Энергия үнемдеудің бір жолы – жылу сақтауды жақсарту

Энергия үнемдеудің бір жолы – жылу сақтауды жақсарту

Бүгінде көпқабатты үйлерде тұратын азаматтардың басым бөлігі коммуналдық қызметтер үшін тым көп шығындалуға мәжбүр. Ол жасырын емес. Қыста пәтердің іші тым ыстық болып кететіндіктен, терезе ашуға тура келеді. Онымен біз бір шығындалсақ, күз бен көктемде жылу маусымы тоқтап, ауа-райы салқын болып тұрған кезде, қосымша жылыту құрылғыларын іске қосып, екі шығындаламыз. Осылайша, қыста да, күзде де, көктемде де электр энергияны үнемдей алмай, қыруар ақшаны желге шашып жатқан жайымыз бар. Ал осы «кеңестік дәстүрді» өзгертіп, қазіргі нарықтық заманда үнемшіл болу үшін не істеу керек?
Негізі, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңда ірі кә­сіп­орындар, өндіріс орындары мен мем­ле­кеттік мекемелер пайдаланатын электр қуат­ты үнемдеудің нақты талаптары жа­зылған. Онда көпқабатты үйлерде тұратын аза­маттардың құқықтары да бар. Мәселен, олар сол үйдің энергоаудитін, яғни қуат көз­дерін пайдалану көлемін тексеріп, тер­мо­модернизацияға және жалпыға ортақ есеп­теу құралдарын орнатуға өздері қа­тыса алады. Бұл бапқа қатысты сан алуан дау-дамайлар да болған. Дегенмен халық бұл жұмысқа қатысуы қажет. Себебі бүгінде Қа­зақстандағы жылу электр стансы­ла­ры­ның 40 пайызға, ал коммуналдық же­лі­лер­дің 60 пайызға тозғанын ескерсек, жылу үйге де­йін жеткенше, оның біраз бөлігі жо­ға­­лады. Монополистер бұл шығындарды өз мой­нына алмай, көбінесе, тұтынушы­лар­­дың есебінен жабуға тырысады. Сол се­беп­ті халықтың терможаңарту жұ­мыс­та­рына өздігімен қатысып, бәрін жіті ба­қылауда ұстауы аса маңызды.
Бүгінде даладағы ауа-райына бай­ла­нысты үйдегі температураны автоматты түр­де өзгертетін «ақылды» жүйелер тек кей­бір жаңа үйлерде ғана орнатылған. Ал ескі көпқабатты үйлердің басым бөлігінде көктем мен күз айларында күн жылы бо­лып тұрса да, жылу батареяларының ыстық бо­лып тұратынына өзіміз де куәміз. Содан терезе ашып, мыңдаған теңгені желге ша­шамыз. Себебі ол кезде артық көмір жа­ғы­лады. Ал қара түтіннің кесірінен қоршаған орта да ластанады. Жылу маусымы аяқ­та­лып, күн суытып кеткен кездерде қосымша жы­лыту құрылғыларын сатып аламыз. Оны қосып, тағы да шығындаламыз.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің мә­ліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы ғи­ма­раттар 1 шаршы метрге 240 КВт/с жылу тұ­тынады. Бұл Швеция, Германия сияқты да­мыған мемлекеттермен салыстырғанда, әл­деқайда көп. Оның негізгі себебі мы­нада: біріншіден, тұрғын-үйлердің көбісі ес­кі, екіншіден, кеңестер кезінде отын ар­зан болғандықтан, үйлердің энергияны үнем­деу сапасына көп мән берілмеген. Осы­ған байланысты ел үкіметі, БҰҰ Даму бағ­дарламасы ұйымы (ПРООН UNDP) мен Ға­ламдық энергетикалық қор (GEF) бір­ле­сіп, «Коммуналдық жылу берудегі энергия тиім­ділігін арттыру» жобасын қолға алған бо­латын. Оның аясында Астана, Алматы жә­не Қарағанды қалаларында 17 ғи­ма­раттың энергоаудиті жүргізіліп, тұрғын үй­лер­дің жертөлелеріне автоматтандырылған жылу бекеттері орнатылды. Бір жылдың ішінде ондай бекеттер 2700 - 15200 АҚШ дол­лар көлеміндегі ақшаны үнемдеуге мүм­кіндік берді. Әлбетте, бұл – бір пә­тердің емес, тұтас көпқабатты тұрғын үйдің үнем­деген ақшасы. Ал әрбір пәтерге есеп­тесек, орташа есеппен 15 мыңнан шығады. Мамандардың айтуынша, бұл – тек жылу бе­кетін орнатудың ғана нәтижесінде үнем­делген қаражат, ал үйдің шатыры жөнделіп, есік-терезелері ауыстырылса, одан да көп ақ­шаны сақтап қалуға болады.
Александр БЕЛЫЙ, «Коммуналдық жылу берудегі энергия тиімділігін арттыру» жобасының жетекшісі:
–Жоба аясында автоматтанды­рыл­ған жылу бекеттері орнатылып, қажетті жөн­деу жұмыстары атқарылады. Негізі, бүгінде Қазақстандағы барлық тұрғын үй қорының үштен біріне осындай жөн­деу қажет. Оның барлығын қамту үшін «Тұр­ғын үй коммуналдық шар­уа­шылығын жаңарту» бағдарламасы да қа­былданған болатын. Оған сәйкес, кез кел­ген қаржы ұйымы, банк, немесе мем­лекет пәтер иеленушілер коо­пе­ративіне қаржы береді. ПИК ол қар­жыны игеріп, мердігер компания ар­қылы құрал-жабдықты, жылу пунктін сатып алып, үйге орнатады. Содан үнем­делген ақша ПИК жанынан құ­рылған Энергия үнемдеу қорында сақ­талады. Осы қор арқылы, ақша бас­тапқыда қаржы берген ұйымға, немесе, мем­лекетке қайтады. Осылайша, ай са­йын коммуналдық қызмет төлем­де­рінен үнемделген айырмашылықты ПИК жанындағы қорға төлей отырып, 3 жылдың ішінде автоматтандырылған жы­лу бекеті мен жөндеуге кеткен қа­ра­жат­ты өтеп шығуға әбден болады. Бү­гінде бұл бағдарламаның тиімділігін кез келген қазақстандық көп біле бер­мей­ді. Шетелде мұндай бағдар­ла­ма­лар­ға адамдар кезекке тұрып, соңынан жүгіріп, қатысуға тырысады.

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында аталмыш бағдарлама аясында жөн­делген үйлердің сапасыздығына қа­тысты сыни көзқарас қалыптаса бастады. Ал кәсіби мамандардың айтуынша, көп­қа­бат­ты үйлердің тұрғындар ПИК арқылы жөн­деу жұмыстары мен мердігер ком­па­нияның қызметін жіті бақылап отырғанда, жақ­сы нәтижелерге қол жеткізуге болатын еді. Демек, үйлерінің сапалы болып жөн­делуі тек тұрғындардың өздеріне ғана бай­ла­нысты.

Алаш-анықтама
Әлем бойынша жыл сайын көмір, мұнай мен газ сияқты қуат көздерінің 12 млрд тоннасы жағылады. Бүгінде тұтыну көлемінің өсіп келе жатқанын ескерсек, жер жаһандағы мұнайдың қоры 45 жылға, газдың қоры 70 жылға, ал көмірдің қоры 200-250 жылға жетеді деген болжам бар. Алдағы уақытта баламалы энергия көздеріне өтпесек, 2030 жылға қарай табиғи қазба байлықтары аз елдерде энергия тапшылығы 30 пайызға ұлғаюы әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста