Отандық кәмпиттерге де оттегі қажет

Отандық кәмпиттерге де оттегі қажет

Кәмпитті тамақ деп  санамасақ та, қонақ келгенде дастарқанымыз­да ең құрығанда бір уыс кәмпиттің тұрғанын жөн көретініміз рас. Кәмпит-печеньеміз жоқ болса, жомарттығымыз көрінбей қалатындай пұшайман күй кешетініміз тағы бар. Аңдасақ, нарықта отандық кәмпиттерге де оттегі керек екен. Өзгенің мәмпәсиін емес, өзіміздің кәмпитімізді тұтыну үшін...
Қазақстанда кондитерлік өнім өнді­ру­мен 200-ден астам кәсіпорын айналысатын көрінеді.  Алайда деректер, негізінен, на­рық­қа «Рахат» АҚ, «Қарағанды кәмпит­тері» АҚ, «Баян сұлу» АҚ, Ақтөбе конди­терлік фабрикасы, «Волна» кондитерлік фабрикасы ықпал ететіндігін көрсетіпті. 
Халықтың қажеттілігін отандық өнім­дер толық өтемейінше, импорттың үлесі кемімейінше, тамақ өнеркәсібі индустрия­сының дамымайтынын ғалымдар да, мемле­кет те бүгінде ашық айтуда. Соның ішінде кондитерлік өнім саласы да бар. Өйткені қолда бар деректер кондитерлік өнімдер­дің импорты отандық өнімдердің өсіп-өркен­деуіне мұрша бермейтіндігін көр­сетеді.
Отандық кондитерлік өнімдердің адымын  украиндік бәсекелес кәмпиттер аштырмай жүргені рас. Баршаға мәлім, бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның кондитерлік қауымдастығы бұл туралы дабыл қаққан.  Тұтыну нарығы да, ғылы­ми-зерттеулер де украиндық және ресей­лік тәттілердің импортталуы 50 пайыздан аспаса, кем түспейтінін көрсетті. Аталмыш сала қауымдастығы Үкіметтен  импортта­ла­тын тәттілерге белгілі бір тосқауыл қою­ды өтінді де. Егер қателеспесек, ол тос­қауыл қойылды да.
2011 жылы Экономикалық даму және сауда министрлігі арнайы қаулысына орай шетелден импортталатын тәттілерге арна­йы салық салынатын болып шешілген-ді. Үш жылға қойылған тосқауыл арқылы отандық кондитерлердің тынысы ашылып, шатқаяқтаған шаруашылығы түзеледі деген болжам жасалған. 
«Үш жылға арналған қорғау шарала­рын пайдаланып, біз өндірісіміздің қуатын арттырмақпыз. Жылына жалпы өніміміздің 4-7 пайызын ғана құрайтын экспорттық мүмкіндігімізді 30 пайызға дейін жеткізуді мақсат тұтамыз. Импорт көлемі  30 пайыз­дан асатын болса, ол мемлекет үшін аса қауіпті. Біз нарықтың 90 пайызын басқа­руға тырысамыз. Өзіңіз ойлаңыз, жылына қанша ақша шетел асып кетеді. Ал осы қаржы өз кәсіпорындарымызды көтеріп, жаңа технологиялармен жабдықтауға кетсе, еліміздің экономикасы үшін де пайдалы болар еді», – деген болатын Қазақстан кондитерлік ассоциациясының президенті Людмила Константиниди.
Қазақстандық кәмпиттермен әлі де болса импорттық кәмпиттер текетіресте. Тіпті біздің кәмпиттерді басып кетіп тұр. Сөре­дегі импортты ысырып тастауға кәм­пит­теріміздің  шамасы жетпей жүр. Неге?
Экономистердің айтқанына жүгінейік. Зерттеулер отандық кондитер кәсіпорын­дары, негізінен, арзан жұмысшы күші мен шикізат сияқты төменгі дәрежедегі артық­шылықтарға ғана ие дейді. 
Қуандық ТӘШЕНОВ, экономист:
– Жоғары дәрежедегі артықшылық­тарға қол жеткізу едәуір инвестицияны қажет етеді. Сол себепті компаниялар қаражаттың жетіспеушілігінен олардың барлығын пайдалана алмайды. Жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, алайда тағы да сол қаржының жетіспеушілігінен олардың барлығын осы заманғы техно­логиямен ауыстырудың сәті түспей тұр. Бұл да – басты проблеманың бірі.  Әртүрлі маркетингілік стратегияларды пайдалана отырып, өзінің бәсекелік артықшылықтарын одан әрі дамытуы тиіс.

Сондықтан кәмпиттердің қарқын алуы­на тек мемлекеттік қорғау шаралары ғана ықпал етпек емес. Бұған қоса, кондитерлік өніммен айналысатын кондитерлік фабри­калар да, қазақша айтқанда, ширауы тиіс. Технология барда құрал-жабдық бар. Екеуі егіз секілді. Бірінсіз-бірінің күні жоқ. Сондықтан қорғау шараларын пайдалана отырып, кондитерлеріміз де құлашын жаюға ұмтылуы тиіс.
Мәліметтер, тәтті өнімге сұраныс арт­қан сайын әлемдік кондитерлік өнім нарығы жылдан-жылға өркендеп өсу үстін­де екенін көрсетіп отыр. АҚШ, Ұлы­британия, Германия, Бельгия сияқты ел­дер­де кондитерлік өнім нарығы молығып, осының нәтижесінде соңғы жылдары статистикалық (тең қалыпты) жағдай қалып­тасты. Шығыс Еуропаның, Латын Америкасының, Үндістан мен Қытайдың нарықтары қарқынды дамып келеді. Еуропа шоколадтық кондитерлік өнімдер­дің ең ірі нарығы болып қалып отыр. Маркетингілік-талдамалы зерттеу орталы­ғы (МТЗО) сарапшыларының деректері бойынша Данияның халқы жыл сайын жан басына шаққанда 21,8, ирландтықтар – 26,6, Нидерландия тұрғындары – 25,3, бельгиялықтар 23 келі тәтті жейді екен. Салыстыру үшін айтатын болсақ, орташа статистикалық америкалықтар жылына бар-жоғы 7 келі кондитерлік өнім тұтына­ды екен.
Қазақстандық кәмпиттер де елімізде сұранысқа ие. Әйткенмен толық нарықты жаулап алған жоқ. Өкінішке қарай, им­порт­қа ілесе алмай келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста