Біз өмір сүріп отырған, түсініксіз экономика немесе Философиялық антропология дегеніміз не?

Біз өмір сүріп отырған, түсініксіз экономика немесе Философиялық антропология дегеніміз не?

Экономист-антрополог Стивен Гудэмонның әріптестерімен бірге жиған кең ауқымды этнографиялық материалы өзіндік мүдде және өзара келісім тақырыбына арналған. Теориялық таным түсінігінің өзегі ретінде Гудэмонмен бес құрылымдық сала - шаруашылықты, қауымдастықты, сауда, қаржы және ғаламдық қаржыны атап көрсетті. Аталмыш модель бойынша сауда, қаржы және жаһандық қаржы заманауи капиталистік процестің моделі болып саналады. Бір жағынан алып қарағанда аталмыш салалар тарихи кезектестілік, жылдамдығын өзгерткіштік, сандық және сапалық тұрғыдан абстракциялы экономикалық трансакция болып табылады. Екінші жағынан экономикалық сала әдетте өзара бағынышты және конфликтілік жағдайларда бірмезетте әрекет ететін ерекше механизмге ие. Өзара әрекет ету процесі әдетте әртүрлі қосымша процестер рента, бартер, ақша, айырбас көмегімен жүзеге асады. Гудэмонның ойынша заманауи нарықтық капитализмнің ерекшелігі банк арқылы берілетін ренталардың тұрақты түрде өсуінде және тауар сатушылар мен бәсекеге қабілетсіз өзге экономикалық ойыншылар арасында болатын өзара қарым-қатынас.
Миннесота Университетінің профессоры, антрополог ғалым Стивен Гудэмонның «Түсініксіз экономика» кітабы «Антпропологиядағы жаңа бағыт» сериясымен шыққан. Автор кез-келген саладағы экономиканы, «түсініксіз» және «өзіндік», «өзара әрекет ететін» типтерге бөліп қарастырады. Аталмыш еңбекте экономикалық тезистерін ұғындыру үшін қаржылық пирамиданың нағыз маманы Бернард Мейдоффаны мысалға келтіріп өтеді. Бернард Мейдоффаның негізгі мақсаты «ақша жасау» болса, екінші жағынан компания құрылтайшысымен антрополог ретінде қаржылық пирамиданың этникалық ерекшеліктерін ұғынғысы келеді. Автор аталмыш еңбекте қазіргі қоғам үшін капиталистік қатынастардың қаншалықты мәнсіз екендігін айшықты түрде жазады. Әрине экономистер тарапынан қаржылық пирамида макро зерттеу тұрғысында қажетті деңгейде зерттелгенімен, антропологтар тарапынан тұрмыстық деңгейде зерттелмеген. Гудэмонның айтуынша, автокөлік, үй, тұрмыстық техника сатып алу көп жағдайда отбасы мүшелері арасында өзара талқыға түсіп, соңғы шешімнің қабылдануы қиындай түседі. Сол себептен тұрмыстық экономикада делдал менеджердің рөлі өте маңызды. Делдал менеджер мен отбасылардың жұмыс жасауы әдетте өзара келісімге келумен аяқталып жатады. Гудэмон бойынша достық дегеніміз қатысушылар арасында әртүрлі мүдделердің нарықтың заңдылығына сай ұштасып отыруы. Антропологияның биологиялық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік, этнологиялық, саяси, теологиялық, сондай-ақ педагогикалық сияқты түрлері аймақтық антропологияларға жатады. Аймақтық антропология дегеніміз – адамның арнайы салалары мен аспектілерін зерттейтін ғылым. Ал философиялық антропологияның міндеті күрделі – адам болмысының теориясын жинақтау. Философиялық антропология жалпы шолу жасайды, жеке гуманитарлық ғылымдарда анықталған фактілерді немесе феномендерді дененің, жанның және рухтың көрінісі ретінде біртұтас етіп жинақтайды және сөйтіп болмыстың ауқымды түсінігін талдай отырып, адамды түсіндіреді. Философиялық антропология адам мен жануардың арасындағы айырмашылық туралы ғана емес, адамның әлемдегі табиғи және мәдени тіршілік иесі ретіндегі орны туралы толғанулар. Философиялық антропология философияның негізіндегі адам туралы биологиялық, физиологиялық, антропологиялық, психологиялық, мәдениеттанушылық және мәдени-тарихи, социологиялық және этнологиялық сияқты түрлі ілімдердің қосылысы, қорытпасы болып табылады. Ол кең ауқымды философиялық тұрғыдан басқа гуманитарлық ғылымдардың ілімдері мен деректерін жалпылайтын және бағалайтын біріктіруші ғылым болып табылады.

Ләззат Сетйқазықызы Спанқұлова, 
Айгерім Күзембаева.
Нархоз университеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста