Наноматериалдар өндіріске өң бере ала ма?

Наноматериалдар өндіріске өң бере ала ма?

Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, «2020 жылға қарай жаппай кен орындарын іздестіру, барлау және игеру жұмыстарына салынатын инвестиция көлемі 40 пайызға кеми түспек». Мамандар бұған қатысты «алдағы 10-15 жыл аралығында адамзаттың іс-қимылына, қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер әкелетін ғылым жаңалықтары күнделікті тұрмысқа енетіндіктен, жағдайдың осылай қалыптасуы – заңдылық» деп отыр.
Жалпы, болжамдар бойынша, негізді ғы­лыми жаңалықтардың өмірге енуі мем­ле­кетаралық саяси қарым-қатынасқа, әлемдік сауда айналымына, өндірістің да­муына үлкен әсерін тигізеді. Бұл жайында техника ғылымының докторы, профессор Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ:
– Ежелден болашақтағы өзге­ріс­тер­ді, оның бұлжымас заңдылықтарын өз­ге­лерден бұрын сезінетін ғылым әле­міндегі көшбастаушылар – Америка, Батыс Еуропа ғана емес, бүгінде да­мы­ған немесе даму жолындағы Азия, Африка мемлекеттерінің көпшілігі ғы­лым­ға бетбұрыс жасап, ішкі мүм­кін­ші­ліктеріне және қажеттіліктеріне сәйкес келетін бағдарламалар бойынша зерт­теу жұмыстарын жүргізе бастады. Мә­се­лен, өткен жылы әйгілі Нобель сый­лы­ғын графен атты бұрын жаратылыста кез­деспеген затты зертханада алу тәсі­лін ойлап тапқан ағылшындық физик ғалымдар иеленді. Графен – мөлдір, екі өлшемді, жазық, қалыңдығы бір атом­мен өлшенетін наноматериал. Айрықша қасиеті: аса жеңіл. Оның беріктігі бо­лат құймаларынан 200 есе жоғары. Ал электр тогын өткізу мүмкіншіліктері шексіз дерлік, жасанды графиттің бір түрі. Ғалымдардың пікірінше, алдағы уақытта графеннің табиғатта кез­дес­пе­ген жаңа қасиеттері ашылуы мүмкін. Күтіліп отырғандай, осы графен 2020 жылға қарай жаппай өндірісте қол­да­ныла бастайды. Бүгінгі таңдағымен са­лыс­тыруға келмейтін қасиеттері арқылы графен ең бірінші кезекте жоғары тех­но­логия салалары – ғарыш, әуе ке­ме­лері, машина жасау, электроника, бай­ла­ныс жүйелерінен темір атаулыны тү­гелдей ығыстырып шығарады. Осы­дан барып болат құймаларын, а­лю­миний, мыс, түсті металдар шы­ға­ра­тын комбинаттар, оларды шикізатпен қам­тамасыз етіп отырған кен орындары жұмыстарын доғарады, – дейді.
Сөйтіп, заман талабына сай ғылым жа­ңа­лықтарына құлағын түріп отыратын на­рық өкілдері қоғамда бір ғана графеннің пайда болуына байланысты алдағы уа­қыт­та темір, кен орындарын іздестіру, бар­лау және игеру жұмыстарына қажетті ин­вес­тицияның көлемі төмендей бастай­ты­нын ескертіп отыр. Ал мұндай графен іспетті наноматериалдардың көптеп та­ра­луы экономикасы шикізат сатуға не­гіз­делген мемлекеттер үшін қауіп тудыруы мүм­кін ғой. Бұл үрдіс кейбір елдердің өсуіне ықпалын тигізсе, тұрақты шикізат көзіне тәуелді біраз елді дағдарысқа ұшы­ратуы да ғажап емес. Бұл ретте эко­номист-сарапшы Мейрам ҚАБДРАХ­МАН­ҰЛЫ:
 – Бір ғана графеннің пайда болуы – жерасты қазба байлықтарын жар­тылай немесе түгелдей арзан шикізат ретінде сатуға негізделген елдер үшін, соның ішінде біздің мемлекетіміз үшін  үлкен қоңырау. Осыған қатысты алдағы уа­қыт­та тау-кен, металл өндіру сала­ла­рында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ерекше електен өткізу қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте біз келешекте эконо­микасы тұрақты, бә­се­келестік қабілеті жоғары, өндірісі қуатты мемлекетке айнал­дыратын ғы­лы­ми жобаларды жетіл­діруге айрықша мән беруіміз қажет, – дейді.
Негізінен, мамандар нақ қазір біз қолға алып жатқан инновациялық жобалардың әлеу­меттік мақсаты ішкі нарықты, отан­дық өндірісті қорғау болуы тиіс екенін баса айтып отыр. Бұл жөнінде отандық ға­лым­дар «бізде қазірде жұмыс көр­сет­кіш­тері шетелдік үлгілерден кем емес, бағасы олардан екі-үш есе арзан, тау-кен са­ласында қолданылатын құрал-сай­мандарды ішкі өндіріске енгізу мүмкіншілігі жоқ, сонда отандық бұйыммен ішкі нарыққа ене ал­ма­сақ, ертең оларды сыртқы саудаға қалай шы­ғара аламыз» деп қынжылуда. Бұған қатыс­ты маман­дардың сөз саптасына жү­гін­сек, бізге мұндай әрекеттерді сөз еткенде нақ қазір АҚШ-тың әдіс-айласын ұстанған жөн тәрізді. Мысалы, Америкаға қантты өздерінде өндіргеннен сырттан сатып алу 2,5 есе арзанға түседі. Бірақ сарап­шы­лар­дың байыптауынша, АҚШ билігі еш уақытта ондай шешімге бармайды. Себебі олай етсе, қант өндірісіндегі жұмыс орны бар 500 мың адам жұмыссыз қалады. «Міне, отан­дық өндірісті қорғаудағы нақты шешім, ішкі өнім қаншама қымбат бол­ға­нымен, ақша сыртқа кетпейді, осындай сая­сатты біздің де ұстануымызға тура ке­леді» деседі мамандар.
Сонымен, мамандардың ой-пайы­мын­ша, ғылымның қарыштап дамуы, соның ішінде нанотехнологияның өр­кен­деуі өндіріске өң беруі тиіс. На­но­ма­те­риал­дарды өндіріске жаппай енгізу үр­дісінің ши­кізат бұғауын бұзып, инно­ва­ция­лық эко­номикаға дендеп енуге мүмкіндік бе­ре­тінін алға тартқан мамандар «бо­ла­шақ­та осы салада өзіндік бет-бедерімізді көр­се­те алсақ, соған талпыныс жасасақ, бұл өн­діріске өң беретін құбылыс болар еді» деп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста