Гүл бизнесі қашан гүлденеді?

Гүл бизнесі қашан гүлденеді?

Гүл бизнесі табысты болғанымен, тәуекелі көп сала. Сондықтан да бұл салаға тәуекел деп тас жұтқандар ғана болмаса, көпшілік жолай бермейді. Елімізде гүл өсірумен айналысатын шаруашылықтар саусақпен санарлықтай. Қазақ жерінің гүлі дегенде тілдің тұсалары да осы тұс. Еліміздегі гүл нарығының басым бөлігін шетелдік өнім жаулап алған. Ал оның орнын басуға қазірше қазақ кәсіпкерінің қауқары жетер емес.

Шетелден келген қонақтар алдымен еліміздің табиғатына назар аударады емес пе? Айналаның ажарын ашатын, әрине, гүлдер. Бірақ елімізде осы гүл шаруашылығына көптеп көңіл бөлінбейтіні тағы да рас. Мәселен, Қытайда 25 мыңнан астам гүл өсірумен айналысатын шаруашылықтар бар екен. Бұл бизнес түрінің көрігін қыздырып жүрген кәсіпкерлердің саны 1,5 миллионнан да асып жығылады екен. Ал одан түскен пайданың қазына қаржысын қомақтыландырып жатқаны сөзсіз. Бізге әзірге тау басып, теңіз асып келген гүлдерді көз қуаныш етуге тура келетін түрі бар. Өйткені бұл саланың тамырына су жүгіртіп, бойына жан бітіру үшін әлі де талай жыл қажет сияқты.

Елімізде сатылатын гүлдердің тек 25 пайызы ғана өз жерімізде өсіріледі екен. Қалғанын импорт гүлдер құрайды. Елімізде төрт-бес гүл өсіретін ірі жылыжайлар бар. Оның екеуі – Алматы облысында, Текелі мен Степногорскіде, енді бірі – Тараз қаласында. Гүл өсіретін жылыжай болғанда да оның аражігін ажыратып алған дұрыс секілді. Ірі жылыжайлардың бір-екеуі көшет өндіретін, енді бірі сатылатын гүлдер өсіреді. Астана, Алматы сынды ірі қалалардың ажарын ашып, жайнатып тұрған гүлдердің көшеттерінің дені Тараздан жеткізіледі. Шымкенттің шырайын ашып тұрған да – осы тараздық гүлдер. Осындағы 2500 шаршы метр аумақты алып жатқан алып гүлзарды толық жабдықтауға 300 мың доллар, қосалқы ғимараттарды жабдықтауға 1 миллион доллар жұмсалған. Мұнда көздің жауын алар әсем гүлдердің неше түрі өсіріледі. 3 миллионға жуық алуан гүлдің түрі жайқалып тұр. Шаруашылық басшылығы алдағы уақытта гүлдердің жаңа түрлерін әкеліп, олардың түрін көбейтуді көздеп отыр. «Жасұлан және К» ЖШС-нің гүл өсіруден жылдық өнімділігі 11 миллион дана гүлді құрайды. Бүгінде бұл серіктестік 7 миллион доллар тұратын жобаны іске асыруда. «Тапсырыс көп, тіпті кейде орындай алмай қалатын кездеріміз де болады», – дейді мұндағы жұмысшылар.

Кез келген қуанышымыздың ажарын ашатын осы гүл атаулының шеттен әкелінетіндерінің мұрын жаратын жұпар иісі де жоқ екенін байқадыңыз ба? Тек гүл орамасы дизайнының әдемілігі болмаса. Әрі бағасы да удай. Кәрзеңкелі гүлдер тіптен қымбат. Қуаныш иесін қуанту үшін сатып алуға мәжбүрсіз. Солардың арасынан «қазақстандықпын» деп тұрғанын таппайсыз. Болса да, некен-саяқ. Қазақстанда өсірілген гүлдердің бойы – 40 сантиметр. Импорт тауары бойшаңырақ, 60-80 сантиметрден болады. Бірақ біздің гүлдер ұзағырақ сақталады әрі иісі де табиғи болып келеді. Әйтсе де шетелдік тауар отандық өндіріс жағынан бәсекелесін кездестірмей, басымдыққа ие болып отырғандықтан, өтімшең.

Осылайша елімізде сатылып жатқан гүлдерден түскен пайда өзгенің қамбасына құйылуда. Гүл өсірумен айналысатындардың сөзіне қарағанда, әсемдік символына деген сұраныс жыл сайын артып келеді екен. Бұл дегеніңіз – осы салада кеңістік жартылай бос тұр деген сөз. Бос кеңістікте пайда мол түсетіні де белгілі. Тек отандық кәсіпкерлер тұрғысынан тәуекел жетіспейтін сықылды. Әрі мемлекеттің де осы салаға көңіл аударуы кемшін. Отандық гүл өсірушілер жеткілікті дәрежеде қолдауға ие болса, күнделікті өмірімізге сәл де болса қуаныш сыйлайтын сала да гүлдене түсеріне күмән жоқ.

Ұлғаным Айдарханова, гүл сатушы:
– Шынында, саудаға түсетін гүлдердің дені шеттен келеді. Ташкент жақын болғаннан кейін бізге раушан гүлдері сол жақтан келеді. Сондай-ақ Сарыағаш ауданында да гүл өсіретін шаруашылықтар бар. Гүл өтімділігін арттыратын уақыт болады. 8 наурыз, соңғы қоңырау, алғашқы қоңырау мерекелері кездерінде көп сатылады. Тойы көп өңір болғандықтан, жаз айларында да өтімділігі бар. Ал қыс айларында гүл саудасының «өлі кезеңі» басталады. Шетелден келетін гүлдердің орнын басуға жергілікті гүлдер әбден жарайды-ақ. Сондықтан гүл өсіретін жергілікті кәсіпкерлер көбейсе деген тілегім бар.

ГҮЛ-АҚПАРАТ
Кейбір мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы елімізге 130 тонна, яғни 1,3 миллион тал раушан гүлдері, 6 мың қалампыр, 3122 орхидея, 49 тонна бақытгүл (хризантема) әкелініпті. Гүл сатумен айналысатын кәсіпкерлер раушан гүлдерін Эквадордан, Голландия мен Германиядан, бақытгүлді – Голландия мен Германиядан, орхидеяны – Таиландтан, баршынгүлді (гладиолус) Ираннан тасымалдайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста