Инфляциямен күрес: не ұттық, неден ұтылдық?

Инфляциямен күрес: не ұттық, неден ұтылдық?

Кеше республикалық статистика агенттiгi «девальвация инфляцияға анағұрлым әсер ете қоймайды, елде отандық тауар бағасы және азық-түлiк бағалары өспейдi» деген пiкiрлердi жоққа шығарды. Статистикалық агенттiктiң есебiнше, бiр ғана ақпан айындағы инфляция көлемi 0,8 пайызды құраған. Елде ет-сүт өнiмдерiнен бастап, күнделiктi тұрмысқа қажеттi заттардың денi қымбаттаған. Қажет десеңiз, шаштараз қызметi, мейрамханаларда жеке адамға қызмет көрсету бағасы, дәрi-дәрмек, отандық алкогольды iшiмдiктер де байырғы бағасынан жоғарылап, өзiнiң құнын арттырып-ақ тұр.
Жалпы, бiздiң Үкiмет инфляциямен күрестi бастағалы бiраз уақыт болған... Тiптi өткен 2008 жылдың басында қымбатшылықпен күресуге тек қана Үкiмет мүшелерi емес, жергiлiктi әкiмдер де белсене кiрiскен болатын. «Қажет болса инфляцияны күшпен тежеп, байлап-матап тастаймыз» дегендер де табылған.
Рас, бiздiң құзырлы орындар осы уақытқа дейiн бағаны қатаң бақылауда ұстап-ақ келдi. Ал бұл үрдiс бiзге не бердi?

ҰТҚАН ТҰСЫМЫЗ...
Бұл ретте экономист-сарапшы Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ:
– Бұл қымбатшылықтан қарапайым халықтың ұтқан тұсы бiрiншiден, халыққа бөлiнетiн әлеуметтiк төлемдер құны өстi. Әрине, оны «қымбатшылық жеңiп кеттi» десек те, қазiр мемлекет тарапынан бөлiнетiн төлемдер көлемi айтуға тұрарлықтай. Мәселен, мемлекеттiк қызметкерлердiң жалақысына 25 пайыздан үстеме қосылды. Бұл да ұтымды реформа. Биыл Қытай елi ереуiлге шығып, ел Үкiметiне жалақыларына 4 пайыз қосымша төлем қосуды сұрады. Қытай Үкiметi олардың жалақыларына 3,5 пайыз ғана үстеме қоса алатындықтарын мәлiмдедi. Ал Қазақстанда бұл көрсеткiш 25 пайызға (!) дейiн жеттi. Әрине, Қытай мен Қазақстанды салыстыра сөз еткенiме қайсыбiреулер күлетiн де шығар. Бiрақ бұл жерде есеп-қисапты да ескергенiмiз жөн. Неге Қытай халқы 3,5 пайызды қанағат тұтады, ал неге Қазақстан халқына 25 пайыз үстеме аздық етедi? Осыны да ескерген жөн. Бұл жерде сынға ала бермей, өзге елдерге қарағанда, Қазақстан Үкiметiнiң қолдауын сөз еткен де дұрыс. Екiншi бiр айта кетер дүние – отандық тауар өндiрушiлерге, әсiресе азық-түлiк өнiмдерiн өндiрушiлерге, жағдай жасалуда. Осы арқылы отандық өнiмдерге салынатын салық көлемi азайтылып, отандық өнiм өндiретiн кәсiпкерлердi орынсыз тексеруге мораторий жариялануда. Менiңше, бұл үрдiс болашақта елдегi тауар өндiрушiлердiң тасын өрге домалатпақ. Сондай-ақ сырттан келетiн тауарлар легiнiң қысқаруына ықпал етпек. Мiне, инфляциямен күресте бiздiң ұтқан тұсымыз – осы.

ҰТЫЛҒАН ТҰСЫМЫЗ...
Экономика ғылымының докторы, профессор Атамұрат ШӘМЕНОВ:
– Қазiр шенеунiктердiң басым бөлiгi «елдегi қымбатшылықты одан әрi шарықтатпау үшiн отандық тауар бағасын тежеп ұстауымыз керек», – дейдi. Бұл – нарықтың заңдылығына қайшы келетiн дүние. Нарықта «тауар бағасын шектеп ұстау керек» деген қағида жоқ. Бұл әдiстен отандық өнiм өндiрушiлер өндiрген тауарының үстiнен пайда көре алмай, ұтылып отыр. Үкiметтiң отандық тауар бағасын өсiруге шектеу қойғаны дұрыс емес. Бұл – бiр. Екiншiден, инфляция кезiнде елдегi жан басына шаққандағы орташа табыс табатындардың ұтқаны да шамалы. Қазiр қазақстандықтардың 60 пайызы айлығын шай-пұлына жеткiзе алмауда. Демек, халыққа мемлекет тарапынан бөлiнетiн әлеуметтiк төлемдердi өсiрудi, инфляция есебiнен үстеме төлем қосуды ойластырғаны жөн. Бұған қоса, елдегi орташа жалақы көлемiн де өсiру қажет. Ал үшiншiден, Қазақстанға келетiн тауарлардың 60 пайызы сырттан тасымалданады. Демек, болашақта импортты қымбаттатпау үшiн импортқа салынатын салық мөлшерiн қайта қарастыру керек. Мiне, осы жайттардың астарына мән берiлгенде ғана бiз инфляциямен күресте ұтып шығатын едiк. Әзiрге инфляциямен күресте ұтқан тұсымыз шамалылау болып тұр. Әсiресе қарапайым халыққа ауырлау тиiп тұр.

Түйiн:
Жалпы, экономист-мамандар инфляциямен күрес жолында кешендi, жүйелi бағдарламалар жасалынуы қажеттiгiн алға тартады. Бiр ескеретiнi, «ол бағдарламаларда ғылыми негiз болуы керек», – дейдi отандық ғалымдар. Бағамдасақ, iргемiздегi Ресейде, көршiлес Қытайда елдегi болып жатқан нарықтық құбылыстарды бақылап отыратын ғылыми кеңестер орталығы бар көрiнедi. Ал бiзде ше? Бiзге де неге экономикалық құбылыстарды құр жiбермей, сарапқа салып, талқылап отыратын ғылыми кеңестер ашпасқа? Мүмкiн, сонда мемлекеттiк шенеунiктердiң де арқасына артқан жүк жеңiлдер ме едi?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста