Елге септігі тиген серіктестік

Елге септігі тиген серіктестік

Бүгінде аудан, ауылдарда өндіріс орны ашылса алдымен ауылдағы ағайын қуанады. Өйткені жаңа жұмыс орны ашылып, екі қолға бір күрек табатындардың қатары артады.
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданында «Аманкелді» ЖШС-і гектарлаған жерге бидай егіп, мол астық алып келеді. Тек егін егумен ғана айналыспай алма, жүзім бауларын да жайқалтып отыр. Әрине қытайдың құрт жемейтін алмасынан әбден зәрезап болғандар енді өзіміздің өнімімізді тұтынып бір жырғап қалды. Ересек адамның қос жұдырығындай үлкен алма расында отандық өнім болған соң ба дәмді, әрі нарықтағы бағасы да арзан.

Серіктестіктің ең басты артықшылығы аудан халқын жұмыспен қамтып, әлеуметтің әлеуетін көтеруге барынша қолдау көрсетіп келеді. Аудандағы бос жатқан жерлерді игеріп, Қазығұрт және Айкөл елді-мекендерінде МТС-тер ашып, шаруаларға көмек көрсетуде. Ауыл жанынан наубайхана ашып, тұрғындарды арзан өніммен қамтамасыз етуде. Бұған әсіресе ауыл халқы қуанулы. Қалаға сабылып жұмыс іздемейді. Ауылда, еңбек етіп, нәпақаларын тауып отыр. Серіктестік өнімімен өзіміздің ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан елдеріне экспорттауда. Аудан ғана емес облыс экономикасын көтеруге көптеп септігі тиіп жатқан серіктестік алдағы уақытта егістік көлемін 50000 гектардан арттыруға күш салуда. Бұл дегеніңіз әрине жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Облыстағы ірі бизнесмендер әр ауданнан осындай елге септігі тиетін осындай серіктестік ашып, халықтың жағдайын көтеруге жұмыс істесе әлеуметтік мәселе болмас еді-ау.
saq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста