«Еуроремонттың» орнын «қазақремонт» басар күн жақын...

«Еуроремонттың» орнын «қазақремонт» басар күн жақын...

Қазақтың ықылым заманнан бері көзінің қарашығындай сақтап келген асыл мұраларын бүгінгі нарық заманы ығыстырып барады десек қателеспейміз. Ол қандай асыл мұраларымыз дерсіз?! Басқасын айтпағанда, бір ғана киіз үйдің өзінде қаншама құнды дүниелер жатыр?! Айталық, текемет, сырмақ, төр көрпе, тіпті сан түрлі оюмен көмкерілген ыдыс-аяқтың өзін күнделікті өмірден кездестіре бермейтін болдық. Бүгінгі қоғам соның бәріне көзінің астымен қарап отыр. Енді не істеу қажет?
Жақында ғана Үрімжіге барған сапа­рымызда баба мұрасын қазіргі заман тала­бына лайықтап Қытайдың базар бәсекесіне салып отырған Талғатбек Дүйсенбіұлымен арнайы жолығып, әңгімелесіп қайттық. Үрімжі «Орда-Ою» сауда шекті серіктес­тігінің директоры Талғат мырза бізге біраз дүниенің бетін ашты.
– Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы көзі­нің майын тауысып жасаған ұшан-теңіз ұлт мұрасы бүгінде қатардан қалып барады. Мысалы, қазір қалада отырған қазақтың ешқайсысы астына сырмақ салып, табаны­на текемет төсеп отырған жоқ. Асүйіне кіріп келі-келсапты, қонақүйіне кіріп тұс­киіз­ді көре алмайсыз. Сәбиінен бастап санасына сіңбегендіктен, киіз көрсе кіжірінетін қара­домалақтардың да қатары көбейді. Сонда ұлт мұрасынан осылай қарап тұрып айы­рылып қаламыз ба?! Жоқ әлде «заманың қалай болса, бөркің солай» деп баба мұрасын заман талабына лайықтаймыз ба?! Осы ойлардың жетегінде биыл Үрімжіден «Орда-Ою» серіктестігін құр­дым. Компаниямыздың мақсаты – оюлы тас таған, тас төсеніш (кафель) сияқ­ты құ­ры­­лыс материалдарын шығару. Шындығын айтқанда, бұл көзді жұмып көлге түскендей жұмыс болды. Себебі Қытайдың ұшан-теңіз базарында қазақтың азғантай ғана оюлы өнімдері бәсекеге қабілетті болуы екіталай еді. Ниетіміздің оңдығынан болар, Шыңжанның жаңадан сайланған өлке бастығы Жаң мырза егінші-малшыларға біртұтас салынып жатқан жер сілкінісіне төзімді үйлерде ұлттық, өңірлік ерекшелік болуы керек деген қаулы шығар­ды. Бұл біздің ісіміздің ілгері басуына ай­тар­лықтай қолдау болды. Қазір Шыңжан­дағы 17 қала-қалашықта филиалдарымыз ашылды. Біздің өнімдерімізді қолданып, ұлттық ерекшелікке ие 500-ден артық үй тұрғызылды. Құдайға шүкір, бұдан бұрын қазақтар үйлеріне «еуроремонт» жасауды әдетке айналдырса, енді біздің өнім­дерімізді пайдаланып, «қазақремонт» жасауды жалпыластырып келеді. Оның үстіне өнімдерімізді мемлекеттік стандарт­қа сай сапалы дүние етіп шығарып отыр­мыз. Өздеріңіз білесіздер, Қытай елі дүниежүзі бойынша фарфор ыдыс жасауда қай жағынан алсаңыз да, ең алдыңғы орында. Сондықтан өнімдерімізді әлемдік базар бағасынан әлдеқайда арзан етіп шығарып отырмыз. Яғни қарапайым халық тұтына алатын, қолжетімді бағада. Қазір өндірісіміздің өркен жайып келе жатқаны да сондықтан, – деп аяқтады әңгімесін Талғат ағамыз.
Дұрыс-ақ. Басқасын айтпағанда, миллиардтаған қытайдың ішінде отырып миллионның қамын ойлаған бұл азаматтың игі бастамасы көңілге қонарлық емес пе?! Осы күнге дейін үйде істетуге лайықталған тоқ қайрақ, жарық қайтаратын айна сынды бірнеше тапқырлығына патент алған өнертапқыш ағамыз енді ұлт мұрасын ұлықтауға көшіпті. Оюлы тас таған, келі-келсаптың суреті басылып асүйге лайық­талған тас төсеніш, оюлы жиек, қазақ даласының көрінісімен көмкерілген жиылмалы перде, қысқасы, не керектің бәрін жасаған. Кезінде Иманғали Тасма­ғамбетов Алматы қаласына әкім болып келгенде, «ендігі салынатын құрылыстарда ұлттық бояу болуы керек» деп айтқан еді. Соның арқасында талай тас үйден қазақы сәулеттің иісі шыққан. Қазақ елінде солай болуға тиісті де. Ал аспан асты елінде тұрып азғантай қазақтың асыл мұрасын күллі әлемге паш етуді ойлап отырған қандастарымызға бәрекелдіден басқа не айтуға болады?! Қолдауға қолымыз жетсе ғой, әттең! Бізге де «еуроремонттың» орнына «қазақремонт» жасар күн жеткен сыңайлы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста