Ел жел энергиясының қызығын қашан көреді?

Ел жел энергиясының қызығын қашан көреді?

Өркениетті елдерге барғанда біз көп нәрсеге таңғаламыз. Ондағы өнертапқыштар талай тың жаңалықты өмірге енгізді. Тіпті олар желді де, суды да, ауаны да кәдеге жарата біледі. Бізде олай емес. Қолда бардың пайдасын көре алмай жүрген жайымыз бар. Соның бірі – екі күннің бірінде өрекпіп соғып тұрған жел. Оған еш таңғалмаңыз, кәдімгі жел де көзін тапқанға қыруар қаржы кіргізеді екен. Қазақ даласы желден кенде емес. Оның түр-түрін кездестіруге болады. Қазір ғалымдар жел энергетикасы жайында жиі әңгіме қозғайды. Бұл сала жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысады. Негізінде, жел энергиясын халық шаруашылығына тиімді пайдалануға әбден болады.
Құдайдың қарасқаны шығар, кең-байтақ даламызда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және молынан өндіруге мол мүмкіндік бар. Еліміздің түгелге дерлік өңірінде жел қысы-жазы соғып тұрады. Энергетика саласының мамандары оның басқа энергия көздерінен экологиялық және эко­номикалық тиім­ділігін айтады.
Өкініштісі, біз бүгінге дейін бейғам болып келдік. Қарапайым жұрт оны естіп-білген де жоқ. Құлағымыз шалғанда «апырмай, желдің де игілігін көруге болады екен ғой» деп айдан түскендей бол­ғанымызды несіне жасырамыз?
Алдымен оған неге мән бермей келдік? Соған тоқталып көрелік. Шындығында, біз де техникалық пәндерге онша мән бермей келдік. Соның салдарынан физика, химия секілді пән­дер мектепте дұрыс оқытыл­майды. Кез келген жағдайда ұтылып жата­мыз. Бір сөзбен айтқанда, біз де осындай тың салалар бойынша жаңалық ашқан адамдар қатары аз. Өзге елден көргенді жасауға тура келеді. Бұл шындық. Бірақ мойындағымыз келе бермейді. Оның зиянын да көріп келеміз.
Қашаннан да кісідегінің кілті аспанда болады емес пе? Олар білгенін тегіннен-тегін үйретпейді. Қомақты қаржы сұрайды. Амал жоқ, алақанына сұраған соманы салуға мәжбүр болатының ақиқат. Құрал-жабдығы да қымбат. Әйтеуір, қолдан келгенше бұлданып бағады.
Сонымен не керек, бүгінгі күндері біз­дің еліміз де жел энергетикасына ерек­ше мән беріп отыр. Аталмыш энергетика қон­дырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Оны тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет саналады. Осы мәселенің қыр-сырына қанық республиканың шы­ғыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақ­та­рында су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп электр энер­гиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су, керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.
Боранбай ТҰРБАЕВ, физика ғылымының кандидаты:
– Бұл әңгіме көп жылдан бері қозғалып келеді. Өкініштісі, оған енді-енді ғана мән беріп отырмыз. Әрине, біздің еліміздің ауа райы түрліше. Ерекшелігі – біз қысы-жазы желге кенде емеспіз. Қазақстанның қай аймағына барсаңыз да, оған ешбір зәрулік жоқ. Десе де, енжарлықтан болар, бүгінгі күнге дейін оның қадірін білмей келдік. Мәселен, Алматы облысында Же­тісу қақпасы деп аталатын жер бар. Бұл ай­мақтың өзіндік ерекшелігі бар. Онда Нуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасы кездеседі. Оны ғалымдар Орта Азиядағы жел полюсі деп те атайды. Жетісу қақпасы екі таудың ең тар жерінде орна­ласқан. Ені – 10-12, ұзындығы 80 ша­қы­рымға жуықтайды. Оны табиғи аэро­динамикалық құбыр деп бағалайды. Жел ерекшелігін зерттеген ғалымдар одан электр энергиясын өндіру тиімділігі зор екенін тілге тиек етеді. Жоңғар қақпасы маңында қыс айларында желдің бағыты оңтүстік және оңтүстік-шығыстан болады. Керісінше, жазда ол солтүстік пен солтүстік-батыстан соғады. Оның орташа жылдам­дығы секундына 6,8-7,8 метрді құрайды. Негізінде, жел стансылары секундына 4-5 метрден соққан жел арқылы энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және қоршаған ортаны лас­танудан сақтап қалуға мүмкіндік бе­реді.  Қысқасы, бұл орайда ешбір қиындық туа қоймайды. Дегенмен біз оны әлі өз пайдамызға жарата алмай отырмыз. Осындай жағдай Сыр бойында да кездеседі. Біздің облыста да жел жиі болып тұрады. Алайда әлі күнге дейін оның пайдасын көрген жоқпыз. «Жасыл эко­номикаға» арқа сүйегіміз келсе, осындай нәрселердің барлығын ескеруіміз тиіс.

Рас, бізде кейбір өңірлерде жел диірменді пайдаланып жүрген адамдар баршылық. Алайда олардың саны көп емес. Сондықтан бұл орайда біз тереңнен ойланғанымыз артық емес. Қазақстанда энергия көздері тапшы екені белгілі. Осыған орай оның баламалы жолдары іздестірілуде. Жел энергиясы соның негізгі көзінің бірінен саналады.
«Қалауын тапса, қар жанады» деген сөз бар қазақта. Өкінішке қарай, бізде қаншама мүмкіндік бола тұра, орайлы істің оңтайын келтіре алмай жүрген жайымыз бар. Жел энергетикасы сондай олқылықтың бірі саналады. Дүниежүзінде бұл бағыт­тағы істер қаншама жылдан бері қолға алынып қойған. Алайда ол бізде енді-енді ғана басталып отыр.
Алдағы уақытта жер бетінің халқы қазіргіден де өсе түспек. Сонда электр энергиясына деген сұраныс қазіргіден де асады. Жел энергетикасы соған бағыт­талған жұмыстың бірі екені белгілі. Біз бүгінгі күндері энергия көздерінің бір бөлігін сырттан тасымалдап жатырмыз. Соған қарамастан, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана алмай келе жатырмыз. Бұл қашанға дейін созылады? Бейғам қалпы­мыздан қашан арылар екенбіз?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста