Ғарыштың кілті – ғылымда

Ғарыштың кілті – ғылымда

Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие. Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана елдердің ішінде Қазақ елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары» деседі. Тіпті қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады... Жалпы, ғарыш айлағы жөнінде сөз етер болсақ, әлемде француздық – Куру, бразилиялық - Алькантра, американдық Си-Лонч ғарыш айлақтары көшбасшы болып саналады. Отандық ғалымдар «солардың ішінде біздің «Байқоңырдың» беделі бәрінен асқақ» дейді.
Негізінен, ғарыштық даму, ғарыш сала­сы, ғарыштық инфрақұрылым дегенде, біз көбі­не­се Байқоңырды, ондағы зымыран-тасығыш­тарды, ғарыш айлағын жалға алу мерзімін, одан түсетін пайда мен ғарышқа ұшырылатын қазақ ғарышкерлерінің тағ­дыры жайында сөз етеміз. Мұндайда көбі­несе ғарыштық дене­лер­дің құрылысы, ғарыш­тық жүйелер, ғарыш­ты жерден ба­қы­лау, яғни ғарышқа ғылыми-зерттеу жа­сау жұмыстары тасада қалып жататыны жасы­рын емес. Міне, біз бүгін айту­лы Ға­рыш күнін пайдалана отырып, осы салаға өзіндік ғылыми-зерттеулер жасайтын «Ұл­ттық ғарыш­тық зерттеулер және технология­лар орталығы» АҚ-ға қарасты «В.Г.Фе­сен­ков атын­дағы астрофизика институты» еншілес жауап­кершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барып, аталмыш саланың өзіндік жаңалықтары мен ізденістерін ойға түйіп қайттық....
Ғарыш және инфрақұрылым...
Байыптасақ, біз ішкі жаңалығына үңіл­гіміз келген «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және жаңа технологиялар орталығы» АҚ, В.Г. Фе­сен­ков атындағы астрофизика институты, Орта Азиядағы санаулы инс­ти­тут­тардың қатарына жатады. Мамандардың айтуынша, мұнда қызмет ететіндер үнемі ізденіске, дәйім жаңашылдыққа құмар. Бұған қатысты атал­мыш институттың ғылыми істер жөніндегі ди­ректорының орынбасары Рашит Валиуллин:
– Астрофизика – насихатты, қолдауды қажет ететін сала. Ғарыш саласын одан әрі дамыту үшін нақ осы астрофизика ғылы­мына аса мән берген жөн. Жақында біздің институт жанынан бір метрлік телескоп ұзақ жылғы тоқыраудан кейін қайта іске қосылды. Мұндай телескоп Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана. Өзге телескоптардан бұл телескоптардың ерекшелігі жаңа іске қосылған ғарышты зерттеу құралы авто­мат­ты жүйеге көшірілген. Яғни оны ғалам­тор арқылы кез келген жерден басқара беруге болады. Бұл телескоп белсенді галактикалық ядроларды, айнымалы, қос жұздыздарды және басқа да аспан дене­лерін, ғарыш айлақтарын бақылап, зерт­теуге арналған. Бұл Қазақстан ғылымын­дағы озық жетістіктің бірі болып саналады, – дейді.
Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыш­тағы белсенді үрдістердің физикасы, ғарыш­тану мен жұлдыздардың қозғалысы, ай мен ғаламшарлардың физикасы, спутниктерді бақылау және ақпараттық жүйелер қызметі бүгінде біздің елде бір­тіндеп дамып келеді. Осы мақсатта отандық ғалымдар АҚШ, Гер­ма­ния елдерімен тығыз байланыс орнатып, маман біліктілігін арттырып келеді. Соңғы кез­де­рі отандық ғалымдар ғарышта жиналған қоқыстардың ауқымын бақылайтын және оны зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Инс­ти­тут ғалым­да­рының қазіргі таңдағы ең жо­ғары ғылы­ми жаңалықтары ретінде 42 сей­ферттік галактиканың ашылуын айтуға бо­ла­­ды.
Ғарыш және экология
Ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы қоқыстардың жиналған жерін әлемдегі екі-ақ мемлекеттің территориясынан анық бақы­лауға болады Оның бірі АҚШ болса, екіншісі – Қазақстанның Алматы қаласы. Бұл жайында мамандар:
– Бүгінгі күні көптеген дамыған елдер ұшырылған жасанды Жер серігінің қоқыс­тармен соқтығысып қалмауын алдын ала білу үшін біздің көмегімізге жүгінеді. Сондықтан жаңа қондырғының тек Қазақ­стан үшін емес, әлем мемлекеттері үшін де маңызы өте зор деп айтуға болады. Атал­мыш телескоптардың көмегімен біз осыны да аңғара аламыз, – дейді.
Әрине, бұған қатысты жердегі қоқыс өз алдына, ғарышта қоқыстардың жиылуы мүмкін емес деушілер де табылады. Бірақ мамандардың айтуынша, қазір жерге жа­қын орбитада, жерден 2000 шақырымдық қа­шық­тыққа дейінгі кеңістікте көлемі 1 санти­метр­ден асатын 200 мыңдай қоқыс, ал көлемі 1 миллиметрден асатын 330 мил­лионнан астам қоқыс бар (!) Бұл қо­қыс­тар – істен шық­қан, бірақ орбитада қалып қойған жерсе­рік­тері, зымыран­дар­дың жоғарғы сатылары мен қозғалтқыш-блоктары, ыдыраған ғарыштық нысан­дардың бөліктері. Міне, мамандар бұ­ған қатысты «болашақта осы ғарыш қоқыс­тарын зерттеуді бақылауды тереңдете түсу қажет­тігін, орбитадағы қоқыстардың тарихи маңызы бар екенін» алға тартады.
Ғарыш және маман
Ал енді бұл саладағы мамандар мәсе­лесі жайында сөз етсек, мемлекет тарапы­нан осы ғарыш саласын зерттейтін астро­физиктерді даярлауға мемлекеттен бөлі­нетін грант көлемі өте аз. Ал ақылы бө­лім бойынша, оқуға түсуге ниет біл­діру­шілер жоқтың қасы. Бұған қоса, мамандар ғарышты бақылау және зерттеу саласына қатысты қолда бар телескоптардың тозығы жете бастағанын, құралдардың алды­ның қызмет еткеніне 40 жылдың жүзі бол­ға­нын, болашақта жабдықтар түгелдей ауысты­ру­ды талап ететінін алға тартады. Сондай-ақ ең өкініштісі, бұл мамандық бойынша бі­лім алғандардың бірді-екілісі ғана зерттеу жұмыс­тарымен айналысуға ден қояды. Мамандардың сөзіне қарағанда, жастар ғылымға қаржы аз бөлінеді деп есептеген­діктен, бұл салаға аяқ баспайды. Сондай-ақ бүгінде ғарышты зерттеу саласын оқыту мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Осы салаға қатысты қазақ тіліндегі оқулық­тар да тапшы. Сол себепті қазақтілді маман­­дардың бірнеше буыны орыстілді мамандар­дан кенже қалып барады. Ал мұндай жағ­дайда қалайша «Қазақ елі 2020 жылға қарай ғарыштық держава боламыз» деуге болады? Әрине, қазірде ғарыштық ғылыми-зерттеу институттары, орталықтар арнайы шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, шетелден білім алып жатқан жайы бар. Десек те, ма­ман­дар «алып ғарыш айлағы бар ел үшін мұның бар­лығы аздық етеді. Біздің қазіргі мақ­сатымыз – нақ осы ғарыш саласын зерт­теу­ге, ғарышты игеруге барынша пейілмен кірісу. Ол үшін әрине алдымен осы салаға жастарды тарту керек» дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста