Францияның компаниясы отандық сүт өңдейтін кәсіпорынға 9 млрд теңге қаржы құйды

Францияның компаниясы отандық сүт өңдейтін кәсіпорынға 9 млрд теңге қаржы құйды

Қазақстанмен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастық нығая түсті. Француздың Lak-talis компаниясы отандық сүт өңдейтін кәсіпорынға 9 млрд теңге инвестиция құйып отыр. Оның басым бөлігі елдегі сүт өндіру секторын жаңғыртуға жұмсалған. Павлодарға келген Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен Павлодардағы ең ірі сүт өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде «ФудМастер» өнімдері барлық халықаралық сапа талаптарына сай келеді. Франсис Етьен жетекшілік еткен француз делегациясы Павлодарда кездесудің саяси, білім беру және экономикалық үш блогын өткізді. Экономикалық блог бойынша екіжақты бірлескен ірі жоба «ФудМастермен» жүзеге асып отыр. Ел нарығына 2009 жылы келген компанияның филиалы Павлодарда жұмыс істейді. «Сүт» АҚ «Фудмастер» құрамына өткен. Арман Алдабергенов, «ФудМастер» компаниясының бас директоры: - Біз кәсіпорынды дамыту үшін құйылатын инвестиция көлемін тоқтатпаймыз. Енді шығарылатын өнімнің сапасын арттыру үшін қаржы құймақпыз. Сонымен қатар Қазақстан бойынша жекеменшік фермаларымызды құрып, сүт қабылдау желісінің дамуына да инвестиция салатын боламыз. Өткен ғасырдың басында іргесі қаланған сүт зауыты жаңа инвесторлардың келуімен қайта түледі. Кәсіпорында жүргізілген кең ауқымды жаңғырту жұмыстары өндірістік қуаттылықты арттырып, мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруге мүмкіндік берді. Қазір зауыт бірегей жаңа технологиялармен жұмыс істейді. Вячеслав Емельяненко, зауыттың операциялық директоры: - Сүт өңдеуге инновациялық технологияларды қолданамыз. Франциядан әкелінген танкерлерде жаңа сауылған сүт ұзақ уақыт бұзылмай сақталады. Тазалыққа ерекше мән береміз. Зауыттағы барлық сүт сақталатын қондырғылар үшін орталықтандырылған жуу кешені қолданылады. Галина Мельникова, инженер-технолог: - Бізде денсаулыққа өте пайдалы өнімдер шығарылады. Балаларға беруге болады. Қолданылатын жоғары технологиялар өнімнің сапасына оң әсерін тигізеді. Сүттен дайындалатын тағамның 38 түрін жасайтын Павлодар зауытының өнімдері әзірге Қазақстанның орталық, солтүстік және батыс өңірлеріне жіберіледі. Келешекте Ресей нарығына шығару жоспарда. Өйткені өнімнің сапасы барлық талаптарға сәйкес келеді. Франсис Етьен, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі: - Мен Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқан компанияларды көріп қуанып тұрмын. Өйткені бұл жерде сүт өнімдерін пайдаланудың өзіндік дәстүрлері қалыптасқан. Олардың түрлері де өте көп. Қазақстандықтар сүттен жасалатын тағамдарды ерекше бағалайды. «ФудМастер» компаниясының Қазақстанда қазір 200-дей сүт қабылдау қосыны жұмыс істейді. Бір ғана Павлодардың өзінде тәулігіне 180 тонна сүт өңделеді. Еліміздің сүт нарығында көшбасшы атанып отырған бұл компания енді жекеменшік тауарлы-сүт фермаларын құруға инвестиция тартуда.

24.kz  

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста