Денсаулық экономикасындағы «әділетсіз» субсидиялау

Денсаулық экономикасындағы «әділетсіз» субсидиялау

Үдемелі жаһандану білікті мамандарға қол жеткізуде бәсекелестік тудырады. Анағұрлым «өтімді» мамандықтардың қатарына медицина қызметкерлерін жатқызуға болады. Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер, медбикелер және басқа да мамандар мансапқа жету және жаңа мүмкіншіліктерді іздеу мақсатында миграция мүмкіндіктерін пайдалануға тырысады. Әсіресе соңғы жылдары мұндай миграция деңгейі айтарлықтай өсіп келеді.
Әлемде денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің саны 60 миллионға  жуық. Оның үштен екі  бөлігі медициналық қызмет көрсетеді, ал қалған  бөлігі – әкім­шілік және көмекші қызмет атқаратындар. Бұл қызметкерлер болмаса, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізу, науқасты емдеу, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер оларды қажет ететін адамдар үшін қолжетімсіз болар еді. Әлемдік денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлер мен халықтың саны жағынан теңгерімсіздік айқын көрініс табады. Ал медицина қызметкерлерінің миграциясы осы сандық айырмашылықты одан әрі өршітеді.
Табысы жоғары елдерде кадрлық ре­сурс­тардың дайындығы жеткіліксіз мөл­шерде жүргізіледі және медициналық қызметкерлерге деген сұраныс үнемі өсіп отырады. Сондай-ақ бұл елдерде медици­налық-санитарлық қызметтерге сұраныс­тың өсуі  халықтың қартаюымен, қант диа­беті және жүрек-қан тамыры ауруымен ауы­ратындар санының өсуімен байла­ныс­ты.
Медициналық қызметкерлердің миг­рациялық үрдісіне сәйкес, барлық елдер негізгі екі топқа бөлінеді: бастапқы немесе тудырушы елдер (донор елдер) және қабылдаушы елдер (реципиент елдер). 
Миграция нәтижесінде бастапқы елдер мамандардың көп бөлігін дайындауды жү­зе­ге асырады, өз мамандарының мигра­ция­сын қолдайды және оны қамтамасыз етеді, экспорт саясатын ұстанады.
Өз кезегінде қабылдаушы елдер отан­дық денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерін лайықты жалақы және еңбек шарттарымен қамтамасыз етеді; отандық нарықты қорғау мақсатында жа­санды тосқауылдар жасайды; денсаулық сақтау саласын қолдайды; өтемақы жүйе­сін әзірлейді;  импорт саясатын ұстанады; бастапқы елдермен ортақ байланыс орна­тады; айналым миграциясының мәселе­лерін шешеді.
Миграциялық саясатта маңызды бағыт – мигрант-қызметкерлердің құқықтарын ескеру. Осы үрдісте маңызды рөлді жалдау ісімен айналысатын  жеке ірі агенттіктер және жіберуші елдер атқарады. Бұл ден­сау­лық сақтау саласында халықаралық бай­ланыстың өсіп келе жатқандығын біл­діреді.
Интеграция және жаһандану үрдісте­рінің аясында әлемдік еңбек нарығында маңызды өзгерістер байқалуда. Соңғы 30 жылдың ішінде көптеген еуропалық ел­­де денсаулық сақтау саласындағы миг­рант-қызметкерлердің саны жыл сайын 5 пайызға өсіп отырған. Қазіргі жағдайда әлемдік еңбек нарығында медициналық қызметкерлердің тапшылығы анықталған. Әлемдік еңбек нарығында жалпы медици­налық персонал тапшылығы – 4,3 млн адам.   Медициналық қызметкерлердің 86 пайы­зы шетелде – АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия сияқты ірі бес елде жұмыс атқарып жүргенде, әлем­нің 57 елінде қызметкерлердің жетіспеу­шілігі байқалады. Медициналық маман­дар үшін басты бәсекелестер: АҚШ, Ка­на­да, Жапо­ния, Австралия, Корея, Еуро­па елдері. Соң­ғы жылдары денсаулық сақ­тау сала­сын­да кадрлардың Еуроодақтың құрамын­дағы жаңа мүше-елдерінен Еуроодақ құрамындағы ескі мүше-елдерге ауысуы жиі байқалады. Денсаулық сақтау сала­сын­дағы миграцияның негізгі бағыты – Германия және Ұлыбритания. Бұларда мигранттар мемлекеттік құрылымдарда:   емханаларда да, үйлерге барып та жұмыс жасауға  келеді. Жалпы алғанда, Еуропа елдерінің ішінде өзара бәсекелес мемле­кеттер бар, олар:  Германия, Ұлыбритания, Франция және Швеция.
Еңбек миграциясының арқасында та­бысы төмен елдерге сырттан миллиардтап қаржы құйылады. Жағымды әсері – миг­ранттардың туыстарына жіберетін осындай қаражаты кедейшіліктің төмендеуіне себеп болады. Екінші әсері – денсаулық сақтау саласының қызметкерлері шетелде жина­ған мол тәжірибесін өз еліне әкеледі.
Алайда миграциялық үрдістердің негізгі кемшілігі  – «әділетсіз» субсидиялау. «Әділетсіз» субсидиялау – бұл кедей ел­дер­ден бай елдерге өтетін қаржылай транс­ферттер. Табысы жоғары елдегі ден­саулық сақтау жүйесі шетелде оқып келген дәрігерлер мен медбикелерге байланысты. Мысалы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде дәрігерлердің 20 пайызға жуығы – мигранттар.  Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты Парсы шы­ға­нағының кейбір  елдерінде денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің 50 пайызы – мигранттар. Ганадан келген меди­цина қызметкерлерін жалдау арқылы Ұлыбритания медперсоналды дайындау мен оқытуда 103 млн фунт стерлингті үнем­дейді. Жалпы алғанда, африкалық ме­дициналық персонал Ұлыбритания үшін 2,5 млрд фунт стерлингті үнемдейді. Мұн­дай субсидиялау денсаулық сақтау са­ла­сындағы  әлемдік  тепе-теңдікті бұзады, сондықтан өтемақы жүйесін қайта қарауды талап етеді.  Табысы төмен  кейбір елдерде денсаулық сақтау саласының жоғары мамандандырылған қызметкерлерінің 50 пайызға жуығы жұмысқа орналасудың анағұрлым жақсы мүмкіндігіне ие болу мақсатында басқа елге кетіп жатады.
Еске түсірсек, 2010 жылдың мамыр айында медициналық қызметкерлерді жалдау мәселесі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жаһандық кодексі қабылданды. Кодекстің негізгі мақ­саты – денсаулық сақтау саласының қыз­мет­керлерін тудырушы елдері мен қабыл­даушы елдері қызметкерлері мүд­де­лерінің әділ қатынасына қол жеткізу. Ден­саулық сақтау саласын еңбек ресурста­рымен қамсыздандыру дағдарысын бас­тан кешіп отырған елдерде еңбек ресурста­ры миг­рациясының жағымсыз сал­дарын жоюға ерекше көңіл бөлінген. Кодекстің негізгі қағидалары төмендегілерді қарас­ты­рады:
• Еңбек ресурсын сақтауға және шарт­тарды жақсартуға тырысатын, денсаулық сақтау саласында қызметкерлерге тапшы елдерге көмектесу;
• Денсаулық сақтау саласында тиімді саясатты әзірлеу мақсатында қызметкер­лердің әлеуетті миграциясын, нақты мәлі­меттерді пайдалануға негізделген монито­рингтеу үшін ғылыми зерттеулер мен ақ­па­рат­тық жүйелерге инвестициялар;
• Денсаулық сақтау саласы қызмет­кер­леріне деген қажеттілікті мүмкіндігінше ел ішіндегі еңбек ресурстарының есебінен қанағаттандыру: оларды оқыту, ұстап қалу және одан арғы қолдау.
Осы елде дайындықта болған денсау­лық сақтау қызметкерлері мен мигрант-қызметкерлердің тең дәрежелі құқықтарын қамтамасыз ету.
Кодекске сәйкес, еңбек ресурстарын тудырушы елдердің де, қабылдаушы елдердің де денсаулық сақтау жүйесі кадр­лардың халықаралық миграциясынан теңдей дәрежеде пайда көруі тиіс. Қабыл­даушы елдерге денсаулық сақтау саласы­ның кадрлық ресурстарын әзірлеу және оқыту бағдарламаларын қолдау және дамыту мақсатында тудырушы елдермен серіктесіп жұмыс істеу ұсынылады. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мүше-елдеріне денсаулық сақтау саласын­дағы мамандарға тапшы дамыған  елдер­ден қызметкерлерді белсенді жалға алу тәжірибесін қолданбау ұсынылады. Тен­ден­­цияларды едәуір тиімді монито­ринг­теу үшін медициналық мамандардың мигра­циялық ағымдары жайындағы мәлімет­терді жақсарту қажет.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің миг­рациясы еңбек нарығындағы денсау­лық сақтау қызметкерлерінің мобильділігі мен едәуір кең динамикалық өзгерістердің бөлігі болып келеді және саяси көзқарас тұрғысынан жеке өзі қарастырылмауы қа­жет. Осылайша денсаулық сақтау қызмет­керлерімен қамсыздандырылуға кез келген теріс әсерді төмендету мақсатында миграция үрдістерін басқарудың түрлі тәсілдеріне аса көңіл бөлу қажет. Берілген мәселеге кез болған елдер миграциялық үрдістерді реттеу бойынша арнайы шара­ларды қолдануы тиіс. Сол арқылы кадрлық саясаттың, денсаулық сақтау саласындағы жоспарлау мен тәжірибелік әрекеттердің тиімділігіне қол жеткізіледі, бұл өз кезегін­де кадрларға деген қажетті­лікті анағұрлым жақсырақ қанағаттанды­руға мүмкіндік береді.
Ләззат СПАНҚҰЛОВА, экономика ғылымының докторы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста