Денсаулық жеке табысқа байлынысты ма?
Кедейлік пен нашар денсаулық арасындағы байланыс ерте заманнан байқалған. Бұндай фактілер Ежелгі Греция мен Ежелгі Қытай хроникаларында көрсетілген, ал оның тәжірибеге негізделген толық сараптамасы XIX ғасырда Лондон мен Париждегі ғылым орталықтарында жасалған. Экономикалық даму өмір сүру ұзақтығының өсуіне әкелетін негізгі фактор болғанына қарамастан, өсу нәтижелері халықтың әр түрлі санаты үшін бірдей болмады. Зерттеушілер ең төменгі кедейлік деңгейі адамның денсаулығына біршама әсер етеді және адамдардың табысы мен олардың денсаулығы жағдайы арасындағы байланыс өспелі емес. Өмір сүру ұзақтығының өсуі табыстың өсуімен баяулайды деп санайды. Ұлыбританиядағы мемлекеттік қызметкерлердің денсаулық жағдайы туралы «Блэктің баяндамасында» жоғары жалақы алатын қызметкерлер арасында өлім-жітім деңгейі тек олардың ішіндегі ең бай топтарында ғана төмен болған. Ұлыбританияда азаматтарға тегін медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау қызметі құрылған. Адамның әлеуметтік мәртебесінің маңыздылығы өмір сүру ұзақтығында жиі байқалған. Бұл жаңалық денсаулықты сақтандыру жүйесі халықтың кедейшілігін жоя алмайтындығының дәлелі болды.
Табыс пен медициналық қызмет көрсету бағасы. Табыс және өлім-жітім деңгейі арасындағы тығыз байланысты ескерсек, өмір сүру ұзақтығын өсірудегі медициналық қызмет көрсету рөлі туралы сұрақ туады, себебі сапалы емделу үлкен табыспен байланысты. Мүмкін бұған сену қиын болар, бірақ медициналық қызмет көрсету өмір сүрудің орташа ұзақтығына әлсіз әсер ететіндігі дәлелденген.
Ұлыбританияда мемлекеттік денсаулық сақтау қызметін құру ең жоғары және ең төмен табысы бар адамдар арасындағы өлім-жітім деңгейіндегі айырмашылықты жоя алмады. Медициналық көмектің «Медикэр» атты мемлекеттік бағдарламасы тегін медициналық қызметке қол жеткізуде кедейлерді байлармен қатар қойған. Бірақ әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы өлім-жітім деңгейіндегі айырмашылық азаймады. 1900 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі кезеңде АҚШ-тағы тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне қатты әсер етпеді.
Көптеген зерттеулердің нәтижелері медициналық қызмет көрсету сапасы өмір сүру ұзақтығына қатты болмаса да біршама әсер еткендігін айтады. Медициналық қызмет көрсету тиімділігінен XX ғасырда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 47-ден 77-і жасқа дейін өскен.
1970-1980 жж. Африка құрлығындағы өлім-жітім деңгейінің үрдісіне қарасақ, медицина ғылымын дамыту қажеттілігі айқын көрінеді. Халықтың табысы азайған апатты бірнеше онжылдықтарға қарамастан, медицинадағы жетістіктерге байланысты Африкада орташа өмір сүру ұзақтығы мен жұмыскерлердің жұмыс істеу қабілетінің үнемі өсуі байқалған.
Жұмыскерлер өзіне жұмыс берушіден және мемлекеттен қоғамдық қауіпсіздік және медициналық сақтандыруды күтті. Көмір кендерінде жұмыс істейтін шахтерлер жоғары еңбекақы үшін жердің астында жұмыс істеуге келіскен. Содан кейін олар жұмыс талаптары қауіпсіздігін жоғарылату, өндірістегі бақытсыз жағдайлар және еңбекке қабілетсіздік үшін өтем төлеу туралы, сондай-ақ зейнетақыны қамтамасыз ету талаптарын қоя бастады.
1700 жылдары Англияда кейбір өндірістік кәсіпорын иелері өз жұмысшыларына денсаулықты сақтандыру қызметін ұсынған. Мұндай шарттар кәсіпорынды жұмыскерлер үшін біршама тартымды етті және олардың ұзақ және жақсы жұмыс істеуіне түрткі болды. Жұмыскердің еңбекке қабілетсіз болу немесе ауырып қалу тәуекелі енді тек жұмыскердің өзіне ғана емес барлық компанияның мойнына жүктелді. Жауапкершіліктің осылай бөлінуі жұмыскердің ертеңгі күнге және жалақы мөлшерінің өзгеруіне деген сенімсіздігін азайтты.
Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Шолпан Карлқызы ӨТЕЛБАЙ,
аға оқытушы.
Нархоз Университеті