Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу сапасының кепілдігі қалай қамтамасыз етіледі?
Мемлекеттік экологиялық сараптама органдары мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдарына комиссия отырысын өткізу туралы алдын-ала хабар таратуға міндетті. Экологиялық сараптаманы жүзеге асырып, қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсері туралы мәліметтерді дайындауы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарына сауалнамалар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелерін жариялайды.
Жергілікті өзін-өзі басқару органы өзінің сарапшыларын мемлекеттік экологиялық сараптау комиссиясының отырысында қадағалаушы ретінде өкіл ете алады, қоғамдық талқылауларды, референдумдарды ұйымдастырады, экологиялық сараптамаға сәйкес сауалнамалар жүргізеді. Халықтың талабы бойынша қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және оны қаржыландырады.
Осы құзіреттерді жүзеге асыру үшін, жергілікті өзін-өзі басқару органы сәйкес мемлекеттік органдардан экологиялық сараптама объектілері туралы қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
Экологиялық сараптамаға қажетті деректерді, сараптама объектісіне қатысты қосымшаларды сараптаманы өткізетін мемлекеттік экологиялық сараптама органдарына және қоғамдық бірлестіктерге уақытында беру тапсырушылардың міндеті. Тапсырушылар мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу шығынын мойнына алады.
Мемлекеттік және қоғамдық экологиялық сараптаманы құқықтық статусы жоқ: экологиялық зерттеу, ғылыми бағалау, сәйкес ережелермен қамтамасыз етілмеген өзге іс-шаралармен араластырмайды.
Сараптамада көрсетілетін құжаттарға тапсырушы әзірленген жоба немесе қоршаған ортаның шаруашылық және өзге де қызметіне әсер ететін бағалау материалдары кіреді. Сарапшы мемлекеттік экологиялық сараптама негізделетін материалдарды, дәлелді ұсынымдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органынан, қоғамдық ұйымдардан және азаматтардан түсетін фактілерді тіркейді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы - шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін көрсететін, сараптамалық комиссияның құрамындағы білікті мамандардың үштен екі бөлігі мақұлдаған құжат.
Экологиялық сараптама комиссиясының қорытындысын арнайы заң талабымен құзіретті мемлекеттік орган бекітеді. Осыдан кейін мемлекеттік экологиялық сараптама құқықтық күшке ие болады, яғни оның негізінде банктерге экологиялық сараптама объектілерін қаржыландыру рұқсат етіледі немесе тыйым салынады.
Мемлекеттік орган қызметкерлері қоғамдық ұйымдарға, экологиялық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырушы азаматтарға барынша жәрдем көрсетуге міндетті.
Дұрыс негізделмеген сараптама қорытындыларын дайындау, қоршаған ортаның радиациялық жағдайы туралы бұрмаланған ақпараттар беру, дәл ақпаратты көрсетуден бас тартушылық жауапкершілікке тартылады, жазаланады. Әдетте жеке және заңды тұлғалар әкімшілік тәртіпке сәйкес айыппұл төлейді. Азаматтарды жазалау, жеке тұлғалар үшін – минималды айлық көрсеткішінің он есе мөлшерінде, ал заңды тұлғалар үшін – жиырма есеге дейін айыппұл салынады.
Сарапшыны жалған қорытынды дайындауға итермелеу, экологиялық сараптаманың өткізілуіне кедергі жасау құқық бұзушылық болып табылады. Мемлекеттік және қоғамдық сараптау ұйымдарына, экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және өткізетін тұлғаларға қажетті материалдарды және мәліметтерді көрсетуден жалтаруға жол берілмейді. Сараптау комиссиясының жетекшілері мен мүшелері экологиялық сараптамалық қорытындыларының фальсификациясы, сараптау нәтижесіне әсер ететін деректерді жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Тапсырушының басшысы, еңбек және келісім шартында тұрған азаматтар сарапшы бола алмайды.
Ләззат Сейітқазықызы СПАНҚҰЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Нархоз Университеті, Қаржы және технологиялар мектебі