Экспорттық әлеует артады

Экспорттық әлеует артады

Бүгінде еліміз бойынша каустикалық сода керекулік «Каустик» АҚ-да ғана шыға­рылады. Бұл зауыт - еліміздегі заманауи мембраналық әдіс арқылы химиялық өнімдерді шығаратын бірден-бір кәсіп­орын. Ал хлор және каустикалық сода өндіретін зауыт мемлекеттік үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы іске қосыл­ған болатын.
Биылдан бастап бұл кәсіпорын толық жобалық қуатына көшті. Бір жылда 30 000 тонна каустикалық сода, 10 000 тонна шамасында хлор және 45 000 мың тонна тұз қышқылы өндіріледі. Сондықтан зауыт басшылығы болашақта өндіріс көлемін ұлғайтып, қуатын тағы 60 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.  
«Каустик» АҚ аясында Елбасының Жар­лығы бойынша құрылып жатқан «Павло­дар» атты еркін экономикалық аймақтың жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жер көлемі 3300 гектар алқапты алып жатқан бұл аймақ – әлемде бірегей жобалардың бірі болып саналады. Еркін экономикалық аймақтың құрылуы өзімен бірге көптеген игіліктерді ала келмек. Мысалы, жобаның жүзеге асырылуының бастапқы кезеңінің өзінде жаңадан 2656 жұмыс орны ашыла­ды деп күтілуде. Аймағымыздың экспорт­тық әлеуметі артпақ. Жобаға қатысушылар ретінде 43 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бүгінде оның 21-і жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Ерлан ОРЫМБЕКОВ, «Каустик» АҚ-ның басқарма төрағасы:
– Бүгінде біздің өнім зор сұраныс­қа ие. Еліміздің «Қазатомп­ром», «Қазақ­стан алюминийі» АҚ, Өскемен­нің титан-магний комбинаты, Үлбі метал­лургиялық зауыты сияқты басқа да ал­п­ауыт өнеркәсіптік нысан­­дарын қажетті химиялық өнім­дермен қамтамасыз етіп отыр­мыз. Және ел нарығындағы хлор өні­міне деген сұранысты толық қана­ғат­тандырып отырған жайымыз бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста