Күкірт қышқылынан қауіп бар ма?

Күкірт қышқылынан қауіп бар ма?

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағында күкірт қышқылы зауытының құрылысы жүріп жатыр. Бұл – еліміздегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген жобалардың бірі.
Аталмыш жобаның құны да қымбат. Оған 216 млн АҚШ дол­лары шамасында қар­­жы жұм­салады деп күтілуде. Халық­ара­лық деңгейдегі іргелі іске жа­по­ния­лық және канадалық ком­па­ния­лар қызы­ғу­шы­лық танытып, оны жүзеге асыруға білек сы­бана кірісіп отыр. Алдағы уақытта зауыт­­та 500 мың тонна өнім шы­ға­рылады. Атал­мыш өнім об­лыс­тың Шиелі және Жа­ңа­қор­ған ау­дандарындағы табиғи уран өн­ді­ретін кен орындарына жі­бе­рі­ле­ді.
Бүгінгі күні өндіріс ошағының құрылысы қар­қынды жүріп жатыр. Бас мердігер – «ЗСМК» ЖШС болса, энергетикалық жаб­дық­тармен «Союзкомплект» ЖШС ай­на­лы­суда. Бұл жоба аймақтың әлеуметтік-эко­но­микалық жағдайын жақсартуға оң сеп­тігін тигізеді. Зауыттың негізгі шикізаты «Те­ңізшевройл» компаниясынан жеткізі­ле­ді. Аталмыш компаниядан шикізат 20 жыл бойы үздіксіз келіп тұрады.
Күкірт қышқылы зауытының қоршаған ортаға зиянды әсері бар ма? Оған маман­дар өз жорамалын айтады. Күкірт қышқылы зауы­тының бас директоры Мәдихан Бек­жанов бұл өндіріс ошағы ешқандай залал тигізбейтінін айтады.
Мәдихан БЕКЖАНОВ, Күкірт қышқылы зауытының директоры:
– Зауыт құрылысы тектен-текке қолға алынған жоқ. Оны жүргізуде бар­лық жайды ескердік. Әлемдік тәжі­ри­бе­ге ден қойдық. Рас, елімізде бұрынғы ескі технологиямен салынған осындай зауыттар бар. Біз қолға алған іс олардан өте күрделі. Экологиялық жағынан өте таза өнім саналады. Дүниежүзінде мұн­дай зауыт тек Италияда ғана бар. Сол жерде болып қайттық. Жағдайды тара­зы­ға тартып көрдік. Ол елде мұндай зауыт 300-ден астам курорты бар Сар­ди­ния аралында қоныс тепкенінің өзі көп жайды аңғартады. Сондай-ақ онда қосалқы өнім шығаратын жеті өндіріс ошағы да бар. Зауыт қондырғысының сапасы мықты. Шығатын түтін 0,01 пайыз­ды құрайды. Бұл – білінер-білін­бес деген сөз. Қысқасы, өнім өндіруде еш­қандай қолайсыз жағдай туын­да­май­ды.
Күкірт қышқылы зауыты тек уран өндірі­сі­не ғана өнім әзірлемейді. Бұл жерде ауыл шаруашылығына қажетті минералды ты­ңайтқыш өндірілмек. Сонымен қатар 18 МВт электр қуаты дайындалады. Кәсіпорын 8 МВт шамасында өз қажетіне жаратса, қал­ғаны аудан халқының игілігіне жұм­са­ла­тын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста