Бизнесті сұғанақ қолдан сақтаудың 12 тәсілі немесе өз бизнесіңізді ұрлық-қарлықтан қалай қорғайсыз?

Бизнесті сұғанақ қолдан сақтаудың 12 тәсілі немесе өз бизнесіңізді ұрлық-қарлықтан қалай қорғайсыз?

Арнайы мамандардың пайымдауынша, өз бизнесін қандайда бір жоғары деңгейге жеткізгісі келетін кез келген кәсіпкер алдымен бизнестегі ұрлық мәселесіне жіті назар аударуы керек. Ол үшін кәсіпкер өзіне-өзі мынадай сауалдары үнемі қойып сараптамалық тексеру жүргізіп отырғаны абзал:

1-сауал: Сіз өз бизнесіңізді ұрлықтан қалай қорғау туралы жиі ойланасыз ба?
Ал енді бұл сауалға жауап іздеп көрсек, бізде тәжірибеде компания активін ұрлықтан қорғау үшін сақтанатындардың көрсеткіші басым. Ал басқа бизнес саласындағылар ұрлық жөніне аса бас қатыра қоймайды екен. Сөйтіп, біз нақ осы бірінші сауалды қою арқылы  отандық бизнес әлеміндегі кәсіпкерлердің басым бөлігінің ұрлықтан қорғануға бейқам екенін анықтап алдық.
2-сауал: Сіз өндірісте ұрлықты болдырмаудың қандай әдістерін қолданасыз?
Біз бұл сауалды кәсіп иелеріне қою арқылы өндірістегі сыртқы және ішкі ұрлық түрлерінің өршіп кеткенін анықтадық. Бұдан соң арнайы бизнес кеңесшілеріне жүгіну арқылы бизнесті сұғанақ қолдан сақтандырудың тәсілдерін зерттеп көрдік. Сонымен ең қарапайым әрі қолжетімді тәсілдерден бастасақ. Бұлардың саны бізде 12 болып отыр:
1. Клиенттерге тамаша қызмет көрсетіңіз. Ілтипатты жұмыскерлер дүкен ұрыларын шошытуға қабілетті. Сондықтан жұмысқа ар-ұяты басым адамдарды алуға тырысыңыз;
2. Ғимаратта видео-камера орнатыңыз. Қауіпсіздік айналары және бақылау камералары қызметкерлерге бөлмені бақылауға көмектеседі:
3. Тауарлық қор есебін жүргізіңіз, және есептегі айырмашылық себебін анықтаңыз;
4. Ақшаны банкке тапсыра отырып, қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз. Ең дұрысы ақшаны банкке бір уақытта емес және түрлі бағытпен жүріп, күндіз тапсырған жөн.
5. Қорғау дабылын орнатыңыз және дабыл белгі берсе әрқашан әрекет жасаңыз.
6. Жұмыскерді жалдау кезінде ұсыныстарын тексеріңіз және  жұмысқа алатын адамыңыздың істі болғаны болмағаны жөнінде  деректер сұрату туралы ойланыңыз.
7. Бір адамға қаржылық және есеп тапсыру жұмыстарын жүктемеңіз.
8. Ішкі ұрлық үшін жағдайды минимумға келтіретін тәртіп жасаңыз (тәуелсіз бухгелтер жалдаңыз немесе есеп кітаптарын жеке тексеріңіз).
9. Қызметкерлердің міндеттерін бөліп қойыңыз. Мысалы, қолма-қол ақша қабылдау үшін жауапты адам түбіртек бойынша түсімдерді тексеруге жауап бермеу керек.
10. Әр қызметкерді өзінің кассалық аппараты үшін жауапты жасаңыз.
11.  IBM, Microsoft, SAP және т.б компаниялар сияқты автоматтандыру және бақылау жүйесін жасаңыз.
12.  Ішкі ұрлыққа қатысты өз саясатыңызды баяндау кезіңізде нақты және жүйелі болыңыз және проблемаларды тез әрі әділ шешіңіз.
Міне, өз кәсібін сұғанақ қолдардан сақтауы үшін әрбір кәсіпкер алдымен осы жайттарды жадына түйіп жүруі керек. Мамандар әсіресе дүкендер желісімен, сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкерлерге  бұлардың таптырмас кеңес екенін алға тартып отыр.
  
«Үптеп» кетудің қай түрі өршіп тұр?
Жалпы,  «бизнесте қандай ұрлықтың түрі өршіп тұр» деген сауалға келетін болсақ, биылғы жыл әлем бойынша сауда жүйесіндегі алаяқтық пен тонаушылық үрдісінің басым түсуімен екешеленіп отыр. Бұған қатысты «Барометр» зерттеу орталығының деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемдік бизнес сауда дүкендерін тонау мен ұрлық зардабынан 107 млрд долларға дейін шығындалып отыр. Мұндай сараптауға биыл 42 мемлекет қана қатысыпты. Дүкен ұрлығының көшбасында тұрған елдер Үндістан, Латын Америкасы, Австрия мемлекеттері. Сондай-ақ мамандардың пайымдауынша,  азуы айды білеген Америка да сауда жүйесіндегі ұрлық-қарлыққа тосқауыл қоя алмай отырса керек. Бұл зерттеуді ұйымдастырушылар «бір ғана сауда жүйесіндегі шығынның 42,2 пайызы дүкенді тонаудан болса, 35,3 пайызы дүкен қызметкерлерінің қолымен жасалған ұрлықтан болатынын» ашып айтып отыр. Қазақстан бойынша да ресми мәліметтер бүгінде дүкен сатушыларын өлтіріп кету, супермаркеттерді тонау үрдісі, ірі сауда орындарын өрт шалу оқиғалары, дүкен қызметкерлерінің ішінара қылмыс жасауы еселеп өсіп тұрғанын көрсетеді. 

Мадина Еспенбетова, «Барометр» зерттеу орталығының менеджері:
- Отандық шағын бизнестің ішінде сауда жүйесіндегі ұрлық-қарлықтың өсім беруі қауіпті нарсе. Өйткені кез келген саудаға араласқан адам саудадан өзіндік пайда көріп шаруасын дөңгелеткісі келеді. Ал ол ісінен тек қана шығын көретін болса, біріншіден, мемлекет қазынасы салықтан қағылады. Екіншіден, сауда иесі ісін жүйелей алмай әбігерге түседі. Сондықтан егер біз тұтынушылар мен сауда иелерінің арасындағы байланысты нығайтамыз десек,  сауда саласын «адал жолмен» дамытуға мән бергеніміз абзал. Кәсіпкерлеріміз дүкендерді халықаралық талапқа сай етуді ойластыруы керек. Дүкендерде бейнекамералар, бақылаушы таразылар, арнаулы білімді сатушылар болғаны жөн.  Дүкендердегі қызметкерлерінің жалақысын өсіру керек. Сонда олар ішінара қылмыс жасамайды.Тұтынушылар карточкалық төлем жүйесін тереңірек меңгеріп, олардың карточкалық төлем жасауына елде жағдай жасалуы қажет.
Міне, отандық бизнесте сауда-саттық саласына қатысты ұрлықтың көбеюін баса айтқан мамандар тарапынан осындай ұсыныстар айтылып отыр.

Құпия агент ұстайсыз ба?
Негізінен, әлемдегі абыройы келіскен кәсіпкерлердің мәлімдеуінше, болашақта шағын кәсіптегі табысты еселеп көбейту үшін әрбір бизнес саласына арнайы құпия агенттер  енгізу қажет. Егер  мұндай құпия агенттер аталмыш салаға бойлай енетін болса,  өнім өтімділігі артады, бизнестегі ұрлық-қарлық азаяды, бастысы –бизнестегі бәсекелестіктің көрігі қыза түспек. Жалпы, тарихына үңілсек, «құпия агенттері сонау ХVІІІ ғасырда-ақ жұмыстарын белсенді атқарған» деседі. Мәселен, сол кезеңдердің өзінде-ақ испанның атақты суретшісі Франсуа Аруэ өз өнімдерін өзгелердің шыққан туындысымен алдын ала салыстыру мақсатында арнайы құпия агенттер ұстапты.  Ал Испанияда сауда агенттерінің құпия сатып алушылар деп аталуында үлкен астар бар. Бұл ретте сауда агенттері дүкендерді ақшасыз аралай жүріп, тек киім-кешектерді қарап, өлшеу үшін киіп көріп, матасының сапасын сұрастырып, «мынау тауар секілді бірақ басқа түсті матамен болмаса түймесі басқасы бар ма?» деген тәрізді сұраулар салып, сатылымдағы өнімнің сапасын біледі. Әрине, олар осы ақпараттарды жинағаны үшін қомақты жалақы да алады. Құпия агенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – агенттердің есте сақтау және көру қабілеті жоғары болуы керек. Бұдан кейін ол өзін тым қарапайым ұстауы қажет. Сондай-ақ мұндай агенттер көпшілікпен тез тіл табыса алуы тиіс. Былай қарағанда құпия агенттерге қойылатын талап анағұрлым жоғары болып көрінбеуі де мүмкін. Бірақ сарапшылардың айтуынша, олардың бизнестегі ықпалы зор.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
– Бизнес саласында құпия агенттер ұстау Қытайда 90-жылдардың басында-ақ белсенді түрде белең алды. Қазір Қытайдың белді-белді мемлекеттік компанияларында мұндай жасырын агенттер бар. Бұдан соң осындай агенттер Украинада да баршылық. Ендігі кезекте Ресей құпиялы
агент қызметін жетілдіре түспек. Жалпы, шаруасын дөңгелетемін деген кәсіп иесі өз бәсекелестерінің ортасында «тыңшылық» үрдісін ұстауы бұрыннан келе жатқан үрдіс. Әрине, әр кәсіпкер өзінің құпиясын екінің біріне аша бермейді. Негізінен, бизнес әлемінде өзара ашық пікір алмасу, бизнестік құпиясын тәжірибелік ортаға салу деген – жабық тақырып. Сондықтан болар, мұндай агенттерге қазір кәсіпкерлер зәру. Оларды ұстау арқылы кәсіпкерлер бәсекелестерінің құпиясын біле алады. Ал құпиясын біліп алған соң бәсекелесінің жұмыс жоспарына қарсы қимылдау оған қиынға соқпайды. Мысалы, бұған дейін қандайда бір кәсіпкер келесі бір кәсіп иесінің бизнес-жоспарының бір бөлігін «үптеп» кетіп, тауарының макетін «қолды етіп» кетуі кәсіпте таңсық дүние емес. Ал құпия агенттерді ұстау арқылы қазір көптеген кәсіпкерлер бизнестегі сұғанақтықты азайтып жатқаны бар. Рас, бұл агенттерді қайсыбіреулер «сатқындық» деп те жатады. Бірақ ұрлық-қарлық жасаудан гөрі бәсекелесінің құпиясын  осылайша  білу тиімді ме деп ойлаймын.
    
Маркетингтік жүрісті меңгеру қажет
Абзалында, мамандардың дені «отандық бизнесте кәсіп иелерінің  сан соғып қалмауына, орынсыз қаржыны шашпауына ықпал ететін бір жайт бұл - маркетингтік жүріс» дейді. Яғни, қандайда бір кәсіп иесі өз кәсібінің  өзіне қаншалықты қажеттілігін тереңірек білсе ешуақытта желініп, аһ ұрып қалмайды. Мысалы, тақырыпқа орай біз тілдескен кәсіпкерлердің дені: «соңғы уақытта «ақша жоқ» деген сөз тіркесін жиі-жиі естуге тура келеді. Ақша, әрине бәрінде де бар, бірақ неге екені белгісіз, әйтеуір ешкімге жетпей жатады. Ақшаның жетіспеушілігі еңбекақысы төмен адамдарда ғана емес,  жалақылары әжептәуір адамдарда да кездесіп жатады. Сондықтан бізге заманға сай алданбауды, ұрлық-қарлыққа жем болмауды, ең бастысы маркетингті жүрісті үйренген абзал» деседі.
Ендеше бұл ретте біздің де кәсіп иелеріне айтарымыз  көңіліңіз тоқ, ақшаңыз үнемді болсын десеңіз, кез келген кәсіпке  араласарда сауатты болғаныңыз абзал.
 
 Түйіндейміз...
Жалпы, мамандар бизнестегі алдап-сулау мен ұрлық-қарлықтың қауіпті екенін қай кезде де баса айтады. Біреу бір нәрсе депті деп дереу ойға шому: қаражат қай валютада сақталған немесе ол дұрыс инвестицияланған ба, тек бұл ғана емес, сондай-ақ жаңалықтарды жіберместен тыңдау, теңге мен доллар бағамын қадағалау, банкке хабарласып, ең соңында көршінің айтқанына қатысты бір қап қант пен валюта сатып алуға жүгіру. Сөз жоқ, мұндай қаржы сауатсыздығы адамның алдын буалдандырады. Сондықтан біздің сарапшыларымыз бизнесте жүрген азаматтарға: жоғары кірісті ұсынатын мәліметтерге назар аудармастан, жеке қаражатыңызды күмәнді қолға сеніп тапсырмау қажеттігін, бизнестегі ұрылар мен алаяқтар сізді өз шырмауына түсіру мақсатында бір айтқанын он түрлі мысалдармен сипаттау арқылы артыңызға түсіп алатынын баса айтады.
  Сондай-ақ, қарыз алу немесе басқа да экзотикалық келісімшарттар арқылы қаражат табудан мүлде бас тартыңыз. Одан кейінгі бір байқайтын тұсыңыз, үлкен ауқымды жобаларға қатысатынын болсаңыз, аталған жобаларға қатысты қосымша ақпараттар мен рұқсат құжаттарын талап етуді де ұмытпаңыз. Сонымен «осы кеңесіміз сізге бір сәт ойлануға жол ашады» деп үміттенеміз. Жалпы, бұл тақырыпты қозғағандағы біздің мақсатымыз – ақша жүрген жерде сұғанақтық та қоса жүреді деп сізді сескендіру емес, керісінше, сіздің ісіңіздің оңға басуына, табысты болуыңызға ықпал ету  екенін есіңізге сала кеткіміз келеді. Абзалында, кәсібіңізді сұғанақ қолдан сақтау үшін бизнес әлемінде сенімді серіктес таңдағанда да шатаспау маңызды. Ендеше Алаш айнасы  отандық кәсіпкердің ісіне сәттілік, бизнесіне байыптылық тілей отырып, Бизнес әліппесінің келесі санында «Сенімді серіктес қайда бар» деген тақырыпты қозғауды жөн көріп отыр. Ал әзірге осымен аяқтай тұрамыз...

«Алаш айнасы» мұрағатынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста