Мұнайшылар спартакиадасы Маңғыстауда

Мұнайшылар спартакиадасы Маңғыстауда

Ежелден майлы қиян Маңғыстаудың бір пұшпағы – Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес және бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің спорт сайысы басталды. Дәлірек айтқанда, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы 19-23 тамыз аралығында өз еңбек ұжымдары арасында ІІ спартакиадасын өткізіп жатыр. Мұндай алғашқы спорт жарысы 2012 жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен болатын. Сол жарыста бас жүлдені қанжығалап қайтқан «Өзенмұнайгаз» АҚ биыл бұл жарысты өздерінде өткізу құқығына ие болған еді.
Спартакиаданың ашылу салтанатында 3 мың орынды Әмин Тұяқов атындағы стадион­да ине шаншар орын болмады. Спорт сайы­сы­ның салтанатты ашылу рәсімінде көркем сахналық қойылым көрсетіліп, жезтаңдай әнші Тамара Асар әннен шашу шашты. Елі­міздің Әнұраны ойналып, спартакида алауы жағылды.
Осы жерде айта кету керек, «ҚазМұнай­Газ» Барлау Өндіру» компаниясы «қара алтын» өндірушілерден тек нәтижелі жұмыс қана талап етпейді, олардың жайлы демалуына, салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен айналысуына барынша демеу болуда. Бір сөзбен айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткен бұ­қаралық спортты дамытып жатыр. Бұл сөзі­мізді спартакиада қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов те нақтылай түсті.
Біз мұнайшылардың спортпен шұғылда­нуы­на қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға ерек­ше көңіл бөлеміз. Компанияның барлық ен­шілес компаниялары мен бірлескен кәсіп­орындарында мұнайшыларға жұмыстан бос уақыт­та спортпен айналысуға барынша жағ­дай жасалған. «ҚазМұнайГаз» БӨ» компания­сы спорт сайысын өткізуді жақсы дәстүрге ай­налдырды. Мұндай шаралар әр облыста еңбек етіп жатқан біздің сан мыңдаған ұжым өкілдерін бір алаңда бас қосып, күш сынасуына мүмкіндік береді. Мен осы спартакиадаға үміттерін үкілеп келген құрама командаларға сәттілік тілеймін! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! – деді А.Нұрсейітов.
Мұнан соң, құттықтау сөз КСРО спорт ше­бері, жеңіл атлетикадан Еуропа кубогының иегері Тұяқов Әмин ағаға берілді. – Құрметті менің жерлестерім, спорт жанкүйерлері. Спорт дейтін – үлкен бір қызық нәрсе. Мемлекет басшысының қабылдауында болғанда, бір марапаттау рәсімінде Елбасы «еліміздің Туы тек қана мен шетелге шыққанда көтеріледі  және спортшылар үлкен жарыстарда жеңіс­ке жеткен уақытта желбірейді», – деді. Міне, спорт­тың мәні неде? Спорт арқылы біз дү­ниежүзіне белгілі болдық. Өздеріңіз бі­лесіз­дер, өткен жылы Лондонда өткен Олим­пиа­дада қазақ спортшылары жеті алтын медальға ие болды. Мұндай жағдай ел тарихында бол­ған емес. Осы жеңісті қазақ спортшылары келешекте де қайталайды деп ойлаймын. Енді осы менің атымдағы стадионда сіздердің, мұнайшылардың балалары жаттығу жасап, еліміздің намысын қорғайды, келешекте ха­лық­аралық жарыстарға жететін жастар болады де­ген де үмітім зор. Бүгін, міне, мұнайшы­лар­дың үлкен спартакиадасы өтіп жатыр. Әрбір об­лыстардан таңдамалы спортшылар келіп жа­тыр. Мен осыларды көргеніме қуаныш­ты­мын. Жарыста жеңіске жете беріңіздер! Үлкен жа­рыстарда жолығайық! Осындай құттықтау тілек­терін Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов пен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басшы­сы Мақсат Ибағаров та білдіріп, мұнайшылар спартакиадасы салтанатты түрде ашылды.
Аумағы атшаптырым алаңнан еңбекке қандай төзімді болса, жеңіске де сондай құш­тар командалар сән салтанаты жарасып жүріп өтті. Мұнайшы мамандығын адал атқарып, әрі спорт­пен белсенді түрде шұғылданатын жұ­мыс­шылар еліміздің мұнайлы өңірлерінен спорт сайысына көптеп келді. Атап айтқанда, Аста­на, Атырау, Қызылорда,Орал және Маң­ғыс­тау облысынан қатысатын 400-ден астам мұ­найшы жеті топты құрады. Олар «Ембімұ­най­­газ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражан­бас­­мұнай» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру»еншілес кәсіпорындары (Жаңаөзен), «Қаз­гермұнай» БК» ЖШС, «Технологиялық кө­лік және ұңғымаларға қызмет көрсету бас­қа­рмасы» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» АҚ, Орталық аппарат («Инженерлік орта­лық» филиалы, «Орал Ойл Газ», «Солтүстік Кар­повский», «ҚМГӨ» Барлау активтері») құра­ма командалары. Топтар бес күн бойы ша­ғын футбол, волейбол, жүзу, баскетбол, ар­қан тарту, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетикалық эста­фет­а, қазақша күрес және үстел теннисінен са­йысқа түседі.
Біз жарыстың алғашқы күнгі эстафета сай­сына куә болдық. Бұл сайыста бірінші орынды «өзенмұнайгаздықтар» жеңіп алса, екінші, үшінші орындарды «Қаражанбасмұнай» АҚ мен «ҚМГ» БӨ» АҚ еншілес және тәуелді меке­ме­лердің құрама (Жаңаөзен) командалары өзара бөлісті. Мұнайшы спортшыларды даңқ­ты жерлесіміз, желаяқ Әмин Тұяқов мара­пат­тады. Жарыс жалғасып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста