Көлеңкелі бизнес көңілге кірбің ұялатып тұр

Көлеңкелі бизнес көңілге кірбің ұялатып тұр

Ел экономикасына әжептәуір нұқсан келтіретін «кәсіп» ол – көлеңкелі бизнес. Көлеңкелі бизнес, ең әуелі, мемлекеттің салық базасын қысқартып, қазанын ортайтады. Соның кесірінен экономиканың заңды түрде жұмыс істеп жатқан секторларына салық ауыртпашылығы арта түседі. Сондай-ақ көлеңкелі бизнес заңды экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Бұл өз кезегінде өзге экономикалық құрылымдарды да көлеңкелі бизнеске кетуіне итермелейді. Ең сорақысы – сыбайлас жемқорлықтың тамыр алуына мүмкіндік береді. Көлеңкелі бизнес көбейген жерде қаржы институттары да секем алып, мемлекетке деген сенімін жоғалтады.
Сондықтан да мемлекет қаржы жым­қыруға және осындай көлеңкелі бизнестің өріс алуына жол ашатын әрекеттердің тамырына балта шабу үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Сол үшін де елімізде Қаржы министрлігі жанынан қаржы мониторингі комитеті құрылып, арнайы «Заңсыз жол­мен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң да қабылданды. Кеше Астанада ақшаны жымқыруға қарсы іс-әрекет жөнінде екі күнге созылатын үл­кен семинардың басталуы да осы мақсатқа сая­ды. Бұл семинарда шетелден келген са­рапшылар мен мамандар екі күн бойы дә­ріс оқиды. Оның ішінде шетелдің тәжі­рибелері де айтылады.
Семинарды Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесі органдары мамандарын да­йындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ, қаржы мониторингі комитеті және Литва Республикасы Ішкі іс­тер министрлігінің мемлекеттік басқару ин­ституты ұйымдастырып отыр.
Халықаралық валюта  қоры сарап­шы­ларының есептеуінше, жыл сайын жым­қы­ры­латын ақша көлемі әлемдік жалпы ішкі өнім­нің 2-5 пайызын құрайды екен. Яғни 2007 жылғы дағдарысқа дейінгі мәліметке сү­йенсек, жымқырылған ақша көлемі 72,5 трил­лион доллар болған. Ал 2007 жылы күл­лі әлем бойынша 1,45-3,62 триллион дол­лар азғантай топтың қалтасына түскен. Бұл дегеніміз білдей бір дамушы мем­ле­кет­тің жалпы ішкі өніміне тең келеді деген сөз.
Қаржы полициясы және прокуратура ор­гандарының анықтауына сүйенсек, Қа­зақстанда ақша жымқыруға жол беретін кө­леңкелі бизнеске жататын әрекеттердің түр-түрі бар. Атап айтсақ, салықтық қыл­мыс­тар, жалған кәсіпкерлік, есепке алын­ба­ған өнімдер айналымы, экономикалық контрабанда, қылмыстық жолмен тапқан қаржыны заңдастыру және оны шетелге шығару секілді қылмыстар.
Соңғы жылдар ішінде елімізде кө­лең­келі бизнес айналасында 3 мың 127 қыл­мыс ашылған. Бұлардан 112 миллиард тең­ге көлемінде залал келген. Оның тек 61,2 миллиард теңгесі ғана қайтарылған.
Мұның ішінде кең тараған қылмыстың бірі – жалған кәсіпкерлікпен айналысу. Бұл қылмыс елімізде былтырғы жылды есеп­темегенде, жыл сайын 20-30 пайызға өсіп отырған. Мәселен, 2008 жылы 360 жалған кәсіпкерлік тіркелсе, 2009 жылы – 560,  2010 жылы 889-ы тіркелген. 2011 жылы ғана 443-ке азайған. Бұлардан мемле­ке­тімізге келген залалдың көлемі де айтар­лық­тай көп. 2011 жылы бұл қылмыстардан кел­ген залал 33,7 миллиард теңге болған. Бұл соманың жартысының азы ғана мем­лекет қазанына қайтқан.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, мұн­дай «көртышқандардың» әрекетіне тос­қа­уыл қоятын уақыт келді. Сондықтан да мем­лекет үшін мұндай семинарлар ауадай қа­жет. Шетелдің оңды тәжірибесі болса, неге елімізде соны қолданбасқа?
Ромуальдас Повилас ПЕТРАЙТИС, Литва Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік басқару институтының директоры:
– Біздің Қазақстан «Қаржы жүйесі органдары мамандарын дайындау, қай­та даярлау және біліктілігін арттыру орталығымен» бірігіп өткізіп отырған семинарымыз алғаш рет өтіп отыр. Біз Лит­ва Республикасы Ішкі істер ми­нистр­лігінің мемлекеттік басқару инс­титуты ретінде мемлекеттік қызметтің тиім­ді моделін жасауға және Литвадағы мем­лекеттік қызметкерлердің білік­ті­лігін арттыруға жауап береміз. Осыған бай­ланысты біз мемлекеттік қыз­мет­кер­лердің тиімді жұмыс істеуі үшін ше­тел­дің біліктілікті арттыру орталық­та­рымен тығыз байланыс жасап, тәжірибе ал­масамыз. Сондықтан да бұл семинар ма­мандарды оқыту ғана емес, сонымен қа­тар Литва мен Қазақстан арасындағы ын­тымақтастықты арттыру және бірыңғай экономикалық кеңістік және еу­ропалық одақ деңгейінде өзара әре­кет­тестік болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста