Мемлекет көшет өсіруді ынталандыруда

Мемлекет көшет өсіруді ынталандыруда

Елімізде жеміс-жидек нарығына көп көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан субсидия бөлу артқалы бері алма мен жүзім бағын өсіруге ниет еткендер саны көбейіп келеді. Осыған орай бүгінде мол жеміс беретін  көшет іздеп сабылып жүргендер жетерлік.
Көшетті көшеден сатып алу тиімді емес. Бұл – құмға су құйғандай іс. Сондай-ақ кө­шетті көбейтіп, оны егу ісінде де біршама кедергілер жетерлік. Шаруалардың басым бөлігі көшетті Өзбекстаннан тасиды. Ол алма ма, қарақат пен долананың көшеті ме, ешкім ажырата алмайды. Алма дегені алмұрт салып адасатындар баршылық. Оның үстіне көшет өндірісінде неше түрлі қулыққа баратындар да жетерлік. Мәселен, көшетті тамырымен ыстық суға батырып алу әдісін меңгергендер жетерлік. Оның мәнісі мынада, ыстық суға күйген тамыр сол күйі қондырғанда да өнеді. Бір-екі жыл жеміс салуы да мүмкін. Ал кейіннен көктей солып қалады. Бұдан кейін қайтадан көшет сатып алатыныңыз анық... Қолы жеткендер Пензадағы питомниктен алдырып жатыр. Ал қаржысы қолын байлап отырғандар, амал жоқ, жақын көрші елдерден тасымал­дауға мәжбүр. Олардың басым бөлігінің құжаттары жоқ. Мұндай фитосанитариялық сертификаттары жоқ көшеттерге субсидия да төленбейді.
Диқандардың дені көшетті Жамбыл облысынан тапсырыспен алдыртады. Қазір көшет тапшы ғой. «Карлик» деп аталатын  көшеттерді Меркідегі жеміс-жидек кең­шарынан сатып алады. Оның барлығының да сертификаттары бар, аттестациядан өткен, заңды. Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасындағылар субсидия бөлерде әр көшетті құжат бойынша тергеп, тексеріп барып қана қаржы бөлуге мақұлдайды. Ол үшін, әрине, қымбат та болса құжаты бар көшет алуға тура келеді.
Бүгінде еліміздегі жеміс  ағаштарының 70 пайызын алма бақтары құрайды. Олардың басым бөлігі Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы өңірлерінде орналасқан. Қазіргі таңда елімізде жеміс бақтары мен жүзім­діктер өсіруге нақты назар аударыла бастағаны да біраз іске ұйытқы болуда. Өткен жылы осы саланы өркендетуге 15,5 миллиард теңге бөлініп, соның арқасында 2,2 мың гектар жеміс бақтары отыр­ғы­зылды. Сондай-ақ өткен жылдың соңы­на таман жеміс бақтарын отырғызу мен күту үшін қосымша тағы да 974,1 миллион теңге қарастырылды. Осындай келелі істің бастау алуына орай көшеттерді көбейту мәселесі туындап отыр. Оңтүстіктегі Сары­ағаш ауданында «Жер сыйы» тұқым­бағының көшеттері бүгінде үлкен сұра­нысқа ие болып отыр. Мұнда жылына неше түрлі жемістердің 600 мыңдай көшеті өсіріледі. Мұнда тек көшеттерді көбейтумен ғана емес, сондай-ақ оларды бір-бірімен будандастырып, сорты ерекше көшет алуға да көбірек көңіл бөлінеді. Көшетті иннова­циялық жаңалық арқылы будандастырып, бір данасының өзі 500 грамм тартатындай алма алып отыр. Мұндай алманың көше­тіне де сұраныс деген көбейіп тұр. Мұндағы мамандар көшетті пайуандаудың неше түрлі әдісін біледі. Соны жұмыс­шыларға үйретіп, нәтижесінде ай сайын емес, апталап көшет басын көбейтіп жатыр. Негізінен, көшеттердің 80 пайызы жүзімге арналған.
Облыстағы көптеген кәсіпкерлер кәсібінің нәсібін жеуге көмек қолын созып отырған «Максимум» аймақтық инвес­тициялық орталығының қолдауының арқасында тұқымбағы үлкен жетістікке жетіп отыр. Ашылғанына 10 жылдан асқан тұқымбақтың тұрақты тұтынушылары көп. Көршілес жатқан Жамбыл, Қызылорда облыстарының шаруалары, одан қалса, солтүстік облыстардан да келіп, аттай қалап алып кететіндер бар. Тұқымбағы 55 гектар аймақты алып жатыр. Мұнда бос жатқан жер жоқ, бәрі де тиімді пайдаланылуда. Тамшылатып суару әдісі бойынша жұмыс істейді. «Жер сыйы» ЖШС-нің тәжірибе жұмыстары республика асып, шетелдерге танылуда. Тек алма көшетінің 26 түрі өсі­ріледі, алдағы уақытта лимон, анар, құрма көшеттерін өндіру де ойда бар.
Танабай ШЫНТАСОВ, «Жер сыйы» ЖШС төрағасы:
– Көшет өндіру ісі оңай емес. Талай жерге барып, біраз тәжірибемен таныстым. Франциядан әкелінген алма көшеттерінен 200 мың данаға дейін көшет өндіріп шығаруға болады. Тап­сырыс берушілер көп. Көршілес облыс­тардан бөлек, шетелдерден де сұраныс артып отыр. Алдағы уақытта көшет өндіру ісін тағы да ілгерілету, жұмыс орнын көбейту жоспарымызда бар. Жылдық орташа табысымыз 45-50 миллион теңгеге жуық. Жұмысшы­лардың барлығы да жергілікті тұр­ғындар. Экзотикалық жемістердің көшеттерін өндіру де жоспарымызда бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста