Кәсiпкердi салық, тұтынушыны нарық қинайды

Кәсiпкердi салық, тұтынушыны нарық қинайды

«Импортқа кеден салығын көтерiп, отандық өндiрiстi жандандыру қажет». Осыдан бiраз уақыт бұрын осындай бастама көтерiлген болатын. Алайда қазiр Үкiметтiң Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру бағытында жұмыс iстеп жатқандығына байланысты, тарифтер керiсiнше, төмендетiлiп жатыр. Сонымен баж салығына қатысты қандай өзгертулер болғалы отыр?
Импортталатын тауарларға баж салығын реттеу iсi қанжардың екi жүзi сияқты. Салықты көтерсе - баға көтерiлiп, тұтынушының қалтасы қағылады. Ал түсiрсе – тауары бәсекелестiкке шыдамай, кәсiпорындар жабылып қалады. Кеден салықтарын жоғарылату немесе төмендету мәселесiн елiмiздiң сауда саясатына сүйене отырып, халықаралық экономикалық ұйымдармен қарым-қатынасты реттейтiн мекемеаралық комиссия шешедi. Индустрия және сауда министрлiгiнiң жауаптарына қарағанда, жуық арада сырттан келетiн тауарларға баж салығы төмендетiлетiн тәрiздi. Қазақстанда өндiрiлетiн тауарларға 10 пайыздан жоғары, ал бiзде мүлдем шығарылмайтын өнiмдерге өте төмен салық белгiленген. Көбiне кеден ставкасын өзгертудi жиһаз өндiрушiлер, шырын шығарушылар немесе жеңiл өнеркәсiп тәрiздi салалық қауымдастықтар ұсынады.
Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру iсiн реттейтiн жұмыс тобы отандық өнiм өндiрушiлердi қолдау мақсатында ет, шұжық, сүт өнiмдерi, сары май, iрiмшiк, кондитерлiк тағамдар, шырын, алкоголь және темекiге кеден салығын сақтап қалуды мақсат етедi. Алайда, былтыр қымбатшылықты тежеу қажет болған кезде бiрқатар азық-түлiк түрлерiне кеден салығы төмендетiлдi.
Дегенмен, кеден салығы кәсiпкердi ТМД және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық елдерiнiң тауарларынан қорғай алмайды. Өйткенi бұл елдермен еркiн сауда жөнiнде бiрнеше мемлекетаралық келiсiмдерге қол қойылған. Достастық аумағынан негiзiнен азық-түлiк жеткiзiледi. Мысалы, импортталатын кондитерлiк тағамдардың 72 пайызы Украинадан, 16 пайызы Ресейден ешқандай кеден салығынсыз әкелiнедi. Сүт импортының 92 пайызы Ресей мен Қырғызстан өнiмi, шырынның 76 пайызы Ресей мен Тәжiкстаннан жеткiзiледi. Импортталатын сыраның 98 пайызы Ресейде жасалған.
Сонымен, кеден салығын жоғары деңгейде ұстап тұрудан кәсiпкерлерге қайран жоқ сияқты. Өйткенi ТМД елдерiнiң өнiмi салық төлемей өтедi. Ал, елде өндiрiлмейтiн тауарларға салықты түсiрсе, тұтынушыға жеңiл болады, яғни азық-түлiк, киiм-кешек, тұрмыстық техника қазiргiден арзанға түспек. Отандық өндiрушiлерге ендiгi уақытта қатаң бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстеуге тура келiп отыр.

Самат ОРАЗАЛИЕВ, кәсiпкер:
– Сырттан келетiн дайын өнiмге баж салығын көтеруден менiң iсiме пайда жоқ. Өйткенi тауардың барлығы шекарадан заңсыз жолмен өткiзiлетiнi белгiлi. Менiң фирмам айна-тарақ, ине-жiп, сусабын, сабын, жуынатын гель тәрiздi гигиеналық заттарды әр қонақ үйдiң брендi басылған қорапшаларға орналастырып, буып-түюмен айналысады. Шикiзатты Түркия мен Қытайдан алдыртамыз. Заң бойынша, кеденнен өткiзу үшiн үйге киетiн кебiстiң әрқайсысына 250-300 теңге төлеу керек. Бiз матасын әкелiп, тiккенде – құны 150 теңге болады. Бiрақ осыны дайын күйiнде Қытайдан әкелiп, 110-120 теңгеге өткiзiп жатқандар бар. Әр шәркейге 250 теңге кеден салығын төлесе, 120 теңгелiк баға қайдан шықты сонда? Бiрақ әйтеуiр 15-20 адамға нәпақа болсын, өндiрiске жол ашылар деген үмiтпен жұмыс iстеп жатырмыз. Қазақстандағы 700 қонақ үйдiң 250-300-i бiзге тапсырыс беретiн. Бiрақ мына дағдарыстың кесiрiнен олар да қиналып қалды. Бiзге тапсырыс үш есеге азайды. Қазiр тек алдын ала төлем жасағандармен жұмыс iстеп жатырмыз.
Әмiржан ҚАЛИЕВ, «Қазалко» қауымдастығы вице-президентi:
– Кеден салығының тек алыс шетелдерге ғана қатысы бар. Iшiмдiк өнiмдерiн шығарудан негiзгi бәсекелесiмiз Ресейге мұның қатысы жоқ. 2005 жылы спирттi өнiмдер импорты 6 пайыз ғана болса, 2008 жылы 16 пайызға жеттi. Бүйте беретiн болса, отандық спирт заводтары түгел тоқтап қалады. Ресей өз нарығын қорғау мақсатында импорт үлесiн 10 пайыздан асырмайды. Оның үстiне лицензиялық алым да бiздiң жайымызды күйттемейдi. Отандық өнiм өндiрушi лицензия алу үшiн 500 АЕК төлесе, импортер 10 АЕК қана төлейдi. Мерзiмi – бiр жыл, қанша литр әкелсе де өзi бiледi. Ал Ресей импортерлерге лицензияны тек екi айға және 20 000 литрге ғана бередi. Әрi өз зауыттарына лицензияны екi есе арзанға бередi.
Асылзер САРИНА, Алматы қалалық кедендiк бақылау департаментiнiң кедендiк табыстар басқармасы бастығы қызметiн атқарушы:
– Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру қарсаңында 2008 жылы көптеген тауарларға баж салығы 5-10 пайызға төмендетiлдi. Отандық өнiм өндiрушiнi қолдау мақсатында үкiмет елiмiзде жеткiлiктi мөлшерде шығарылатын тауарларға кеден салығын жоғары ұстауға тырысады, ал бiзде өндiрiлмейтiн тауарларға 5 пайыздан төмен немесе мүлдем нөлдiк ставка белгiлейдi. Мысалы, былтыр балық және теңiз өнiмдерiне 10 пайыздан нөлге, сүтке 15 пайыздан нөлге, күнбағыс майы маусымына байланысты 5 пен 20 аралығында, дәл қазiр 0 пайыз, қант 30 пайыздан 20 пайызға, дәрi-дәрмекке нөл пайызға дейiн төмендетiлдi. Бiзде шығарылмайтын ұшақ, тiкұшаққа да 20 пайыздан нөлге дейiн шегерiлдi. Ал отандық жеңiл өнеркәсiпке қолдау болсын деп химиялық жiптен тiгiлген киiм-кешекке 10 пайыздан 5 пайызға, киiм-кешектiң өзге түрiне 20 пайыздан 15 пайызға, аяқкиiмге 15 пайыздан 10 пайызға дейiн төмендетiлдi. Бiздiң департамент жүргiзген зерттеулер бойынша, баж салығы төмендетiлген соң бiз салымды жылдағыдан 23 миллиард теңге кем жинаппыз. Яғни осынша қаржы кәсiпкерлердiң қалтасында қалды деген сөз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста