Немістер тоқтап қалған Ертіс химия-металлургия зауытына 52 миллион еуро бөлетін болды

Немістер тоқтап қалған Ертіс химия-металлургия зауытына 52 миллион еуро бөлетін болды

Немістің «ICMP Dinatron AG» компаниясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданының Первомайка ауылында орналасқан «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ-ын қайта жаңғырту үшін өз қаржыларын салуға дайын. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен шет елдік инвесторлардың кездесуі барысында айтылды.

Ертіс химия-металлургия зауыты 2008 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты өз жұмысын тоқтатқан болатын. Содан бері кәсіпорын жұмысын қайта жандандыра алмаған еді. Енді міне, кәсіпорынның аяғынан қаз тұруына шет елдік компания қол ұшын созып отыр.
Неміс инвесторларымен кәсіпорынды қайта жандандыруға байланысты алғашқы келіссөздер былтырғы қараша айында өткен-ді. Сол кезде инвесторлар кәсіпорынға қандай мөлшерде қаржы бөлу жайын ойластырған-ды. Бүгінде олар қанша көлемде қаржы бөлінетіні мен жұмыс мерзімін нақты белгілеп келіпті.
- Ресейлік «Динатрон» компаниясымен бірлесіп Ертіс химия-металлургия зауытының өндірістік цехтарының жұмысымен таныстық. Кәсіпорындағы технологиялық құрылғылар жұмысқа жарамды. Зауытты қайта іске қосу үшін біз әуелгі кезде 52 миллион еуро жұмсауды жоспарлап отырмыз. Әрі қарай қаржы көлемі 300 миллион еуроға дейін ұлғаятын болады, - дейді «ICMP Dinatron AG» басқармасының төрағасы Эрих Швагер.
Қазіргі уақытта зауыттың акциясының 44,6 пайызы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қарасты Қазақстан инвестициялық қорына тиесілі болса, 55,4 пайызы - жеке адамдардың еншісінде.
- Еліміздегі заң талаптары аясында біз сіздерге қолымыздан келген көмекті көрсететін боламыз, - деді Даниал Ахметов кездесу барысында.
Ертіс химия-металлургия зауытының жұмысы қайта жанданған жағдайда 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста