Кәсіпкерлер құқығын қорғау - өзекті мәселе
Кез-келген кәсіпкерге ісі ілгерілеп кеткенше мемлекеттік қолдау қажет. Енді бизнес иелерінің құқығы биік мінберлерде ғана емес, ауыл-ауылдарда да қорғалатын болады. Бұл міндетті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мойнына алып отыр. Бүгін палатаның құқық қорғау кеңесі алғаш рет Талғар ауданында жиын өткізді. Жергілікті билік пен бизнес өкілдері шақырылған басқосуда кәсіпкерлердің аяғына тұсау болып отырған мәселелер талқыланды. Мәселен, көбінесе субсидия алу, бюджеттік және экологиялық , жер қатынастары заңдылықтарының дұрыс сақталмауы, артық қағазбастылық бизнеске кедергі келтіреді екен. Жыл басынан бері Алматы облыстық кәсіпкерлер бөліміне осындай 100-ден астам шағым келіп түскен.
ЕРЛАН ДАТКАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Қазір елімізді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асырудың басты тетіктерінің бірі - кәсіпкерлікті қолдау саясаты, оның ішінде агроөндірістік кешенді субсидиялау. Бірақ, түскен шағымдар кейбір мемлекеттік органдардың бизнеске кедергі келтіріп отырғанын көрсетті. Мұндай фактілер Райымбек, Панфилов пен Қарасай аудандарында тіркелді.»