Кәсіби теңсіздіктің әлеуметтік аспектілері

Кәсіби теңсіздіктің әлеуметтік аспектілері

Қазақстандықтардың 40 пайызы 56 мың теңгеден аз жалақы алады. Банкттердегі жинақтардың 95 пайызы тұрғындардың тек бір пайызына тиесілі болып табылады. Ал орташа жалақы мәселесіне тоқталатын болсақ қазіргі кезде ол 116 мың теңгені құрайды. Ол мына принцип бойынша есептеледі: жұмыссыз адам 0 теңге алатын болса, ірі кәсіпорынның директоры 500 мың теңге жалақы алады. Осыдан орташа жалақы 250 мың теңге болып есептелінеді. Бұл өз кезегінде бұрмаланған статистикаға алып келеді. 

Нарықтық экономикаға өтуге байланысты қоғамда кәсіби әлеуметтік теңсіздік орын алуда. Жоспарлы экономика заманында денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мамандар дәстүрлі түрде сұранысқа ие және жоғарғы жалақы иелері болып саналса, XXI ғасырда олардың орнын жеке кәсіпкерлер басты. Осыған байланысты қазіргі таңда кәсіби теңсіздік мәселесі туындап отыр. Кәсіби теңсіздік қолда биліктің болуы, маман біліктілігі, мамандықтың қоғамдағы беделі секілді факторлар бойынша анықталады.
Қазіргі заманғы еңбек нарығын екі кәсіби топқа бөліп қарастыруға болады: жеке меншік қатынастардағы өз мамандықтарының иелері және мемлекеттік меншікте қызмет ететіндер. Осы топтарда мамандарға деген сұраныс әртүрлі болады. Қазақстандағы жеке меншік мекемелері экономиканың барлық салаларын қамтымайды, өйткені бірінші кезекте нарықта бағдарланған мамандыққа деген сұраныс, бірақ олардың арасында белгілі бір шектеу болады. Екінші топта кәсіби сұранысқа ие мамандар әлде қайда көп, бірақ ондай мамандарды материалдық жағдай қанағаттандырмайды.

 

Кәсіби нарықта директор қызметіндегі мамандар саны аз, оның есесіне экономиканың әр түрлі саласында менеджерлер көп қажет. Осыған байланысты әртүрлі деңгейдегі менеджерлер кәсіби нарықта тұрақты сұранысқа ие.
Ғылыми зерттеулер нәтижесіне қарағанда кәсіби менеджерлер тобын 18 ден 44 жасқа дейінгі, білім деңгейі жоғары адамдар құрайды. Олардың ата – атаналарының үштен екісінің білім деңгейі жоғары. Бұл топқа жататындардың өмірлік құндылықтары мен таңдау жасаудағы саналы білімі жақсы болып есептеледі. Екінші топтағылардың кәсіби білімі арнайы орта білімділерден үш есе жоғары. Ерлермен салыстырғандағы жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылған арасында әйелдердің үлесі жоғары.
Тұрғын халықтың әлеуметтік жағдайы олардың қай салада жұмыс істейтіндігімен байланысты. Мысалы өндіріс саласында істейтіндердің жалақысы басқа салада істейтіндердің жалақысынан анағұрлым көбірек. Осыған байланысты халықтың тұтыну заттарын сатып алу кезінде айырмашылықтары байқалады, нәтижесінде кәсіби теңсіздік орын алады.
Менеджерлер өз мамандықтарының беделін жоғары бағалайды және қоғамның әлеуметтік иерархиясында өте жоғары орын алу үшін мүмкіндік береді деп санайды. Әлеуметтік мәртебесіне қатысты, менеджерлердің көпшілігі жақсы лауазымдық қызмет атқарады, біліктілік деңгейін жоғалпай-ақ және қызмет дәрежесін төмендетпей өзінің мансабын жоғарылату мақсатында жұмыс орнын оңай ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Қол астында қызметкерлерінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ олардың саны – қызмет жағдайын сипаттайды және лауазымдық деңгейді көрсетеді.
Басқарушылық мамандығы болашақта өз қызметінен айырылып қалған жағдайда өз мамандығына деген сенімділік береді. Олардың 86,1% - жаңа қызметті өте тез және оңай табатындарына сенімді. Жеке кәсіпкерлер қоғамдағы басқа азаматтардың тұрмыс деңгейіне қызығушылық танытпайды.
Басқа кәсіби топтардың өкілдері өндірістік қызметте менеджерлерге қарағанда табыс жетістігі аздау. Менеджерлерден айырмашылығы олар негізінен мемлекеттік секторда жұмыс істейді және олар өз мамандықтарын беделді деп есептемейді, ең бастысы – мансаптық өсудегі болашағы, мансаптық өсу кезінде қызмет баспалдағы бойынша жоғары көтерілуге жұмыс сипаты кедергі келтіреді.
Осы кәсіби топтың басым бөлігі өз жұмысына қанағаттанбауына қарамастан өз қызметін ауыстырғысы келмейді, өйткені тез арада жаңа жұмыс табала алатындығына үміті аз. Осы топтың өкілдері өздерін әлеуметтік иерархияның әлдеқайда жоғары деңгейіне қояды. Ал олардың 40% өздерін орташадан төмен топқа жатқызатынын атап кету жеткілікті.
Басшылардың материалдық жағдайы негізінен мынандай параметрлермен сипатталады: азық-түлік пен киім кешекке ақша жеткілікті, бірақ тұрмыстық техника алу қиындау; үлкен тұрмыстық техника сатып алу үшін қаражат жеткілікті, бірақ автокөлік алуға жеткіліксіз; коттедждер және пәтер басқасының барлығына жеткілікті.
Басқа кәсіби топ өкілдерінің бағдары да өзгеше. Адамдардың 54,5% ең бастысы бұл жұмыста - отбасын қамтамасыз ету; 53,9% жақсы еңбекақы деп есептейді.
Басшылар өмірлік белсенді позиция ұстанады. Оларда өмірге деген көзқарас белсенді және мемлекет тарапынан қамқорлықтың болмауынан ерекшеленеді. Бұл ұстанымы арқылы басқа кәсіби топтардан ерекшеленеді. Олар өз өміріндегі өзгерістерді қолдайды, тәуекелділікті жақсы көреді және үлкен жауапкершілік алу ұнайды, тұрақты әлеуметтік- экономикалық жағдайы мемлекетке тәуелділігін сезіндірмейді. Бұл әлі де болса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық қоғамның қалыптаспағандығын көрсетеді.
Осылайша мамандыққа деген тәуелділік екі санат бойынша – нарықтық немесе нарықтық емес түрі оны ұстанушыларға еңбек нарығын таңдау мүмкіндігін туғызып, экономикалық, материалдық және әлеуметтік айырмашылықтарына алып келеді. Білім берудің факторларының бірі әлеуметтік теңсіздікті жою.
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті төмендету мемлекеттік саясаттың басым бағыты және кәсіби теңсіздікті азайту механизмін ойлап табу алдағы уақытқа қойылатын басты мақсаттардың бірі.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Қорғанбек Салтанат

Стандарттау және сертификаттау мамандығының
1 курс магистранты
«НАРХОЗ» Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста