Ғаламтордағы сауда қызып тұр

Ғаламтордағы сауда қызып тұр

Жыл санап қазақ елі де замана көшімен ілескен ғаламтор саудасымен біте қайнасып барады. Яғни, дүкен аралап саудаласқаннан гөрі, керегін үйінде отырып ғаламтор арқылы алдырған халықтың қатары артқан. Әрине, мұны заманның сұранысы деуге де болар. Алайда, өкінішке орай алаяқтардың құрбанына айналып, жіберген ақшасын ала алмай жүргендер арамыздан табылып тұр. Толғандырар жайға айналып үлгерген мәселені бүгінгі санда бүге-шігесін ақтарып көруді жөн санадық.
Әсіресе, жаңа жыл жақындаған сайын ғаламтордағы еркін сауда қыза түсіпті. Әсіресе, қарқынмен дамып келе жатқан электронды маркетингке есі кеткендердің саны өскен. Бұрындары саудасын ғаламтор арқылы тек бірді-екілі шылқыған байлар жүргізетінін еститінбіз. Енді қыза-қыза қалтасы тесік студенттің өзі керегін ғаламтордан іздейтін болған.
Бірақ, бармағын шайнап, санын соғып жатқандар енді қайтіп ғаламтордан алмайтынын жеткізді.
Санат Ерболсынов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
– Күнделікті ғаламтор қарап отырып денені уқалап массаж жасайтын құрал көзіме түсе кетті. Бағасы да онша қымбат емес екен. Қаражатымды электронды ақшаға айналдырып, есепшотқа аудардым да жібердім. Сан соғып қалатынымды қайдан білейін. Ақыры жіберген 30 мың теңге қаражатым да, құрал да жоқ. Тақырға отырдым да қалдым. Сондықтан, мұндай пәлесі бар білмейтін саудаға араласпауға кеңес берер едім.
Жалпы электронды қаражатпен сауда жасау Қазақ еліне 2005 жылдан бастап ене бастапты. Біртіндеп сауданың жаңа тетіктерін әлемдік тордан тапқан кәсіпкерлердің айы оңынан туа да бастаған. Өйткені бұрын жарнамасы газет пен теледидар немесе радио арқылы таралатын. Енді сауда нүктелері ғаламторда ілініп, шағын дүкенін әлем елдерінің бәрі көріп біле алатын болды. Тіпті, сауда орындарының ғаламтордағы жеке парақшалары мен сайттары да пайда бола бастады. Виртуалды әлемде тауарды ұсыну мен оны сатып алуға талпынушылар бұл бизнестің өркендеуіне жол ашады деген пікірде.
Тимур Еркінов, ғаламтор арқылы бизнеспен айналысушы, кәсіпкер:
– Ғаламторда сауда жасау бұл заманның талабы. Қазір жұмысбасты болып жүрген әр адам базардан немесе сауда нүктелерінен қалауын іздеуге уақыты да тапшы. Ал үйде немесе жұмыста отырып-ақ, қалағаныңа тапсырыс беру уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мен бірнеше жылдан бері қажетімді ғаламтор арқылы алып жүрген адамдардың бірімін. Тек алаяқтарға кездеспес үшін алдымен сол тауарды ұсынушы туралы толық мәліметті анықтап алу артықтық етпейді.
Ғаламторда сауда жасаушылар Қазақ елінде әлі де болса бұл саланың дамымай кенжелеп тұрғанын алға тартады. Яғни тәуелсіз сарапшылардың сөзіне сенсек, ғаламтор саудасы әзірге еліміздегі сауданың небары он бір пайызы мөлшерінде ғана. Әрі ғаламторды мен компьютерді дұрыс меңгермеушілік те электронды сауданың еркін көсілуіне тұсау салып тұрған сыңайлы. Бұл олқылықты өз пайдасына жаратушы алаяқтар халықты қанаудың қамына кіріскен.
Әсет Нұрпейісов, Қазақстан ғаламтор қауымдастығының атқарушы директоры:
– Біздің компания ресми түрде тіркелген дүкендердің құқығын қорғайды. Қол астымызда 40-қа жуық компания бар. Қазір кәсіпкерлер электронды дүкендер ашуды, электронды карточкалар арқылы сауда жасауды үйрене бастады. Сонда да, Қазақастан халқы ғаламтор саудасының қалай өрбитініні жіті біле бермейді. Бұл өз кезегінде сауда жасаушыларды аяқтан шалушылардың артуына жол ашып отыр.
Дүниежүзілік сараптама қорытындыларына назар аударсақ электронды саудада Солтүстік Америка алдына қара салмай тұр. Еуропаның дамыған елдерінде электронды сауда 50 пайызға жеткен. Солтүстіктегі көршіміз Ресейдегі ғаламтор саудасы 18 пайызға жетіпті. Десе де елімізде әлі де болса қолда барынан айырылып қалудан қорқу басымдығын сарапшылар растап отыр. Яғни, электронды ғаламтор саудасына қадам басуға жүрексініп, оған сенбеушілік бар.
Тәуелсіз сарапшылар сонымен қатар ғаламтрда сауда жасау кезінде экранның ар жағындағы адамның кім екенін ажырату қиын екенін алға тартады. Сондықтан кәсіпкердің жеке парақшасына кіріп, оның кімдермен сауда жасасқанын біліп, ол туралы қандай пікірлер жазылғанын да біліп алу артықтық етпейтінін хабарлады.
Қалай дегенмен де, замана көшіне ілесіп ғаламтордағы саудаға біздің де бір көшетініміз белгілі. Бірақ, жаңа дүниенің жай-жапсарын білмей жатып саудаға көшу жөнсіздік болатыны айтпаса да түсінікті. Қалаған тауарды ғаламтор арқылы ма, әлде қолымен ұстап, көзімен көріп барып дүкеннен ала ма? Ол әрине патша көңілді халықтың өз еркінде. Дегенмен, сақтанып әр нәрсенің байыбымен жолын білгенге не жетсін?!.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста