соңғы уақытта әлемдік политэкономияда Карл Маркстің «Капитал» еңбегі қызығушылық туғызып отырған көрінеді. Неліктен?
– Қоғамның даму тарихында еңбекке, еңбектің қоғамдағы зор маңызына қа­тысты ғылыми ағымдар көп болды. Ең­бек туралы экономикалық ілімде қоғам дамуының көзі еңбекте екенін алғаш рет айтқан ағылшын ғалымдары. Олар – Адам Смит, Давид Рекардо. Олардың айтуынша, байлықтың көзі ауылшаруашылығымен айналысқан еңбек­шілердің табысынан құралады. Ал капитал пайда болғаннан, еңбектің бір бөлігі капиталға айналғаннан, осылайша, капиталистік қоғам пайда болғаннан кейін еңбекке арналған ірі, іргелі ғылыми еңбек – Маркстің «Капиталы». Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы кездерде дүниежүзілік қаржылық дағдарыстан соң кейбір мемлекеттік қайраткерлердің, шетелдік ғалымдардың «Капиталға» қай­тадан бет бұруының белгілі бір себептері бар. «Капиталда» айтылған ғылыми тұжы­рымдамаға сәйкес, қосымша құн – адам­ның еңбегі. Маркстің ашқан ең үлкен жаңалығын қосымша құн теориясы деп айтамыз. Оның негізі — еңбекте, онда да – таза еңбекте. Біз капиталды кейде дұрыс түсінбейміз. «Капитал деген не?» дегенде көп адамдар ол шетелден тартылып жатқан қа­рыз ақша немесе банктің беріп жатқан несиесі, қолда жиналып қалған қаражат деп жауап беріп жатады. Алайда капитал деген ұғымды осылайша ақшаға, несиеге, инвес­тицияға, банктің пайда болуымен қатысты түсіну таяздықты білдіреді. Негізі, капитал деген – өздігінен көбейетін қолда бар дүние. Ал өздігінен көбейетін бізде не бар?.. Адам­ның таза еңбегінің нәтижесінде пайда болған игілік қана өздігінен көбейе алады.
– Дегенмен қазір марксизмді дәріп­теуге көбісі қарсы болар...
– Тағы қайталап айтамын, Карл Маркс «еңбекақы адал төленген қоғам ғана берекелі болады» деген тұжырым жасайды. К.Маркс еңбекті қорғаудың, еңбекті қа­дір­леудің, еңбек адамын пір тұтудың тео­риялық негізін қалаған. Біз Маркстің ең­бегін түсінбейміз. Кезінде волюнтаристік ұс­танымдар болды, социализмді, коммунизмді 20 жылдың ішінде орнатамыз деген. Өйткені ешкім марксизмді терең түсінбеген. Бұл жалғанда, таяудағы 200 жылдың ішінде марксизмді түсінетін адам бола ма, болмай ма, білмеймін. Өйткені Маркстің ілімі – еңбек туралы ілім.
Мәселен, Сіз бүгіндері ғылыми аудиторияларда, кафедраларда ғалымдардың алдына тұрып «ақша бұл – еңбек» десеңіз таң қалуы мүмкін. Өйткені олар мұны баяғыда ұмытып қалған. Шын мәнісінде, тұңғыш рет ақшаның не екеніне нақты ғылыми түсініктеме берген Карл Маркс. Ол «ақша – еңбек» дейді. Ал бүгінгі таңдағы ғылымның барлығы «ақша деген не» деген сұраққа жауап бермейді. Нобель сыйлығын алғандардың ешқайсысы бұл сауалға жауап бермеген, бермейді де. Керісінше, бұл ғалымдардың ізденісі ақшаны қалай пайдалану керек, оны қалай көбейтуге болады, одан қандай жағдайда спекуляция жасаймыз дегенге бағытталған. Неге? Мәселенің мәнісін осыдан іздеу керек.
– Маркс жекеменшікке қарсы бол­ған деген уәж бар емес пе?
– Жоқ. Маркс ешуақытта жекеменшікке қарсы болмаған. Керісінше, ол жекеменшікті жырлап өткен, сол үшін бүкіл өмірін сарп еткен адам. Біреуді қанаған жекеменшік үшін емес, маңдай термен тапқан жекеменшік үшін. Марксизм соның ілімі, соның ғылымы. Ал капиталистік меншік жекеменшікке жатпайды. Ол екеуі — екі түрлі. Себебі капиталистік қоғам — капитал­дың қоғамы. Ал капитал толығынан төлен­беген, жымқы­рып қалған еңбекақының бөлігінен пайда болады. Мысалы, кейбір мәліметтерге қара­сақ, дәл бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі бай­лық­тың 80 пайызы дүниежүзі халқының 20 пайызының қо­лында екен. Міне, өз сөзінде осындай дерек келтірген Елбасымыз 2009 жылғы 13 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университеті студенттеріне оқыған дәрі­сінде: «Қазір көптеген сарапшы, маман, ғалым дағдарыстың себебін іздеуде таңғажайып болжамдар жасап жатыр. Бірақ дағдарыстың бастауында бейбас­тақтық, жауапсыздық, кез келген жолмен пайданы басып қалу секілді адам нәпсісі тұрғанын мойындауға олардың көбісінің батылы жетпейді» деген еді. Өзіңіз айты­ңызшы, адам нәпсісі қозған қоғамда береке орнауы мүмкін бе?..
– Демек, бүгінгі таңда еңбек ілімін қай­тадан қарастыру өзектілік танытып отыр ғой...
– Мен осы уақытқа дейін «ақша – еңбек» деген К. Маркстен басқа ғалымды кездестірген емеспін. Ондай ғалым болмайды ғой деп те ойлаймын. Себебі қоғам­ның құрылысы, әрбір адамның мақ­саты өзгеріп келе жатыр.
Мысалы, 2010 жылғы мәлімет бойынша, бүкіл әлемде 1140 миллиардер бар ек­ен. 2008 жылы миллиардерлер саны – 793 болса, 2009 жылы олар 1011-ді құра­ған. Соңғы үш жылдың ішінде әлем­дегі мил­лиар­дердің саны 1,5 есеге өскен екен. Осыншама байлық ат төбелін­дей адамдар­дың қолына қалай шоғырланған?.. Бұған тек ең­бек ілімі тұрғысынан жауап бере аламыз.
Бұл арада бір-ақ мотив бар. Неше түрлі құйтырқы, шытырман, күрмеуі күрделі мә­се­лелер арқылы біреудің еңбегін ар­тығынан жеу. Мәселен, америкалық транс­ұлттық корпорацияның Қытайдың арзан жұмыс күшінің еңбегін жеуі. Немесе Қазақ­станның кейбір компаниялары өзде­рінің жұмысшысының жалақысын дұрыс төле­меуі. Міне, сондықтан еңбекті қоғам­ның құрылысымен бірге қарастыру керек.
Қазір біз еңбек адамынан гөрі, спекулятивтік жолмен ақша тапқан, миллиард­таған байлығы бар адамды дәріптейтін қоғамға өтіп бара жатырмыз. Бұдан ең­бекке деген құрметті төмендеткен дұрыс па, әлде оны жоғарылатқан дұрыс па деген сұ­рақ туындайды. Қоғамға осының қай­сысы дұрыс? Әрине, еңбекті құрметтеген дұрыс.
– Ал бізде еңбекті зерттеу ілімінің деңгейі қандай?
– Өкінішке қарай, қазір экономика ғылымы еңбекке бет бұрмай кетті. Бүгінгі экономика ғылымының мақсаты – маркетинг, менеджмент. Маркетинг деген — дү­кен, сауда-саттық, спекуляция. Менеджмент деген — басқару. Еңбекте басқарудың керегі жоқ. Яғни, біреудің еңбегін басқар­ма, өзіңнің еңбегіңді басқар, өзгенің еңбе­гін саудалама, өзіңнің еңбегіңді саудала.
Қазір де еңбек туралы ғылым өте маңызды рөл атқарады. Кезінде «кішкентай мемлекет қысқа мерзімде қалай үлкен жетістікке қол жеткізген» деп Жапонияны зерттеген ғалымдар мұнда еңбек адамына деген құрметтің бөлек екенін анықтаған. Жапонияда өте жақсы еңбек ететіндердің, кәсіби білігі жоғары мамандардың еңбегі бағаланады, белгілі бір уақытта ондағы жұмысшылар карьералық өсуге қол жеткізеді, марапатталып, мақталады. Еңбек өнім­ділігін жоғарылатқан адамдарды мұнда алақанына салып, жоғарыға көтеріп жүреді. Бізге де осындай жүйе қажет.
Кезінде Алматы Халық шаруашылығы институтында еңбекті ғылыми ұйымдастыру деген кафедра болатын. Бізге сондай кафедра мен ғылым керек. Әрине, қазіргі кезде экономика ғылымының барлығы капиталды қалай басқару керек, қайткенде сауда-саттықтан көп пайда түседі деген ізденістердің соңына түсіп кеткен. Бұл дұрыс емес. Сол себепті біздің қоғамда еңбек­ті құрметтемеу, сыйламау бүкіл ха­лық­тық санаға айналып кетті. Өз нәпақа­сын адал еңбегімен тауып жүргендерге «мынау арқа еті – арша, борбай еті – борша болып, әб­ден бейнеттеніп, зорға күнін көріп отыр» деп күлсек, ал ананы-мынаны қағыстырып, ұр­лап-жырлаған пысықай­ларды мақтайтын болдық. Әрине, бұл — ең­бек­ке деген құр­метті ұмытқанымыздың салдары.
– Сіздіңше, капиталистік құнды­лық­тар жайлаған қоғамды қандай фило­софиямен емдеуге болады?
Жастарды адал еңбекке баулу керек. Біреулер бұл коммунистік қоғамның моралі деп қалар. Жоқ. Олай ойлағандар үлкен қателікке ұрынады. Жастарды ең­бекке баулу, еңбек дәстүрін атадан бала­ға мұра етіп қалдыру Ұлы даланың иесі қазақ халқының өзіндік моралі. «Жұмысы жоқ­тық, тамақтық тоқтық, аздырар адам баласын» деген Абай хакім.
 Құмархана, сауықхана, ойынхана және тағы басқа «ханалар» еңбекпен айналыс­паған жастарды тез бұзады. К. Маркс мұн­дай байлықтың кеселін капитализмнің атрибуттары деп қарастырған. Жастар қа­лай ғылыммен, еңбекпен айналысады, егер арам ақшалардың «түнгі клубтары» әр жерде мен мұндалап тұрса. Одан кейін қоғам келешегін кімге сеніп тапсырасың? Түнгі клубтан шығып, еліріп тұрған «ешкендерге» ме, әлде күн шыққаннан қас қарайғанша еңбек етіп, қара сіңір боп кетпен арқалап, таза ғұмыр кешкендерге ме? Сақалын сатып, беделін сатып, лауазымын сатып ақша табу – қазіргі қоғамның дерті. Ол дертті тек адал еңбекпен емдеуге болады. «Адамды адам еткен — еңбек». Бұл – материализмнің көз­қарасы. Материализм кәдімгі еңбекпен өмір сүрудің қарапайым ережесі. Яғни, ғылыммен, саясатпен, философиямен, өнер­мен, әдебиетпен айналысу үшін ең әуелі адамға ішім-жем, киер киім, тұрғын үй керек. Ал бұл аталғандарды еңбекпен таба­сың. Еңбекпен келген байлық қана баян­ды болады.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста