Медеудегі ағаштар қалпына келгенше ғасыр өтеді екен

Медеудегі ағаштар қалпына келгенше ғасыр өтеді екен

«Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін қираған ағаш­тардан толық тазалау үшін шамамен 2-3 жыл уақыт кетеді. Ал ағаштар 50-100 жылда қайта қалпына келеді. Бұл туралы кеше Алматыға арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандары айтты.
Естеріңізде болса, 17 мамыр күні болған дауыл салдарынан Іле Алатауының беткейі мен етегіндегі ағаштар жаппай қираған еді. Қазіргі күні ұлттық паркті қираған ағаштардан тазалау қиынға соғып отыр. Себебі зақым келген ауданның көлемі аз емес, шамамен 480 га аумақты алып жатыр. Осыдан біраз күн бұрын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов дауылдан кейінгі жағдайды ретке келтіру мәселесі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына сыни көзқарасын білдірді. Кеше министр Асылжан Мамыт­беков бастаған топ ұлттық саябақты аралап шықты. Мамытбековтің сөзіне қарағанда, қираған ағаштарды тазалау жұ­мыстарына – 165 миллион теңге, ал орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жерден химиялық өңдеу жұмыстарына 72 миллион теңге қажет. Дауыл бүлдірген орман учаскелерінде ағаш отырғызу жұмыстары 2012-2014 жылдарға жоспарланып отыр. Оған кететін шығынның көлемі 49,6 мил­лион теңге. Орман алқаптарының шығынға ұшырауы елімізде халықаралық туризм мен спорттың негізгі нысандары болып табылатын биік таудағы «Медеу» мұзай­дыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің төңірегінде байқалады. Жалпы алғанда, қираған ағаштардың орнын тазалау да, толтыру да оңай жұмыс емес. Шын мәнінде, ормандағы құлаған ағаштардың көлемі мамандар айтқан саннан анағұрлым көп болуы мүмкін. Себебі тау беткейінің өзінде тығыз-тығыз сұлап жатқан ағаштар көзге анық ұрып тұр. Әрине, орманды тазалау мен қалпына келтіру жұмыстарына озық мамандар керек. Олардың саны мен сапасы сәйкес келуі тиіс. Е.Нысанбаевтың айтуынша, бүгінде Іле Алатауы паркінде 96 адамнан тұратын бригада, ТЖМ батальонынан 120 адам, тағы басқа 100 адам жұмыс істеп жатыр. Ағаштарды тазалау жұмыстарына 160 адамды жұмысқа қабылдауға құжат дайындалуда.
Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:
–    Бастапқы деректер бойынша, дауылдың салдарынан пайда болған жел мен дауыл сұлатпасы сүрегінің көлемі 96 мың текше метрді құрайды. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою мақсатында Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Қазавиаорманқорғау», «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» сынды бірқатар мекемелердің басшылары, Алматы қаласы әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері енді. Жұмыс тобы дауыл бүлдірген мемлекеттік орман қорының учаскелерін күзету мен қорғауды күшейту жөнінде шаралар қолданды, кеспеағаштар бөлу және таксациялау жұмыстары жүргізілуде. Парк филиалдары инспекторларынан 10 адамнан тұратын 5 инспекторлық топ құрылды, олар кесте бойынша парк аумағын қарауылдауда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста