Көлік саласын дамытуда қауіпсіздік мәселесі шет қалмасын

Көлік саласын дамытуда қауіпсіздік мәселесі шет қалмасын

Жуырда Венада ішкі көлік қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Еуропа елдері қауіпсіздігі ұйымы (ОSСЕ) және БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясы (UNECE) ұйымдастырған жиынға халықаралық ұйымдардың сарапшылары, ғылыми қызметкерлер, көлік мекемелерінің өкілдері, 20 елдің көлік басқармасының қызметкерлері қатысты.
Еліміздегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолға алынған шаралар, стра­тегиялық және ағымдағы міндеттер туралы Көлік және коммуникация ми­нистр­­лігі Әділет департаментінің дирек­торы Арғын Ысқақбаев баяндап берді. Сондай-ақ ол ұлттық қауіпсіздікті нығай­туға, мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуына ықпал ететін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жүйе құру мақсатында министрлік тарапынан көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заң жобасы әзірленіп жат­қанын хабарлады. Бұл жоба келесі жылы Парламентке жіберілмек.
Осы орайда еліміздегі көлік кешенінің Еуразиялық көлік жүйесіне кірігуі және көлік дәліздері жүйесін құру саланы дамы­тудағы басым бағыт ретінде белгіленгенін айту керек. Соған байланысты соңғы 10 жылда елдің көлік-коммуникациялық ке­ше­нін дамытуға 1,4 трлн теңге жұмсалды. Халықаралық қаржы институттарынан 4,2 млрд доллар көлемінде заем тартылды. Осы кезең ішінде тасымалданған жүк көлемі 1,5 есе – 2,5 млрд тоннаға артты. Кө­лік саласы мен көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін 2014 жылға дейін 2,8 трлн теңге бөлінген. Алға қойылған міндеттердің ішінде көлік-коммуникациялық кешеннің негізгі көр­сеткіштерін ұлғайту, жүк тасымалы жыл­дамдығын 15-20 пайызға арттыру, ал ха­лық­аралық көлік дәліздерінде 20-30 пайызға арттыру көзделген. Осы міндеттер орындалған күнде тұрақты инфрақұрылым­дық тізбек қалыптасады. Ол еліміз қаты­сатын халықаралық бағдарламалардың талабына сай. Атап айтқанда, ТРАСЕКА бағдарламасына. Министрлік мәліметінше, ел аумағында бес халықаралық көлік дәлізі өтеді. Олар – Трансазиялық теміржол ма­гис­тралінің солтүстік және оңтүстік дәліз­дері, Орталықазиялық дәліз, «Солтүстік-Оңтүстік» және ТРАСЕКА (Шығыс Еуропа – Қара теңіз арқылы Орталық Азия), Кавказ және Каспий теңізі (Достық- Алматы – Ақтау бөлігінде).
Еуропалық комиссияның ТРАСЕКА жо­басына еліміз 1993 жылдан бері қатысуда. Оның мақсаты – Еуропа-Кавказ-Азия ха­лық­аралық көлік дәлізін кезең-кезеңмен дамыту. Отандық көлік дәліздерінің тар­тымдылығын арттыру үшін көлік-логис­тикалық жүйенің жаңа тұжырымдамасы әзірленген. Осы саладағы ірі жобаның бірі – «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы. Оның өткенде ғана іске қосылғанын білеміз. Сондай-ақ Ақтау порты – еліміздегі жалғыз теңіз айлағы. Ол халықаралық жүктерді, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған. 1999 жылы айлақ қайта құрылғаннан кейін жүк тасымалы жылына 1,55 млн тоннаға, ал мұнай жөнелту жылына 8 млн тоннаға жеткізілді. Бұл жұмыс әлі күнге дейін жал­ғасуда.
Тасымал туралы айтқанда көлік қауіп­сіздігі мәселесі кесе-көлденеңдейтіні бел­гілі. Алайда өткен жылы ғана құрылған Бас көлік прокуратурасы көлік саласындағы заңдылықтың сақталуы, соның ішінде жерүсті көлік қозғалысы мен ұшу қауіп­сіздігін қамтамасыз етуде бірталай кем­ші­ліктерді анықтаған еді.
Мәселен, тексеру барысында 114 локомотив, 40-тан астам жолаушы пойызы және 1700 жүк вагонды пайдалануға тыйым салынды. Теміржолдағы қауіпсіздік шараларының сақталмауын Бас көлік прокуратурасы жүк және жолаушы пойыздарының тозығы жеткендігінен (70 пайыз) көреді. «Жолаушылық лизинг-вагон компаниясының» мәліметінше, теміржол көлігінде қызмет мерзімі 28 жылдан асып кеткен 400-ге жуық вагон бар. Сондай-ақ тексеру барысында теміржолда шіріген шпалдарды (кейбір учаскелерде 40 пайызға дейін), ескі рельстерді төсеу сияқты өрескелдіктерді де анықтады.
Өкінішке қарай, мұндай келеңсіз құбылыс теміржол ғана емес, әуе жолдары саласында да жетерлік. Әлбетте, әуе апатынан әлемдегі ірі компаниялардың өзі кепілдік бере алмайды. Бірақ тәуекелді азайтуға арналған ережелер бар. Тексеру көрсеткендей, бұл ережелерді отандық әуе компаниялары бұлжытпай сақтайды деуге келмейді. Жалпы, әуе көлігі саласында ше­шілмей жатқан түйткіл көп. Әуежай­лардың техникалық жабдықталуы нашар, бейне­бақылау жүйесінің жеткіліксіздігі, әуе қауіпсіздігі қызметі құрылмаған.
Сондай-ақ автокөлік жолдары саласын­да түйткіл көп. Рас, соңғы жылдары жағдай түзеліп келеді. Жол жөндеуге көп қаржы бөлінуде. Мәселен, биылғы жол бюджеті 340 млрд теңгені құрады. Соған қарамас­тан, бұл салада да түйткіл көп. Мамандар­дың айтуынша, жол апатының көбеюіне жол сапасының да тікелей қатысы бар.
Сонымен, еліміздегі көлік қауіпсіздігін дамытуға жетілген нормативтік-құқықтық базаның болмауы басты себеп дейтін Бас көлік прокуратурасы көліктің барлық түрлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс екендігін ұсынып жүр. Онда көлік инфрақұрылымы нысандарын техникалық жағынан жабдықтау, кәсіби дайындықтан өткізетін жүйе құру, техно­гендік және табиғи сипаттағы қатерден қорғау шараларын ойластыру, көлік ішін­дегі жолаушыларды құлақтан­дырып оты­ратын ақпарат жүйесін ұйымдастыру сияқ­ты ұсыныстар айтылған. Әрі бұл шаралар тұрақты сипатта болуы тиіс. Еліміздегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған осындай ұсыныстар жоғарыда айтылған заң жобасында көрініс табады деген сенім бар. Өйткені жер көлемі бойынша әлемде 9-орында тұрған еліміз үшін көлік саласын дамыту – тек жүк тасымалын ұлғайту емес, бұл аймақтарды да өркендету, әлеуметтік мәселелерді ше­шу.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста