Элеватордағы астықтың есебін ешкім білмейді

Элеватордағы астықтың есебін ешкім білмейді

Жалпы, Қазақстан бо­йын­ша айтар болсақ, өткен жылы қой­­малардан 2 млрд 3 млн тең­­генің 57 272 тонна астығы қол­­ды болыпты. Ал үс­ті­міздегі жыл­дың басынан бергі үш ай­дың ішінде 84 923 тонна (!) ас­тық­тың орнын сипап қа­­лыппыз. Бұл - 3,4 млрд тең­­генің өнімі. Астық өнім­дері та­­лан-тара­жы­на қатысты мә­­­ліметте Шы­ғыс Қазақстан об­­­лы­сы­ның «Пред­горненский эле­­ватор», «Бе­льа­гачинский»,  Сол­түстік Қа­­зақ­­станның «Ас­­тық қой­ма­лары» кәсіп­орын­дары мен  Ба­тыс Қа­зақ­стан­­­­ның «Пе­реметненский эле­­ватор» се­ріктестігі және Қос­­­та­най­да­ғы «Элеватор Аг­­рофуд»  ЖШС қара тізімге ен­­ген. Айта берсе, тізім ұзақ. Бі­­­рақ ма­ңыз­дысы – олардың бар­­лы­ғы­ның ат­тарын атап шы­ғу емес, олар­­мен күресті қалай кү­шей­ту.
Құзырлы саланың  жіті бақылауынсыз  қалған  астық қоймаларында орын алған қыл­мыстық оқиғалар соңғы жылдары өр­шіп тұрса керек. Өзге маңызды істермен жұ­мысбасты жүрген Үкімет қойыртпағы көп қоймаға бас сұқпаса болмайтынын ен­ді біліп жатыр.
ҚР Ауылшарушылық министрлігі бас­та­масымен құқық қорғау органдары астық қа­былдайтын кәсіпорындар бас­шы­лық­тарына қатысты қылмыстық іс қозғады. Об­лыстық инспекцияның астық инс­пек­торларының қаржы полициясымен бірге өткізген жоспардан тыс тексерулері кезінде әшкере болған заңсыз деректер құқық қорғау органдарына жіберілді.
Жазаға тартылатындар саны оннан асып жығылады. Құзырлы министрлік та­рат­­қан мәліметке сенсек, өздерін құдды бір ұмыт қалғандай сезініп жүрген кә­сіп­орын­дар сеніп тапсырылған астықты жым­қырудың тиімді жолдарын жасап алғанға ұқ­сайды. Алайда ұрлығымыз ашылып қа­лады деп ойламаған, сірә. Ал сезік қайдан ту­ды? Орақ науқаны кезінде диқаншылар би­дайды қайда сыйғызарын білмей жан­таласып жатады. Жылда солай. Ал егін шық­пайтын кезде қоймада тұрған ас­тық­тың орны опырылып түсіп, нәтижесінде би­дай бағасы қымбаттап кетеді. Осыдан ке­йін сезіктенбей көр. Қоймадағылар бол­са, «астықтың тұрғаны сатылып, орнына бас­қасы келіп жатқанда біздің не істеп, не қо­йып жатқанымызды ешкім білмей қа­лады» деп ойлайды. 
Ма­мандардың ойынша, заңға қайшы әрекеттің осы түрінің  сары желіспен белең алуы Қазақстан Республикасының «Мем­ле­кеттік бақылау және қадағалау туралы» За­ңының солқылдақтығынан. Жауапты са­ла «заңға сәйкес, біз бидай қабылдайтын кә­сіп­орындарды алты айда бір рет қана тек­сере аламыз», – дейді. «Мұндай жос­пар­лы тексеруді көбірек жүргізсек, жағдай осын­ша ушықпас еді» деп санайды олар. Сол себепті де ҚР Ауылшарушылық ми­нистр­­лігі қолданыстағы «Мемлекеттік ба­қы­лау және қадағалау туралы» Заңына өз­­ге­ріс ен­гі­зуді сұрайды. Сөйтіп,  бидай қа­­былдайтын кә­сіпорындарды бұ­рын­ғы­дай жылына екі рет емес, айына бір рет тек­сер­мек. Шы­ны­мен де, астық нары­ғын­дағы осындай қатаң ба­қылаудан кейін, бәл­кім, жағдай түзелетін шығар. Қазіргі кез­де бұл заң жобасы ел қалаулыларының талқылауында жатыр.
Жалпы, құзырлы министрлік қазіргі кез­­­де жаңа заң жобасын жасау үстінде. Тол­­­ғағы жетпеген бұл заңның қағидасы «мұн­­­дай проблеманы кешенді шешу үшін ас­­тық қабылдайтын кәсіпорындардың қол­­­дарында астық қолхаты барлар ал­дын­да­ғы азаматтық-құқықтық жа­уап­кер­ші­лігін міндетті сақтандыру керек» дегенге сая­ды.
Осы тұста астық қолхатына қысқаша тоқ­­тала кетсек дейміз. Өйткені астық та­лан-таражын болдырмауда астық қол­ха­ты­ның рөлі айрықша. Негізі, астық қолхаты Қа­­зақстанда тәжірибеге 2003 жылы ен­гізілген болатын. ҚР «Астық туралы» За­ңында астық қолхатының қалай жұмыс іс­тейтіндігі, қандай заңдық күші бар екен­дігі көрсетілген. Заңда «Қазақстан Рес­пуб­ли­­­ка­сы­ның астық туралы заңнамасын бұ­зу Қа­зақ­стан Республикасының заң­да­рында бел­гіленген жауаптылыққа әкеп соғады» деп де жазылған. Алайда ма­ман­дардың айтуынша, еліміздегі астық қолхаты институтын әлі де жетілдіру керек. Ал қа­зір­гі жүйесі пісіп-жетілмеген. 
Астық қолхаты институтын дамытудың ең тиімді жолы – электронды жүйесін ен­гі­­зу. Бұл мәселе де қазір басты назарда тұр.  Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы ми­нистр­­лігінде өткен брифинг барысында Аг­роөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инс­пекция комитеті төрағасының орын­ба­сары Алмабек Марс мәлімдеген еді.
«Астықты қабылдау қоймаларындағы жиі орын алып отырған заңға қайшы әре­кет­тердің алдын алу,  болдырмау мақ­са­тында қолданыстағы заңға бірқатар өз­ге­ріс­тер енгізу қажет. Атап айтқанда, элек­­­тронды астық қолхаты институтын заң жү­­зінде бекітіп, оны айналымға енгізу ке­рек. Бұл – Қазақстандағы астық на­ры­ғын­дағы оң қадам болмақ. Біз тек солай ғана қам­бада қанша астық сақталып жатқанын нақты қадағалай аламыз. Бұдан бөлек, міндетті сақтандыру туралы заңға астық қолхатын ұстаушылардың алдында аза­мат­тық-құқықтық жауапкершілікті арт­тыруға бағытталған нормалар қаралатын бо­лады. Бұл заң жобалары қазір тал­қы­ланып жатыр», – дейді төрағаның орын­басары А. Марс.
Бұдан басқа, комитет өкілі жергілікті жер­­лерде астық қабылдау кәсіп­орын­да­рынан көлік және теміржол жолдарымен ас­­тықтың тиелуін бақылайтын тиісті штаб­тар құру туралы Үкіметке ұсыныс жол­да­ған­дарымен де бөлісті. Ондай штабтың құ­­рамына кіретін құқық қорғау органы қыз­­меткерлері мен облыс әкімдіктерінің өкіл­­дері кәсіпорындардан шығарылатын ас­тықтың заңдылығын да бақылайтын бо­лады.
Мамандардың барлығы дерлік «астық қолхаты институтын дамыту керек» деген пікір жағында. «Егер астық қолхаты кеңінен қолданылса, диқандардың астығы банктегі депозиттей сенімді сақталады, тіпті бірден биржаға шығаруға мүмкіндік алар еді, әрі астық айналымында заманауи жүйе қалыптаспақ» дейді олар. 
Астық нарығын реттеу, оның қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту қажеттігі қазір өзекті бо­лып тұр. Экономика ғылымдарының док­­торы Тоқтар Есіркепов болса,  былай дейді:
– Әрине астық қолхаты жүйесін қол­дай­­мын. Оның қолданысын, мейлінше, ке­­­ңей­ту керек. Алайда мұнымен бар мә­се­ле ше­шіле қоймайды. Қамбалар, негізі, эле­ва­­тор және астық қабылдап алу кәсіп­орын­­дары деп екіге бөлінеді. Сонау 90 жыл­­­дар­дың бас кезінде соның барлығын үкі­мет же­кешеге өткізіп жіберді. Оған ма­ман­­дар­дың басым бөлігі қарсы тұрды. «Олай жа­сау­ға болмайды, жартысын мем­ле­кеттің құ­зырында қалсын» деген ұсыныс ай­тып едік, ешкім тыңдамады. Енді сол қа­теліктің зар­дабын шегіп жатырмыз. Ас­тық қа­был­дау орындарының біразы шал­ғай ауыл­дар­да орналасса, жартысы қала ма­ңында. Сол сырт жатқандарды жекеге өт­кізіп,  те­міржолдар бойында ор­на­лас­қан­дарды стра­тегиялық нысан ретінде үкі­мет­тің мен­ші­гінде қалдыру керек еді. Алай­да министрліктің халықаралық тә­жі­ри­беге жүгінуіне тура келді. Нақтырақ айт­сам, Халықаралық валюта қоры мен Бүкіл­әлем­­дік банк бізге «олардың барлығын же­ке­­ше­лендіруге тиіссіңдер» деп шарт қой­ды. Әйт­песе «жүйелі несие бермейміз» деп сал­ды. Ал жүйелі несие реформа жүр­гізу үшін, яғни Қазақстанға жекешелендіру ре­­фор­масын енгізу үшін керек болды.
«Азық-түлік келісімшарты кор­по­ра­ция­сының» функциясын да өзгерту керек. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Қысқасы, аталған кор­порацияның бір-біріне қарама-қайшы келетін міндеттері де астыққа қатысты түрлі заңбұзушылықтардың  орын алуына әсер ет­пей қоймайды. «Азық-түлік келісімшарты кор­­порациясы» –  коммерциялық құ­ры­лым. Сол себепті де олар үкіметтің мүд­де­сін емес, негізінен, қай жерден қалай та­быс та­буды көбірек ойлайды. Менің ойым­­ша, оларды таратып, арнайы агенттік құ­­ру керек немесе мәртебесін өзгертіп, оны қормен алмастыру қажет сияқты. 
Сонымен қатар қолданыстағы заң­дар­дың орындалуын қадағалау керек. Әй­т­пе­се бізде талай заң бар, бірақ оған ба­ғын­ғымыз келмейді. Бізде 23 миллион тонна ас­тық сақтайтын мемлекеттік элеваторлар мен  астық қабылдау пункттері болатын. Бұл – шалғай ауылдардағы кішігірім қамба­лар­­ды қоспағандағы есеп. Қазір 12 мил­лион тонна астық сақтайтын орын ғана қа­лыпты. Сонда қалғаны қайда? Жекеге өтіп, басқа мақсатқа пайдаланылуда. Сұ­рау деген бар емес пе? Үкіметтің ба­лан­сын­­да бар-жоғы алты элеватор қалды. Бар­­­лығын болмаса да, стратегиялық нысан са­­налатындарын үкіметтік құзырына өткізу ке­рек.
Ерте көктемнен қолына кетпен алып, ала жаздай тер төккен диқандар астық жи­нау науқаны аяқталар шаққа сүрініп-қабынып әрең жетеді. Алайда жиған-тер­ге­нін қамбаға өткізгеннен кейін олар­ды салы суға кетіретін сергелдең кү­тіп тұрады. Мұндай табанынан сары­лу­дың қиындығы – олар үшін көктем, жаз, күз ай­лары кезінде алқапта түнеп, тер тө­кен­нен де ауыр. Тер төгілсе – ол адал еңбектің кер­мек дәмі ғой. Ал «біреудің несібесін қа­лай бө­ліссем екен» деп жан-жақтан ан­та­­ла­ған­дармен арпалысқандары, шы­ны­мен де, аянышты. Тіпті соттасып та, әділ­дікке қол жеткізе ал­май­ды. Ди­қандардың арасында астығын өзі сақ­тай­мын деп, оның сапасын тө­мен­детіп ала­тындары да бар. Иә, диқандар ба­сына түскен мұндай көлденең қиындықтарды енді мемлекет деңгейінде шешпесе болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста