Ипотека несиесі төленбесе үй банкте қала ма?

Ипотека несиесі төленбесе үй банкте қала ма?

Жеке тұлға банркроттық жағдайда қалып, ипотека төленбесеғ үй кімнің меншігінде болады? Банкке құйған ақшасы далаға кете ме? Бұл туралы Inbusiness.kz порталы хабарлайды.

Қазір Қазақстанда 1,3 миллион адамның несиесі болса, оның 400 мыңға жуығы ипотекалық борышкерлер. Негізінен олардың көпшілігі халық тығыздығы жоғары облыстардың: Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарының, Талдықорған, Өскемен қалаларының тұрғындары.

«Заң жобасына сәйкес, несие кепілі болып табылмайтын жалғыз тұрғын үй мүліктік массаға түспейді деген болжам бар. Бірақ содан кейін мәселе кепіл болып табылатын жалғыз баспанада. Әдетте, адам ипотекаға пәтер алса, оны кепілге қояды», – дейді депутат Дания Еспаева.

Оның айтуынша, несие төленбеген жағдайда мемлекет біршама әлеуметтік кепілдіктер беріп, құнынан төмен пәтер алу мүмкіндігін беруі керек. Мысалы, несие алушының 4 бөлмелі пәтері бар, ол толығымен баспанасыз қалмас үшін, оның орнына банк оны өтеген қарыз сомасы есебінен баспанамен қамтамасыз етуі керек. Бұл ретте өтелген қарыз сомасының бір бөлігі – ол 50%, 20% немесе 70% бола ма, банктің ипотекалық тұрғын үйді сатуы мәселесі әлі ашық күйінде қалып отыр.

Ал, фракция депутаттары заңға енгізілген өзгерістерге қатысты өз ұстанымдарын қорғамақшы. Заң жобасы парламентке 2022 жылдың 11 мамырында түскен және осы жобаға сәйкес ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.

Inbusiness.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста