Көлігіңіз газбен жүрсе: артықшылықтары мен кемшіліктері

Көлігіңіз газбен жүрсе: артықшылықтары мен кемшіліктері

Бензин бағасы қымбаттаған сайын автомобиль иелері темір тұлпарларына газ-баллон жабдығын (ГБЖ) орнатуды мақұл көре бастады. Қаржылай тиімділік – ешкім қарсы тұра алмайтын дәлел. Өйткені газбен жүретін автомобильге әрбір жүріп өткен километр, бензинге қарағанда, екі есе арзан түседі.Алайда газбен жүретін қозғалтқыштардың да өз «кілтипаны» бар.
Көлікті газдандыруға шешім қабылдағанда, пропан-бутанға көшудің өз кемшіліктері бар екенін ұмытпаған жөн. Біраз тәжірибе жинақтаған пайдаланушы Н. Аркадийдің сөзіне қарағанда, ең бастысы, автомобильге газ жүйесін орнату мен газдың сапасы.
– Кейбіреулер газ қозғалтқышты құртады және автоапат болған жағдайда жарылысқа ұрындыруы мүмкін деп есептейді. Басқалары оны машинаға жұмсалатын қаржыны үнемдеу әдісі ретінде қабылдайды. Оның барлығы, қиял, бос сөз.
– Сонда шындық қайда?
– «Шындық» өндірушіге, қызмет көрсетудің тұрақтылығына және газ қондырығысын орнатушылардың ебедейсіздігі деңгейіне байланысты. Атап айтарлығы, соңғысы ең маңызды. Мен Рысқұлов-Саин көшелерінің қиылысында орналасқан «Газсервис» компаниясында 4-буындағы электронды «Элгаро» ГБЖ-сын орнаттым. Мен «Элгаро» орнатуға тапсырыс бергенмін, ал олардың нақты не орнатқаны белгісіз. Өйткені кепілдік берілген мерзімде мен оларға төрт рет кіріп, біраз уақытымды жоғалттым. Олар бірде компьютерді жөндесе, келесі жолы бүріккіштерді, яғни форсункаларды ауыстырды.
– ГБЖ-ны орнату – автобиль құрылымына елеулі өзгеріс енгізу емес пе…
– Амал қанша? Әрине, ең дұрысы – автомобильді қайта жабдықтамай, газ қондырғысы орнатылған автомашина сатып алу. Бұл сізге көп мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бірақ, өкінішке қарай, біз ГБЖ орнатуға мәжбүрміз, өйткені басқа амал жоқ.
– Сіз өз тәжірибеңізге сүйеніп, газдың қаншалықты тиімді екенін айта аласыз ба?
– Жағымсыз жақтарын бірден айтайын: газ, бензинге қарағанда, 15 пайызға көп жұмсалады. Мен компьютер есептейтін шығынды емес, бензин багіндегі жанармайдың нақты шығыны бойынша айтып отырмын. Егер менің автомашинам қалада, кептелістерді есептегенде, 100 шақырымға 17 литр бензин жұмсаса, газ шығыны көлікті қыздыруға кететін бензинді есептемегенде, 20-22 литрге тең болатын. Кейде көше қиылыстарында машина өшіп қалмас үшін, бензинге ауысуға тура келетін.
– Газ бензинге қарағанда, екі есе арзан, сондықтан шығынның 15 пайызға артатыны туралы әңгіме қозғау, ақылға сыймайтын сияқты.
– Менің есептеулеріме сәйкес, қондырғы бірнеше жылдан кейін өзін өзі ақтайды (ақпараттық графика). Газ жүйесінің құны мен оны 4 цилиндрлік қозғалтқыш орнатылған автомашинаға орнату, шамамен, 1 мың долларға түседі. Бірақ бұл не ең төменгі, не ең жоғарғы баға емес. Барлығы орнатушының ашкөздігі мен парасаттылығы деңгейіне байланысты. Клиенттерге қызмет көрсету оларды еш нәрсеге міндеттемейді, келесің, сұрайсың, ал олар қолында барын орнатып бере салады.
– Тағы қандай кемшіліктері бар?
– Жарты жыл ішінде мен орнатушыларға бірнеше рет барып, бірнеше рет резеңкелерді ауыстыруға мәжбүр болдым. Өйткені біздегі газ сапасы нашар, сондықтан форсункалардағы резеңкелер тез тозады, соның салдарынан машина дұрыс жүрмейді. Техникалық қызмет бекетіне әрбір кіргенің кем дегенде, 4 мың теңгеге түседі. Жалпы, егер сіз балама жанармайға көшу туралы шешімге келіп, жүксалғышқа газ баллонын онатқыңыз келсе, онда қатаң техникалық бақылау қажет болады. Жүйе үлкен атмосфералық қысымы жағдайында жұмыс істейді, сондықтан оған жеңіл-желпі қарауға болмайды. Машинаңызды, кем дегенде, жылына бір рет сервис орталығына кіргізіп, тексерткеніңіз жөн, ал ол тегін жасалмайды. Мен бір жыл қиналдым, одан кейін қолымды бір сілтедім де, қайтадан бензинге көштім.
– Жанармай бекеттерінде газ құйғанда алдамайды ма?
– Міне, осы ең жағымсыз жағы – газ құйғанда алдау ықтималдығы бензинге қарағанда, анағұрлым жоғары. Негізгі мәселе – газдың сапасы мен оны толтырмай құю.
– Неге?
– Газды бақылай алмайсыз. 60 литрлік баллонға 48 литр газ сыюы тиіс, одан кейін шектегіш іске қосылады, ал маған кейде 55 литр «құйып жіберетін». Егер сізді жанармай құюға барған сайын 8 литрге алдаса, қандай үнемділік туралы әңгіме қозғауға болады?
– Сіз сияқты жағдайға ұшырағандар көп пе?
– Осы сервис орталығына барып жүргенімде, қызметке риза болмай, наразылық білдірген үш адамды кездестірдім. Олар көліктен жаман иіс шығатынын айтты.
– Салонда ма?
– Жоқ, капот астынан. Газдың құрамында күкірт көп болады, қазір менің машинамның капотының астынан қышқылдың иісі шығады. Менің ойымша, орнатушылар жүйенің жұмысын дұрыс реттемеген немесе газдың құрамындағы күкірттің мөлшері үлкен. Өзгешіліктер көп, бәріне көндігіп, жүре беруге болады, бірақ жабдықтың өзін өзі ақтау мерзімі сіздің қалай жүргеніңізге байланысты. Мен ГБЖ орнатуға жұмсаған ақшаға бір жарым жыл бензинмен жүруге болушы еді.
Редакциядан: бұл бір адамның басынан өткен тәжірибе. Автомобильдерді газдандырудың қолдаушылары мен қарсыластары бар екенін түсінген жөн. Бірақ бір нәрсе айқын – егер үкімет елді бензинмен қамтамасыз ете алмаса, бұл идеяны саралап, мәселені мемлекеттік деңгейде шешкен жөн.
Өз автомобиліңізді газға ауыстырғыңыз келе ме?
• Жоқ, маған бензин де жеткілікті.
• Иә, бірақ оны қалай сапалы жүзеге асыруды білмеймін.
• Иә!
• Менің машинам жоқ.

365info.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста