Оңтүстік жерінде тамақ өнеркәсібіне 3 миллиард теңге инвестиция салынған
Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібіне жаңа серпіліс беретін «Тамақ өнеркәсібі» - Аgroprom Shymkent 2016 көрмесі өтті деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Шараға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, ОҚО кәсіпкерік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М. Қарабаев және Жамбыл облысынан келген қонақтар қатысты, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Көрмеде азық-түлік және сусын түрлерін, оларды шығаруға арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды ұсынылды. “AgroProm Shymkent 2016” көрмесінің аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылды. Атап айтқанда шара кезінде «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік өңірі мен Жамбыл облысының арасында кооперацияны дамыту аясында меморандумға қол қойылды.
Айта өту керек, жыл басынан бері Оңтүстік өңірінде тамақ өнеркәсібіне 3 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі деген жоспар бар. Мәселен, таяуда Қазығұрт ауданында үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында “Lotus Food Company LLC” ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы жүзеге асырылды. Дәл осы жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған. Сондай-ақ ҮИИД бағдарламасын жүзеге асырушы "Агробизнес -2020" бағдарламасы аясында өңірдің агросаласы айтарлықтай дамып, қанатқақты жобалар қолдау тапқан.