Геномдық селекция – мал шаруашылығындағы инновация

Геномдық селекция – мал шаруашылығындағы инновация

Мал тұқымын асылдандыру ісінде болашақта «үлкен секіріс» болатын сыңайлы. Бұған жаңа технологияларға негізделген геномдық селекция жұмыстары себеп болмақ. «ҚазАгроИнновация» АҚ мен Францияның Ұлттық ауылшаруашылық зерттеулер институты бірлесіп, «Қазақстанда сүт бағытындағы малдың генетикалық әлеуетін арттырудың қазіргі заманға лайық технологияларын әзірлеп, бейімдеу» жобасы аясында геномдық селекция әдісін енгізуді жүзеге асыра бастады.
Геномдық селекцияны мал тұқымын асыл­дандыру саласындағы тың жаңалық десек те болады. Өйткені ол толыққанды асыл тұқымды мал басын шығаруға кететін уақыт пен қаражатты, яғни оның өнімді­лігін анықтауға кететін мерзімді айтарлық­тай қысқартуға мүмкіндік береді. Мәсе­лен, дәстүрлі селекциялық әдіс бойынша алын­ған асыл тұқымды сиыр малының генети­ка­лық әлеуетін оның өсімділігі, енесі мен аталық бұқаның орташа көрсеткіштері ар­қылы ғана анықтайтын. Бұл ретте жас төл­дің қай тұқымның тегін қаншалықты сіңір­генін анықтау үшін ұрғашы малды үш жыл күт­сек, бұқаларына бес жыл уақыт кететін. Ал ге­ном­дық селекция ДНҚ ақпара­тын зерттеу арқылы ол сиыр сүтті ме, жоқ па, сүтті болса, сүтінің майлылығы қандай бол­мақ, ал егер етті болса, етінің сапасы қаншалықты, жалпы өсімтал тұқым бола ма деген мал шаруа­шылығы үшін ең өзекті сауалдардың жауабын беріп, асыл­тұқым­дық құндылы­ғын ба­ға­лай алады. Мұндай ақпарат, әл­бетте, мал шаруашы­лығын мейлінше тиім­ді дамытуға жол аш­пақ. Себебі алдыңыз­да­ғы малдың төлі қан­шалықты асылданды екен деп дүдә­мал күдікпен үш немесе бес жыл босқа бағып жүрмейсіз. Етке жіберетінін ертерек со­йып, асыл тұқы­мын қал­ды­расыз. Тек ол үшін геномдық селекция ар­қылы мал ДНҚ-ларын зерттеу керек. Ал мұндай зерт­теу жұ­мы­­сы әзірге – тек Францияда ғана. Бірақ бола­шақта ғалым­да­ры­мыз мұндай зерттеулерді өзімізде де жасайтын болады. Бұл туралы кеше Ауыл шаруа­шылығы министр­лігінің апталық бри­фингінде мәлім болды.
Рашит ӨСКЕНОВ, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС бас директоры:
– Мал шаруашылығын тиімді құруға аса қажетті осындай геномдық селекция жұ­мыс істеуі үшін елімізде тиісті асыл тұ­қым­ның эталондық популяциясы болуы керек. Оны біз Францияның ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп іске асырып жатырмыз. Қазір іріктеп алынып жатқан мал­дардың өнімділігі, өсімі, дамуы бойынша бар­лық фенотиптік деректі жинаудамыз. Қан үлгілерінен ДНҚ-ларын ажыратып, оны әрі қарай генотиптік зерттеу үшін Фран­цияға жібереміз. Кейін мұндай зерттеуді өзімізде жасау үшін осы екі жыл ішінде уағдаластық бойынша өз ғалымдары­мыз­ды геномдық зерттеу ісіне қатысты қыс­қа ­мерзімдік курстарда оқытып, тағы­лымдамадан өткіземіз.

Сөз басында айтылған қазақ-француз бірлескен жобасы – осы бағыттағы ал­ғашқы жұмыстардың бастамасы. Кеше Ауыл шар­уа­шылығы министрлігінің апта­лық брифингінде «ҚазАгроИнновация» АҚ бас­қарушы директоры Исмаил Тоқбер­генов­ мәлім еткендей, бұл бағыттағы жұ­мыстар 2011 жылы басталған. Ал жоба ая­сында сүтті ірі қараның голштинденді­рілген тұқымының эталондық популя­ция­сын шығару көзделіп отыр екен.
Осы жұмыстармен тікелей айналысатын «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС бас директоры Рашит Өскеновтің айтуынша, былтыр Францияның Ұлттық ауылшаруа­шылық зерттеулер институтымен бірлесіп, голштиндендірілген малдың жергілікті жағдайға бейімделген түрін шығару мақ­сатында 120 бас ірі қараның қан үлгісінен ДНҚ алынып, геномдық зерттеу үшін Фран­цияға жіберіліпті. «Геномдық селекция дегеніміз не? Ол малдың генотипін статистикалық әдістер негізінде зерттеу арқылы фенотипімен салыстырып, асыл­тұ­қымдық құндылығын ерте бастан анық­тауды білдіреді. Осы жоба аясында бізге Ауыл шаруашылығы министрлігінен тап­сырма беріліп, 2012-2014 жылдарға ар­налған бағдарлама аясында голштин­ден­дірілген (сүтті) 10 мың бас малдың эта­лондық популяциясының республикалық деректер базасын қалыптастыру жұмыс­тарын бастадық», – дейді Р.Өскенов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста