Ипотеканы қайта қаржыландыру борышкерлердің жүгін жеңілдете ме?

Ипотеканы қайта қаржыландыру борышкерлердің жүгін жеңілдете ме?

Еліміздің Ұлттық банкі бұған дейін ипотекалық несиелендіру саласындағы мәселелерді шешуге қосымша 130 млрд теңге бөлінетінін мәлім еткен болатын. Ал кешелі бері Ұлттық банк өкілдері «бұл қайта қаржыландыру бағдарламасы арқылы бөлінген қаржы 2004-2009 жылдар аралығында берілген ипотекалық несиелерді қамтиды» деді. Осы ретте біз «ипотеканы қайта қаржыландыру борышкерлердің жүгін жеңілдете ме, қайта қаржыландырудың белгіленген мөлшері (ставкасы) қанша пайыз болуы мүмкін? 2004-2009 жылғы ипотекалық несие алғандар бұл қайта қаржыландырудан қандайда бір пайда көре ме» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Борышкерлердің қарызы кешіріле ме?
Жалпы, ипотеканы қайта қаржыландыруға қатысты Ұлттық банктің баспасөз қызметі «бірден айту керек, бұл бөлінген қаражат несиелерін төлей алмай жүрген адамдардың қарыздарын есептен шығаруға жұмсалмайды. Ол ипотекалық несиелер бойынша қызмет көрсету шарттарын жеңілдетуге бағытталады. Енді Ұлттық Банк осы саладағы мәселелер шешудің жолдарын әзірлеу, оның негізгі өлшемдерін айқындау жұмыстарын мүдделі мемлекеттік органдармен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен, банктермен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады» деді.
Сөйтіп, Ұлттық банк ресми мәлімдеп отырғандай, бөлінген қаржы борышкерлердің қайтара алмай жүрген несиесін кешіруге жұмсалмайды. Әрине, кезінде ипотканы рәсімдеп алып, қазір оны төлей алмай жүрген қауым қарызын кешіргенді қалайды-ақ. Бірақ мына деректерге жүгініп көрелікші, мәселен, соңғы бес жылда еліміздің екінші деңгейлі банктері ипотекалық несие түрінде 26 миллиард теңгеден астам қарыз берген. Бүгінде оның 11 миллиард теңгеден астамы әлі қайтарылмаған. Бұған дейін ипотекалық қарызын тұрақты төлеп келген тұтынушылардың қазір 33 мыңы проблемалық санатқа өткен.

Ипотека пайызын төмендету мүмкін бе?
Демек, осыншама қарызды ипотеканы қайта қаржыландыру арқылы кешіріп жіберу тағы мүмкін емес. Ал енді қайтпек керек? Мүмкін, қайта қаржыландыру арқылы ипотеканың пайызын яғни белгіленген мөлшерлемесін төмендетуге болатын шығар? Бірақ мамандар нақ қазір ипотека саласында белгіленген мөлшерлемені төмендету өзін-өзі ақтамайтынын алға тартуда.

Тоғжан Шаяхметова, банк секторының маманы, экономист-сарапшы:
- Ашығын айту керек, біздегі ипоткеа саласы өзін-өзі ақтамай тұр. Егер біз ипотканы қайта қаржыландыру арқылы оның пайыздық мөлшерлемесін төмендететін болсақ, мұндайда банктер мүлдем абдырайды.. Білесіздер, қазір Ресейдің Орталық банкінің өзі пайыздық мөлшерлемені 10,5 пайыздан 17 пайызға дейін көтерді. Бұл қарапайым халықтың қалтасына өте ауыр болса да, Ресей Орталық банкі мөлшерлемені осылай көтеруге мәжбүр болды. Артынша Ресей банктерінің өзі Орталық банк алдындағы қарызын қайтара алмай абдырап қалып еді, Орталық банк пайыздық мөлшерлемені 15 пайызға төмендеткен болды. Ал енді осындай жайттарды есепке алып айтсақ, бізде де былтырғы девальвацияның салдарынан ипотека нарығы айтарлықтай зардап шекті. Мысалы, былтыр доллар қымбаттап кетті. Тұрғын үй бағасы доллармен есептелетіндіктен біздегі үй бағасы да қоса қымбаттады. Ал ипотекасын доллар арқылы рәсімдеген халықтың да банктердің алдында борышы өсті. Тіпті борышының бағасы өсіп кеткендіктен халықтың біразы наразылықтарын да білдіруде. Сондықтан бұл жерде Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі екі талай. Себебі Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені төмен қойса, онда өзге банктерге де төмендету міндетттеледі. Ал мұндай қадам екінші деңгейлі банктерге тиімсіз. Олардың сыртқы қарызын қайтару қиындай түседі. Ипотеканы алған борышкерлердің қарызын қайтармауының өзі қазір банктердің капиталын орталап отыр. Сондықтан пайыздық мөлшерлеме төмендейді деп үміттену қиын.

Ипотека халыққа тиімді болу үшін не істеу керек?
Мамандардың пайымдауынша, болашақта халықтың ипотекаға деген сұранысының төмендеуі де мүмкін. Себебі бұл жүйе бізде әлі де сауатты қалыптаспай отыр. Сондықтан бұл саладан халық та, банк те пайда көруі үшін мынадай жайттарды ескерген жөн.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Білесіздер қазір, теңгемен ипотека рәсімдеуді қазір банктер мүлдем тоқтатты. Өйткені бір банк сан мыңдаған тұрғынға теңгемен ұзақ мерзімге ипотекалық несие берді делік. Егер күтпеген жерден теңге девальвацияға ұшырай қалса, сөз жоқ, әлгі банк мұның зардабын тартады. Ал енді доллармен халыққа несие ұсыну тіптен тиімсіз болып отыр. Доллар өссе несие де өсіп шыға келеді. Қанша жерден ипотеканы қайта қаржыландыру жүреді дегенмен, бұл жерде Ұлттық банктің белгіленген пайыздық мөлшерлемені төмендетуі екі талай. Қазір жағдай 2004-2009 жылдардағыдай емес. 2004-2009 жылдары бір доллар 140-150 теңгенің айналасында болды. Ал доллар қазір 185,5 теңге болып тұр. Айырмашылық бар. Рас, бұл арада пайыздық мөлшерлемені 2004-2009 жылдардағыдай белгілесе банктер ұтылады, халыққа әрине тиімді болады. Әзірге Ұлттық банк бекіткен пайыздық мөлшерлеме 5-7 пайыздың айналасында тұр. Екінші деңгейлі банктер Ұлттық банкке сол мөлшерлемені қайтарса болғаны, қайсыбір екінші деңгейлі банктер ипотекаға бұған дейін 11-14 пайызға дейін мөлшерлеме белгілеп келді. Бірақ көпшілік біледі дамыған елдерде сыйақы мөлшерлемесі 2-4 пайыздан аспаса, қазақстандық банктер ипотекалық несиені кем дегенде 11-14 пайызбен береді. Оған тағы қызмет пайызы мен комиссияларды қосыңыз, сонда жылдық пайыз мөлшерлемесі 20-дан да асып жығылады. Ол аздай бізде қарызы уақытылы төленбегендерге үйінен айрылып қалу қаупі тағы бар. Міне, қазіргі кезде де банктерді қолдауға Ұлттық банк тарапынан 130 млрд теңге бөлінбекші. Енді Үкімет пен Ұлттық банк «екінші деңгейлі банктер ипотекалық несиенің пайыздық ставкасын төмендетуі тиіс» деген талап та қоя білуі керек. Ал бұл тіптен мүмкін болмаса «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкіне беріп отырған капиталын Үкімет «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында тағы екі есеге көбейтуі керек. Халық арзан баспанаға қол жеткізсін десе, Үкімет «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында салынатын Тұрғын үйлердің легін осылайша көбейту тиіс. Тұрғын үй нарығын осылайша қолдау арқылы дағдарудан алып шықпасақ, жағдай мүшкілдейді. Халықтың баспанамен қамтылу үміті жойылмасын десек, бізге қысқа мерзімде осындай шараларды қарастырған абзал.

Төменде біз осы уақытқа дейін Қазақстан банктері ипотканы қалай және қанша пайызбен рәсімдеп келгенін арнайы сызбамен көрсетуді жөн көрдік:

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста