Гүлдің отаны Голландия Таразға тамсанды

Гүлдің отаны Голландия Таразға тамсанды

Жуырда шетелдіктер аттай қалап тараздық кәсіпкердің өнімін сатып алып кетті. Бір қызығы, әлемге раушан гүлдерімен аты шыққан Голландияның кәсіпкерлері голландтық раушан гүлін Тараздан сатып алды. «Грин сервис» атты бақша өнімдерінің орталығын құрған Әлиакбар Әлішеров бір күнде-ақ атым әлемге танылады деп ойламаса керек.

Оның өсірген өнімдері тек елімізге ғана емес, Еуропа елдеріне де таралады. Өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер жыл сайын өнім түрлерін көбейтумен де айналысады. Сондай-ақ әртүрлі гүл түрлерін будандастырып, раушанның жаңа түрін ойлап табатын өнертапқыштығы да бар. Сондай бір тыңнан табылған гүлге «Еуропа» деп ат қойып, айдар тақты. Бұрын ешқайда өсірілмеген мұндай гүлдер­ге еуропалықтардың өзі таңдай қағып, тамсаныпты. Еуропалықтарды еш­теңемен таңғалдыру мүмкін емес деп есептейтіндердің пікірін бұл жолы Әлі­шеров өзгертті. Мұндай ерекше гүл түрі мезгілге байланысты түсін де өзгертіп отырады. Осындай керемет гүлге аузының суы құрып тамсанған голландиялық кәсіпкерлер Әлішеровтен оның тұқымы мен тамырларының мол партиясын сатып алып кетті. Олардың раушан гүлдің осы түріне көңілдері ауыпты. Гүлдің отаны саналатын Голландия елінің кәсіпкер­лерін біздің Әлиакбар басып озып кетті. Мақтанарлық-ақ жағдай. Шетелдік кә­сіпкерлер енді оны өз елдерінде одан ары баптап өсіріп, әлемнің түкпір-түк­піріне таратумен айналысатын болады. Оның тұқымы қайтып айналып келіп, Қазақстанға оралатыны да анық. Тек сол кезде оның қазақстандық екені ұмытылып кетпесе болғаны.
Әлішеровтер отбасы әу баста кә­сіпкерлік жолын базарда гүл сатумен бас­тапты. Кейіннен оның тұқымын кө­бейтіп, раушанның тамырын өсіруді үй­ренген. Жақсы өнімге сұраныс та арта түскен. Будандастыруды да бес саусақтай меңгеріп алған. Әуелі үй іргелік аз ғана жерге өнім өсірген кәсіпкер қазір үлкен аумақта гүлдің жүзден астам түрін өсіруде. Раушан гүлінің декоративті түрі, шынын­да да, таңғаларлықтай. Әлі­ше­ровтердің отбасылық «Грин сер­вис» атты бақша өнімдерінің орталығы та­раздықтарға аса танымал. Өсірген ке­ремет гүлдерінің сатылмай қалған кезі жоқ. Сұраныс күннен-күнге арта түсуде. Енді голландиялықтардың жарнамасынан кейін сауда тіптен қыза түсетін түрі бар. Сонымен қатар қаланы гүлдендіруге де Әлішеровтердің қосар үлесі мол. Бау­ыр­жан Момышұлы ес­керткішінің алдына раушан гүлінің бес мыңға жуық тұқымын отырғызыпты. Тараздық кәсіпкер төккен тері мен аянбай еңбек етуінің арқасында шетелдіктерді тәнті етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста