Мемлекетті басқарудың инновациялық технологиялары

Мемлекетті басқарудың инновациялық технологиялары

Технологияның жаңаруымен қатар тұтынатын құрал-жабдықтардың жаңаруы табиғи заңдылық. Бұрын бір облыстың есеп-қисабын шотпен санаған есепшілердің жұмысына калькулятор араласты. Кейіннен ол компьютерге айналды. Осылай 20 ғасырдың аяқ кезінен бастап әлем жұртшылығын алаңдатқан, «кейбір адамдардың пайымынша», электроника аталатын «алаяқ» пайда болды. Сол кездегі түсінік бойынша жалақысын жинақ кассасынан алып үйренген жұртшылық ақшасы банкоматта кептеліп қалатындай сенімсіздік білдірді.
Кассада жұмыс жасайтын есепшілердің көпшілігі осы кезде қысқарды. Бірақ бұл жұрт ойлағандай халықтың жағдайын тө­мендету үшін емес, керісінше кезекті мей­лінше азайтып, жұмыс барысын жылдам­датуға арналған жүйе болатын. Уақыт өте келе халық бұл жүйенің тиім­ділігін түсініп, оң көзқарас білдіре бастады. Ел-жұртты дүрліктіруге құмар фантаст тар «адам қиялынан шыққан машиналар ертең әлемді басқарады, ақырзаманды солар орнатады» деген секілді қисынға келмейтін болжамдарымен әбігерге салғаны бар. Дегенмен ғылым мен техниканың тұрақты дамуы қоғам пікірін түбегейлі өзгертті. Солай бола тұра, ХХІ ғасырда ғұмыр кешіп, ХХ ғасырдың қағидасымен жүретіндер әлі де кездеседі. Мұндай қарсылықтар жалпы адамзат баласының өзгеріске дайын еместігін, бейімділігінің жоқтығын көр­сетеді. Әрине барлығы бірдей емес. Қараң­ғылық құрсауында қалған осындай қоғамдас­тардың көзін ашу мақсатында мемлекет электронды үкімет, электронды ақша айналымы, электронды басқару жүйелерін енгізу мәселесін күн өткен сайын арттырып, қарқынын үдетіп жатыр. Себебі, бәсекеге қабілеттіліктің басты нышаны ақпарат ағынын басқара алумен өлшенеді. Дәл қазіргі ақпараттық ғасырда өзгенің ақпаратына тәуелді болсаң, саяси бостан­дығыңның құны жоқ. Осы мәселелерді күн тәртібіне қоюды көздеген еліміздің жаңа технологияны меңгерген мамандары ару қаламыз Астанада тізе қосып, Мемлекетті инновациялық жолдар арқылы басқарудың тетіктерін қарастырды. Жиында сөз алған ділмарлардың сөзіне қарағанда, бәрі тамаша. Бірақ әлеуметтік желілер, түрлі конференциялар, бір сөзбен айтқанда, элек­тронды ақпарат ағынын бақылау жол­дары бұл жиынның бас ауыртар мәсе­лесі емес сияқты.
Александр ГОНШОВСКИЙ, «Қазкомбанкі» АҚ ақпараттық қауіпсіздік қызметкері:
– Конференцияның өту барысы өте қызықты. Бірақ мен үшін одан да қызықтырақ болып тұрғаны – қауіп­сіздік мәселесі. Негізінен, тұтынушымен меке­менің, жалпы алғанда мемлекеттік құ­ры­лымның ақпарат қауіпсіздігі алаң­датады. Мәселен, мемлекеттік құ­­­ры­­­лым­ның және қызметкердің жеке мәліметтерін электронды ақпарат порталдарына орналастырар болсақ оны қалай пайдалану керек, кімдер пайдалануы керек деген мәселелер әлі өз шешімін таппаған. Егер мемлекеттік құрылымдардың барлығы бір желіге бірігетін болса, өз қауіпсіздігін қамта­масыз ете алмайтыны анық. Жекелеген мекемелер құпия ақпаратты сақтауға қандай да бір міндеттеме алуы мүмкін. Бірақ мәселе онымен шешіл­мейді. Ортақ желі болмағанның өзінде мем­лекет құпиясын сақтауға міндетті құзыр­лы органдардың мәліметтері ғалам­торды шарлап жүр. Осы жайттарды ескере отырып мемлекеттің базасында барлық ақпаратты қатаң бақылап отыратын арнайы құрылым керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста