Энергия үнемдеу саясаты аймақтарда да бақыланатын болады

Энергия үнемдеу саясаты аймақтарда да бақыланатын болады

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу саясатын іске асырудағы үлесін бағамдап, баға беріп отырмақ. Бұл туралы «Қазақстанның жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз мәслихаты барысында егжей-тегжейлі әңгіме болды.
Өкілетті министрліктің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі басқармасының бас­тығы Әлібек Қабылбай: «ендігі кезекте жаңа­дан бой көтерген ғимараттардың барлы­ғы энерготиімділігі бойынша жікте­летін болады. Ғимарат жобаларын энер­гия­ны тұтыну көрсеткіштері мен қасиет­те­ріне қарай жасауға мүмкіндік туады. Энер­гоаудитті, энергия үнемділік сарап­та­масын жүргізудің тәртібі мен әдістемелік нұсқаулықтары, жалпы қағидалары бекі­тіл­ді. Биылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға энергия үнемдеу саясатын іске асыру бойынша баға беретін боламыз», – дейді. Оның айтуынша, биыл мемлекеттік энергетикалық тізілім құру қолға алынбақ. Мұнда 2000 өнеркәсіп пен 28 мың бюд­жет­тік мекеме тіркеледі деп жоспарланған. Тізілімнің соңғы тобына мектеп, емхана, ауру­хана сынды әлеуметтік нысандар кірмек. Осы тұрғыдан келгенде, тізілімге енген мекемелердің барлығында дерлік энер­гия үнемдеуді және тиімділігін артты­руға бағытталған кешенді жоспарлар қабыл­дауы міндеттелінеді.
Ғалым ӘМІРЕЕВ, Қазақстанның жоғары тех­нологиялық, энергия тиімді және инно­ва­циялық компаниялар қауымдастығының президенті:
– Энергия үнемдеудің тиімділігін арт­тыру көп көлемде инвестицияны қажет етеді. Сондықтан Елбасының «Энергия үнемдеу – 2020» бағдар­ла­ма­сы шағын және орта бизнес субъек­ті­леріне көмек көрсетуге бағытталған. Бұл ретте энергия үнемдеу шараларын екінші дәрежелі банктер арқылы неси­леу мәселесі талқылануда. Сон­дай-ақ құны 40 млн теңгеден асып жығылатын энергия ресурстарын қажет­сінетін ұйымдарға энергоаудит өткізу міндет­теледі. Заң бойынша энерго­аудит 2013 жылдың жаз мез­гіліне дейін өткізілуі тиіс.

Әлібек ҚАБЫЛБАЙ, ИЖТМ Энергия үнем­деу және энергия тиімділігі басқар­ма­сы­ның бастығы:
– Энергоаудиттерді жүргізетін ме­ке­ме­лер ашылып жатыр. Әсіресе, шетел­дік ұйымдар құлшыныс танытуда. Себе­бі энергоаудит саласында үлкен бәсеке, нарық пайда болуда. Ал әзірге Қазақ­станда 20-дан аса аудитор бар. Бұлар жақында ғана ашылған Қазақстан энер­гоаудиторлар қауымдастығына мүше. Отандық энергетикалық экспер­тиза және сараптамадан өткізетін меке­мелер тарапынан да энергоаудит өткізуге сұраныс баршылық. Сондықтан елде энергоаудиторлардың тапшылығы бола қоймайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста