Мал өсіруге мойын бұратын уақыт жетті

Мал өсіруге мойын бұратын уақыт жетті

Қазір кәсіпкер десе, жұрттың көзіне сауда саласында жүргендер елестейді. Ал егін егіп, мал асырайтындар осы атаудың шеңберіне сыймайтын сықылды. Мұнымыз бекер. Мәселен, мал өсіру бұрыннан қалған атакәсіп болса да, қазіргі заманда оған кәдімгідей бизнес тұрғысынан қарауға тура келеді. Бұған біздің кейіпкеріміз, кәсіпкер Ерболат Жұмағалиұлы Сейдалиев ағамызбен әңгімелескеннен кейін көз жеткіздік. Мал өсіргісі келетін қазақ табылса, Ерекеңнің осы айтқандары қажетіне жарап қалар.

Білім құдығын терең қаз
«Мен болмасам, кім? Бүгін болмаса, қашан?» дейтін тәуекелшіл Ерекең мал шаруашылығына ден қоймас бұрын бұл саланы әбден зерттеді. Оқымаған кітабы жоқ. Осы саланың майын ішіп, жілігін шаққан ғалымдардан дәріс алды. Содан кейін ғана білек сыбанып іске кірісті. Жетістікке жеткенше тынбайтын мінезі осы арада пайдаға асты. Қазір шаруа қожалығында төрт түліктің бәрі бар. Ет, сүт, қымыз, шұбат, құрт-май жағынан таршылық жоқ, артылғаны саудаға түседі.

Сан емес, сапа
Көп өнім алу малдың тұқымына байланысты екені белгілі жайт. Мәселен, «Алатау» тұқымының бір сиыры бұрынғы қазақы бес сиырдың сүтін де, етін де береді. Жалпы, мал шаруашылығы бізде біраз кенжелеп қалғанын мойындау керек. 4,5 млн халқы бар Жаңа Зеландия жылына 45 млн қойын сыртқа сатады. Қазір Талғарда бір шаруа қожалығы сол елден қошқар әкеліп, өсіріп жатыр. Қошқардың осы түрінен 15 келі жүн (әлемдік нарықта жоғары бағаланатын түрі), 75-80 келі ет алуға болады. Сондықтан қолдағы малдың санын көбейткеннен гөрі оның тұқымына көбірек мән берген жөн.
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал бағу ісі – ұзаққа созылатын жұмыс. Мәселен, Израильдегі ірі қара 70 литрге дейін сүт береді екен. Бірақ біздікіндей емес, сүтінің майлылығы төмен, былайша айтқанда, сылдыр су. Кілегей, май жасауға жарамайды. О жақтағылар біздің сиырлардың сүтіне қатты қызығады дейді. Сондықтан ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын өркендетуге мойын бұрса құп болар еді.

Сүтті делдалсыз сату
Қазір жекешенің қолындағы сүттің өзіндік құны төмен. Сүт зауыттары литрін 43-48 теңгеге сатып алады. Ол дүкен сөресіне жеткенше, 200 теңгеге көтеріледі. Соған қатысты кәсіпкердің шетелден көріп келгенін өзімізде енгізсек деген мынадай жоспары бар: жер-жерге сауда-саттық автоматтарын орнатып, кәдімгі су сатқандай сүтті сату. Сонда өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал атаулы жұмыссыз қалып, тұрғындарды арзан сүтпен қамтамасыз етуге болады. Қазан қаласында осындай 120 автомат бар екен. Ондай автоматта сүттің сапасы айқын көрініп тұрады. Әрі сатушының керегі жоқ, әркім өз қалауынша, теңгемен де, төлем карточкасымен де есеп айырысып, қажетті мөлшерде құйып ала береді. Жаңа жылдан кейін Ерекең осындай автоматтың екеуін Италиядан сатып әкеліп, орнатып көрмекші. Ол қадамы сәтті болса, қымыз бен шұбат саудасын да осы тәсілмен жүргізуге болады.

Түйе мен... Голливуд
Шұбат демекші, кәсіпкердің айтуынша, түйе бағу, бір жағынан, қиын, екінші жағынан, өте оңай. Оңай дейтіні, даладағы шөптің бәрін талғамай жей береді. Күтіп-бағу үшін қаражат көп кетпейді. Суыққа төзімді. Бір түйе орта есеппен күніне үш литр шұбат береді. Әрі екі жылда бір боталайтын болғандықтан, 16-18 ай бойы саууға болады. Қиын дейтіні, қараусыз түйе басы ауған жаққа кете береді. Саууы қиын. Боталауы да ауыр өтеді.
Айтпақшы, Ерекеңнің бір ерекше түйесі бар. Киноға түсірушілер қайта-қайта қолқалап алып кетеді екен. Бас-аяғы үш кинода «ойнап» үлгерген. Елбасының балалық шағы туралы фильмге түскен де сол. Әнші апамыз Бибігүл Төлегенова жетектеп жүріп ән айтады екен сол кинода. Машина келсе, «әртіс түйе» аулаға атып шығатын көрінеді. «Бүйте берсе, құдды Голливуд жұлдызына айналатын түрі бар», – дейді кәсіпкер.

Мал бағатын адам жоқ
Мал бағуда маман мәселесі – өз алдына бір төбе. Қазір жапан далада жалғыз отыра беретін баяғының қойшысы жоқ. Жағдайын жасап, жарықпен, сумен қамтамасыз етпесең, мал бақпайды. Жақсы бақташыны күндіз шырақпен іздесең де таба алмайсың. Сондықтан кәсіпкер тарапынан бір ұсыныс – аудан орталықтарында мал бағуға үйрететін оқу орындарын ашу қажет. Бір есептен, жастар мал бағудың қыр-сырын білмейді, екінші есептен, қалаға үйір. Сондықтан мал бағатын адамға да қаладағыдай жағдай жасау керек. Мәселен, Еуропадағы фермерлерден біздің шопанның қай жері кем? Ерекең осы жағын ескеріп, қол астындағы мал бағушыларға жағдай жасауға тырысады. Үй салып берді, жарық тартты, су бар, қыста көмірмен қамтамасыз етеді. Олай етпесе болмайды. Қаптаған қырғыз бен өзбекті алып келсең, ол кез келген уақытта кетіп қалуы мүмкін. Онда мал қараусыз қалады. Әрі төлқұжаты жоқ адам қаңбақпен тең.

Жемшөпті сатып алу қымбат
Мал өсіруде жемшөп мәселесі – өзекті мәселе. Үнемі сатып алсаң, шашың шақ келмейді. Былтыр қайта арзандау еді, биыл шөптің бағасы аспандап кетті. Бір бумасы – 300 теңге. Бір сиырға жылына кемінде 3000 тонна шөп қажет болса, оған 70 мың теңгедей ақша жұмсау керек. Сол себепті жемшөп мәселесін Ерболат аға былай шешкен: 1000 гектардай жерге арпа, жүгері, жоңышқа егіп қояды. Сонда жемшөп өзінен.

Дотация деп жүргенде...
Жыл өткен сайын табиғи өнімге сұраныс артып келеді. Бұл орайда мал өсіремін деушілерге мемлекет тарапынан жәрдем керек-ақ. Әлгі дотация­сы құрғырды алу үшін кедергі көп. Аудан әкімшілігіне, одан кейін облысқа шапқылау керек. Толтыратын қағазы да көп. Ақырында «құрсыншы» деп қол сілтеп кетіп қалатындар бар. Бізде де шетелдегідей ет-сүт өткізгендерге дотация бірден түсетіндей жағдай жасау керек. Бір тәуірі, кәсіпкерлігін саудада емес, ауыл шаруашылығында жүргізгісі келетін адамға тексеріс жағынан көп қиындық жоқ, яғни қаптаған тексеруші мазалай бермейді. Оның үстіне, қазір жекешенің малы тексеруден өткізіліп, дер кезінде дәрі-дәрмегі егіліп тұрады. Бәрінің төлқұжаты бар. Келешекте әрқайсысына чип орнатылатын болса, тіпті тамаша. Ондай мал жоғалып кетсе, тауып алу оңай. Қазір жекешенің қолындағы малға көз алартатын барымташы көбейді емес пе?

Шағын бизнестің болашағы зор
Рас, елімізде өнеркәсіп саласы жақсы өркендеген. Дегенмен қазақтың атакәсібі – мал өсіруге ден қоятын уақыт жетті. Әсіресе Кеден одағы іске қосылғаннан кейін біздің өнімдеріміз осы аймақ шеңберінде емін-еркін жүре алады. Мәселен, Ресей Аргентинадан, Бразилиядан ет тасымалдауға мәжбүр. Оларға жер түбінен ет әкелгенше, мына тұрған бізден ала салған тиімді емес пе? Ол үшін мал бағуға мойын бұрған кәсіпкер қатарын көбейту керек. Өйткені еліміздегі шағын бизнестің келешегі зор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста