Мұнайдан жасалатын өнімдерді алдағы 20-30 жылда да ешбір шикізат алмастыра алмайды

Мұнайдан жасалатын өнімдерді алдағы 20-30 жылда да ешбір шикізат алмастыра алмайды

Баламалы қуат көздерінің ешқайсысы да мұнайдың орнын баса алмайды. Жапонияның Нагоя қаласындағы мұнайхимиясы зауытында жұмыс жасайтын қандасымыз Болат Құсайынұлының айтуынша, бұл салада білім алып, тәжірибеден өту үшін Жапонияға келетін шетелдіктер арасында қытайлықтардың қарасы басым. Одан кейінгі орындарды Корея, Индонезия, Вьетнам, Ресей елдері тұр.
«Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Мақсатым – шет елден алған білімім мен жинаған тәжірибемді Қазақ елінің игілігіне жарату. Оның экономикасының жетекші саласы саналатын мұнай өндірісіне жапон инвесторларын тарту мүмкіндігін қарастыру», - дейді Б.Құсайынұлы.
Қытайда туып жоғары білім алып, Үрімжідегі мұнай институтында оқытушы болған қандасымыз 2001 жылы магистратура оқу үшін Жапонияға аттанған көрінеді. Талабы таудай алғыр қазақ баласына оқуын аяқтаған соң жапондар өздері қызығушылық білдіріп, бұл елде қалып қызмет жасауға өтініш білдіреді. Өзінде жоқ шикізатты шет елдерден сатып алып, одан дайын өнім жасап, халқын жұмыспен қамтып қана қоймай, бүкіл әлемді барлық саладағы қажетті тауармен қамтамасыз етіп отырғанын көріп, біліп жүреді. Жапонияда тұрған 10 жылдан астам уақыттың ішінде мұнайхимиясы саласындағы өндіріс орындарында жұмыс жасайтын және оларға тәжірибеден өтуге шетелден келетін шетелдіктер арасынан бірде-бір қазақты көре алмай қапа болған ол Қазақстанға біржола оралуға шешім қабылдайды. Мұнайхимиясы саласындағы түрлі конференциялар мен көрмелерге көп қатысқан оның паймыдауынша, бұл салада әлемде Жапония ең алдыңғы орында тұр. Оны дамытуға соңғы ширек ғасырда Қытай көп күш жұмсап жатқанымен, технология жағынан оған ілесе алмай келе жатыр.
«Жапонияда өндірістің барлық саласы бойынша зерттеулер көп жүргізіледі. Онда әртүрлі бағыттағы ғылыми мекемелердің саны өте жоғары. Жапонияның артықшылығы ғылымында. Мұнайы жоқ болған соң бұл ел техниканы және өндірістік аспап пен технологияны дамытуға мәжбүр. Соңғы уақытта әлемнің көптеген елдерінде баламалы қуат көздері туралы көп сөз қоғалып жүргенімен, мұнайдың орнын оның ешқайсы да толық баса алмайды. Сондықтан алдағы уақытта да мұнай өндіру көлемі өспесе, кемімейді. Ал 20-30 жылдан кейін мұнай керек болмай қалады деген бос сөз. Ешқашан да мұнайдың керексіз болып қалуы мүмкін емес. Оны алмастыратын балама жақын болашақта да табылмайды деп ойлаймын», - дейді мұнайхимиясы магистрі Б.Құсайынұлы. Ғылым мен өндірістің жайын бір кісідей жетік білетін маманның сөзіне қарағанда, Жапонияның мұнай өнімдерін тасымалдау, арнайы қоймаларда сақтау мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан да Қазақстанға берері көп. Тек оның жөні мен ретін салмақтап, таразылай білу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста