«Егінжай» шаруаның көңілін жай қылып келеді

«Егінжай» шаруаның көңілін жай қылып келеді

Егістік кезінде ел фермерлерінің біраз қиыншылыққа тап болатыны жасырын емес. Олардың бірі – қаржының тапшылығы. Әсіресе шағын шаруа қожалықтары ақша жағынан жиі қиналып жатады. Себебі банктен ірі сомада несие алуға мүмкіндік беретін кепілзат жоқ. Дегенмен соңғы жылдары бұл мәселені «Егінжай» бағдарламасы барынша шешуге тырысып келеді. Өткен үш жылдың ішінде осы бағдарлама аясында 600-ге жуық шағын шаруа қожалығына 1,2 миллиардтан астам теңгенің несиесі берілді.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының бастамасымен қолға алынған осы бастама биыл да жалғасуда. Несие бе­ру шарттары өзгерген жоқ: 200 мың – 3 млн теңге көлеміндегі сома екі жылға дейін беріледі, жылдық сыйақы мөлшері – 12 пайыз, ал бір жылдың тиімді сыйақы мөл­шерлемесі 12,86 пайызға дейін жетеді. Ке­пілдікке меншіктің кез келген түрі қабыл­данады: жер телімдері, ауылдағы үйлер мен қоралар, астық, қолхат бойынша өсім­дік өнімдері, екінші деңгейлі банктердің кепілдігі және тағысын тағылар. Әрине, несие алушыларға тиісті талаптар да қойы­лып отыр. Ең бастысы, өтініш берілген күн­ге дейінгі үш айда салық және бюджетке тө­­ленетін басқа да төлемдер бойынша мер­зімі өткен берешек болмауы шарт. Сондай-ақ осы уақыт аралығында екінші деңгейлі банктер және басқа да қаржы институттары алдында да несие алушының қарызы болмауы тиіс. Бұдан басқа егістік жер­лер­дің меншік иесі екенін растайтын құ­жатты, оның ішінде бірлесе жұмыс істеу ту­ралы келісім­шартты, соңғы үш жылда нақты егін егілген жерлер мен одан алынған өнімнің көр­сеткішін ұсыну қажет. Ал берілген несиені бақылау үшін екінші деңгейлі банк­терде қосымша арнайы есепшот ашу мін­деттеледі.
Медет ТОҚПАЙ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелеу департаментінің директоры:
– «Егінжай» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 1,2 млрд теңгенің несиесі берілді. 2011 жылға дейін біз 14,8 млрд теңгеге 63 мың шағын несие бердік. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыс­тарының шағын шаруа қожалықтары осы бағдар­ламаға белсенді түрде қа­тысып отырады. Былтыр көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 318 шаруа несие алды. Биыл қар­жыландырудың осы бір тетігі бойынша 145 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушід­ен өтініш түскен. Ол өтініштердің 139-ы қа­был­данып, осы уақытқа дейін 115-і ма­құлданды. Ал 86 шаруа қожа­лығы бүгінде жалпы сомасы 221,5 млн теңгенің не­сиесін алып үлгерді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста