КСРО кезеңіндегі 3 тиын кез келген кісіні миллионер етеді!
Нумизматика онымен қызыққан адамдардың өте жақсы ермегі ғана емес, сонымен қатар ол қосымша мол табыстар мен байлықтың көзі де бола алады. Бұл туралы russiantourism.ru сайты жақсы хабар таратты.
Әңгіме кешегі Кеңес Одағы заманының әр кезеңінде қолданыста болған тиындар, дәлірегі, қара бақыр теңгелер турасында болып отыр.
Порталдың жазуынша, «тек қандай тиындардың (мәнеттердің) шын мәнінде жоғары бағаға ие екенін білу керек».
Рас, нумизматикамен шындап айналысқан жандар қолдарындағы ондай тиындарын оңайлықпен ауыстыра қоймас. Тіпті, олардың әрбірінің құны мың доллардан асып түскен күнде де бұған баратындарына сену қиын.
Дегенмен…
Қазір белгілі мамандар КСРО кезіндегі тиындардың ішіндегі ең қымбаттары қайсы екенін анықтап шығарыпты. Солардың алғашқы бестігіне кіретіндері мыналар көрінеді:
1925 жылғы тиындар
Бұл жылы шығарылған мәнеттердің таралымы барынша аз еді, ал қазір олар мүлдем дерлік кездеспейтін көрінеді. Сондықтан да олардың бағалары өте жоғары болмақ. Мәселен, номиналы 2 тиындық бақыр мәнеттің бір данасы Ресейде 65 мың рубльге бағаланады. Осыған қарап оның қанша теңге болатынын да анықтау қиын емес. Ал сол жылғы жарты тиындық бақыр ақшаны таба алсаңыз, оны 90 мың рубльге өткізе аласыз. Бір қызығы, 1922 жылғы күміс рубльдерге қарағанда, 1925 жылғы қара бақырлар жоғары бағаланады екен.
1927 жылғы тиындар
Қалайы мен қола араластырылып жасалған екі тиындық мәнеттер айрықша жоғары саналады. Олардың құны бұдан бірнеше жыл бұрын 5 мың долларға дейін барыпты. Кейін олардың «қоймасы» ашылып кетіп, бағасы біршама түскен екен. Бүгінгі таңда 1927 жылы шығарылған 2 тиындық бақыр 50 мың рубль шамасындағы бағаға сатып алынады. Ал 3 және 5 тиындар 10 мың рубльден аспайды.
1931 жылғы күміс тиындар
1931 жылы құндары 10, 15 және 20 тиындық мәнеттер 500 өлшемдік күмістен дайындалған. Қазір олардың бағасы 65 мыңнан 95 мың рубльге дейін барады. Рас, нумизматика рыногында 1931 жылғы мәнеттердің аздап никель қосылып жасалған жасанды тиындары да аз кездеспейді.
1958 жылғы тиындар
Құндары 1, 2, 5, 15, 50 тиындық мәнеттер 50 мың рубльден жоғары бағаланады. Ал 3 тиын мен 2 рубль олардан гөрі жиірек кездесетіндіктен, бағалары да төмен болады. Нумизматикада қалайы-қоламен жасалған 5 тиындық мәнет бәрінен жоғары саналады. Бұл мәнеттің тиражы белгісіз, ал бағасы 70 мың рубльге дейін жетеді.
1947 жылғы тиындар
Бұл жылы шығарылған тиындардың бәрі, өздерінің номиналдарына қарамастан, бәрі бірдей өте жоғары бағалы саналады. Оларға коллеционерлер нумизматикалық форумдарда 50 мыңнан 100 мың рубльге дейін ұсынады. Айтқандай, осы жылы бақырлар соңғы рет таза қоладан құйылды. Бұдан кейін оларға қалайы мен басқа да металдар қосындылары құйылатын болды.
Осылайша өз қорыңызда осы аталған тиындардың бірі болса, саудаға шығарып, оларды пұлдай аласыздар.
ras.kz