Өскеменде титанды сәулемен өндіреді

Өскеменде титанды сәулемен өндіреді

2013 жылы Өскемен титан-магний комбинатында титан құймасының тағы бір түрін өндіретін жаңа зауыт пай­далануға берілмек. Осыдан бір күн бұрын «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ пен оңтүстіккореялық РОSСО ком­па­ния­сының басшылары жаңа зауыттың іргетасын қалады. Жаңа жобаның тұсау­кесер рәсіміне облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев пен Корея Респуб­лика­сының еліміздегі консулы Хан Сонг Джин да қатысты.
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Бағдат Шаяхметовтің сөзіне сенсек, Қазақстан экономикасының дамуына ерекше серпін беретін бұл айтулы шара – комбинаттың ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отырған сыйы. Жаңа зауыттың ерекшелігі – титан құймасын электронды сәулелі әдіспен өндіреді. 50 миллион АҚШ доллары тұратын инно­вациялық жоба 2013 жылдың аяғында жүзеге асырылмақ. Өндіріс орнында жылына 5 мың тоннаға жуық титан құймалары шығарылады деп жоспарлануда.
Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Өскемен титан-магний комбинаты – дүниежүзіндегі осы саладағы ең ірі металлургиялық өнеркәсіп орны. Еліміздің титан өндірісі қанатын кеңге жайып, комбинат Франция, Корея ел­де­рімен бірлескен кәсіпорындар құ­рып, экономикалық-қаржылық дағ­да­рыс­тарға қарамастан өркендеп, даму үстінде. Комбинат өнім көлемін ұл­ғайта отырып, жұмысшыларын қыс­қар­туға жол берген жоқ. Былтыр ғана біз осында жылына 11 мың тонна өнім өнді­ре­тіндей қуаты бар титан құймалары мен қорытпаларын шығаратын жаңа өндірістің ашылғанына куә болдық. Ол зауытты іске қосуға 12 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Сол жаңа өндірістің ашылуы арқасында бұл кәсіпорынға 300 адам жұмысқа орналасып, өткен он айдың ішінде өнім көлемі екі есеге өсіп, жұмысшылардың еңбекақысы қазір 150 мың теңгеге дейін жетіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста