Еділбай қойы неге ескерілмей жүр?

Еділбай қойы неге ескерілмей жүр?

Қай халық та өткеніне көз салады. Жақсысын асырады, жаманын жасырады. Біздің қазақтың да тамыры тереңде жатыр. Көне заманнан үзілмеген шежіреміз бар. «Көшпелі халықтың ұрпағымыз» дейміз. Бабалар сайын сахараны мекен етті. Жайлау төсін малға толтырды. Төрт түліктің бабын жасады. Оның ішінде қой малының орны бөлек. Өйткені түліктің осы түрі біздің байтақ даламызға сыймай, мыңғырып жатты. Қазір де сол тірліктің қазанын қайнатып жүрміз. Десе де, көкейге сауал кептеледі: біз қойдың қай тұқымын өсірдік? Бүгінде жер шарында Шопан ата түлігінің сан түрі бар. Ал қойдың қай тұқымы біздің ұлттық брендіміз екен? Тарихты парақтап қарасаңыз, Бөкей ордасында Еділбай қойы өсірілген деген деректер кездеседі. Ендеше, ол біздің қазақтың төл тұқымы десек те болады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл тұқымның сақталу жағдайы біздің көңілден шыға қоймайды. Ара-тұра болмаса, бұл тұқым көзге көп түсе бермейді. Осының кесірінен болар, қазіргі жас ұрпақтың Еділбай қойы туралы білетіндері кемде-кем.
Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан қой өсіруден алдыңғы қатардан көрінді. Қой саны жөнінен алдына тек Ре­сейді салатын. Елімізде 35 млн басқа дейін қой бағылды. Әйтсе де олардың басым бөлігі қаракөл шаруашылығы болды. Яғни елтірі үшін өсірілді. Кезінде олар қымбатқа бағаланды. Мыс-мыс ақша қалтаға түсіп жатты. Өкінішке қарай, қазақтың ежелден келе жатқан Еділбай қойы көзден таса қалып жататын. Жекенің қолында болмаса, іргелі шаруашылықтарда көп кездесе бер­мейтін. Бәлкім, құр ақпар қуған заманда оған көңіл бөлген ешкім де болмаған шығар. Әрине, өзіміздің құндылыққа мұ­рын шүйіретін кезең еді ғой. Мәскеудегі атқамінер адамдардың ақ дегені – алғыс, қара дегені қарғыс болып саналатын. Ал олар біздің ұлттық бағалы байлықтарға немкетті қарайтын. Еділбай қойының саны сондай салқын көзқарастың салдарынан көбейе қойған жоқ.
Кезінде еліміздегі Шопан ата түлігінің 80 пайызға жуығы қаракөл қойы болған екен. Жалпы, елімізде 15 қой тұқымы бар. Яғни қалған бөлігін сол қой тұқымдары құраған. Сонда Еділбай қойының үлес салмағы қандай болғанын таразыға тарту ешкімге қиынға соға қоймас. Біз ұлттық мақтаныш болатын оған өз деңгейінде көңіл бөле алмадық. Осының салдарынан оның санын арттыруға ешкім дендеп кірісе қоймады. Ұлттық брендіміз тасада қалып қойып жатты. Қазір де қойдың бұл тұқымы өте аз кездеседі. Ертеңімізді ойласақ, атал­мыш мәселеге селқос қарауымыз дұрыс болмайды. Біздің қолымызды кім қағып отыр? Осы мақсатта неге жүйелі жұмыс жүргізуге құлықсыз кейіп таныта­мыз?
Ғалымдардың айтуынша, Еділбай қо­йы­ның пайдалы тұсы аз емес. Ол әлемде жоғары бағаланады. Біріншіден, бұл тұқым салмағы жөнінен алдыңғы орынға шыға­ды. Жылдам өсіп-жетіледі. Қозысының өзі көп-көрім ет береді. Үш-төрт айдың өзінде қозы 35-40 келі салмақ тартады. Қойдың өзге тұқымында мұндай еттілік бола бер­мейді. Қазіргі таңда еліміз ет өндіру сала­сы­на бетбұрыс жасап жатыр. Бұл ба­ғытта арнайы бағдарлама қабылданған. Біз үшін ет рыногына өз өнімдерімізді шығару өте тиімді болып тұр. Алысқа бармай-ақ қоя­лық, көршілес Ресей жыл сайын 1,5 млн тонна етті мұхиттың арғы жағындағы Ла­тын Америкасынан тасымалдайды. Әлем­де де ет өндірісі өз деңгейінде емес. Ет адамзат баласының күнделікті асының бір бөлігін құрайды. Мамандар бүгінгі таңда бұл қажеттілік екі есеге кем өндіріледі деген деректерді тілге тиек етеді. Негізінде, адам басына жылына 90 келі ет керек. Ал бізде бар болғаны адам басына шаққанда 40-45 келіден ет өндіріледі. Біздің Еділбай қойының санын көбейту арқылы сол олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндігіміз бар. Оған қоса қойдың бұл тұқымы етті-майлы болып келеді. Нәрлі астан ешкімнің тартына қоймасы тағы да белгілі.
Нұрман ЖҮНДІБАЕВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы:
– Расында, ежелден біздің халықпен етене болған Еділбай қойының кезінде көзден таса қалып қойғаны жасырын емес. Әрбір халықтың өзіне тән қой тұқымы бар. Мәселен, славян халқының романовск, америкалықтардың линкольн деген қойлары бар. Біздің Еділбай олардан бір мысқал да кем түспейді. Оны ұлттық бренд есебінде бағалауымыз тиіс. Қазір елдің арасында оған көңіл бөліп жүрген адамдар баршылық. Дегенмен әлі де іргелі шаруашылықтар кемде-кем. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан тиісті деңгейде назар аударылғаны дұрыс болар еді.

Адамзат баласы қой малын есте жоқ ескі заманнан қолға үйреткен. Кейбір дерек­терде оның осыдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілгені айтылады. Сол заманда біздің жерімізді мекен еткен бабаларымыз қойға көңіл бөлген екен. Бір сөзбен айтқанда, біздің халқымыз үшін түліктің бұл түрін өсіру таңсық шаруа емес. Алайда ауыздыға сөз бермей, өзімізді төрт түлікті түлеткен ұлттың ұрпағымыз деп кеуде кергенмен, оның бағасына жетіп, қамқорлық жасауға келгенде жүзімізді жасыруға тура келетіндігі жасырын емес. Ұлттық брендке айналар құндылық ұмыт қалып қоймай ма деген сауал мазалайды бізді.
Бүгінгі таңда қазақы қой тұқымдарын сақтауға өз деңгейінде көңіл бөлмесе болмайды. Әйтпесе күні ертең Еділбай қойын тек суреттен көріп қалуымыз ғажап емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста