Отандық кондитерлердің жолын ашатын жобаның жолы жабылып тұр

Отандық кондитерлердің жолын ашатын жобаның жолы жабылып тұр

Еліміздің ірі кондитерлік фабрикаларының потенциалы толықтай игерілмей жатыр. Олар өнім шығару көлемін арттыруға барынша тырысса-дағы, отандық нарықты жаулап алған украиналық және ресейлік «тәттілер» бұған кедергі келтіруде. Кедендік одақтың құрылуы да аталған нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп отыр. Сол себепті отандық кәмпит өндірушілер Үкіметтен қазіргі уақытта Премьер-министр кеңсесіне берілген «Кондитерлік өнімдер импортының тек жеті түріне үш жыл бойына тыйым салу туралы» жобаны мақұлдауды сұрайды. Бұл туралы кеше Алматыда осы мәселеге байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында Қазақстанның кондитерлер қауымдастығының төрайымы Лариса Константиниди мәлімдеді.

«2008 жылы Қазақстанның конди­терлер қауымдастығының өтінішімен сырт­­тан тасымалданатын кондитерлік өнім­дердің кейбір түрлерінің қарқыны мен сол импорттаушы елдегі өндіріс көлемінің өсу қарқыны салыстырмалы түрде талдан­ған еді. Сондағы есеп пен сараптама қоры­тын­дыларын екшей келе, құзырлы мем­лекеттік органдардың жауапты мамандары отандық өндірісті қорғау шараларын енгізу туралы объективті шешім қабылдаған еді. Нақты­рақ айтқанда, 2009 жылдың қыр­күйек айында аяқталған бұл талқылау бойынша Экономикалық даму және сауда министр­лігімен қорғаныс шараларын енгізу қажет­тігі туралы қорытынды шыға­рылды. Яғни бұл арадағы шектеу кон­дитерлік өнімдер импортының тек жеті түріне үш жыл мерзімге арнайы баж салы­ғын енгізу арқылы жүзеге асырыл­мақшы. Бұл қорытынды биыл ақпан айын­да сауда саясаты мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық комиссия мәжі­лісінде мақұлданған болатын. Алайда осы күнге дейін ол жоба бойынша қандай да бір шешім шығарылған жоқ. Сондықтан Үкіметтен бүгіндері осы жобада көрсетілген мерзім мен талапқа сай отандық кон­дитерлерді импорттан қорғау шара­ларын енгізуді сұраймыз», – дейді Қазақ­с­тан­ның кон­дитерлер қауым­даст­ығының төр­айымы.
Оның айтуынша, қазақстандық конди­терлер соңғы он жыл қатарынан импорт экспансиясымен күресуді мемлекеттің қатысуынсыз өздері жүргізіп келеді. Ал бұл уақытта Ресей және Украина өздерінің отандық нарығын импорттан қорғауды үдемелі жүргізіп отырған. Мысалы, Ресей 2001 жылы екі жылға, 2005 жылы тағы екі жылдан астам мерзім аралығында, ал 2008 жылдың қараша айында Украинаға қарсы қорғаныс шараларын енгізіп, отан­дық өндірістің дамуына жағдай жа­саған.
Баспасөз мәслихатында айтылғандай, Қазақстан кондитерлік өнімдер нарығын импорттан қорғау шараларын енгізбеді деуге болмайды. Мәселен, 2006 жылы мұндай қорғаныс шарасы алты ай мерзім аралығында, 2008 және 2009 жылдары да үш-үш айдан мұндай процедуралар жүргізілген. Алайда Лариса Констан­тини­дидің айтуынша, ол ешқандай нәтиже бер­меген. Оның айтуынша, сол кездері беріл­ген мерзім көлемі мардымсыз, үш ай, алты ай деген уақыт нарықтағы қауіпсіздікті қам­тамасыз ете алмайды. «Сол себепті бүгін біздер жоғарыға ұсынылған жоба негізінде импорттан қорғанудың үш жылдық мерзімін сұрап отырмыз», – дейді ол.


«Біздің талабымызбен санасуға толық негіз бар. Мәселен, отандық кондитерлер бүгіндері Үкіметтің қазақстандық мазмұн­ды қамту талабын қажетті деңгейде орын­дап отыр. Біз кәмпитке қажетті ком­понент­терге Қазақстанда шығарылған өнімдерді пайдаланамыз. Тек біздің елімізде өсіріл­мейтін, жағрафиялық жағдайымыз мүм­кіндік бермейтін какао мен жеміс майларын ғана сырттан алдырамыз. Яғни кондитерлік өндіріс өңдеуші кәсіпорын­дармен тікелей байланыста болғандықтан, еліміздегі қант, май, сүт, сірне, жеміс, крахмал езбесі, жұмыртқа өнімдері, ұн, картон және қағаз секілді, негізінен, ауылшаруашылық өнімдерінің ірі өткізу нарығына айнала отырып, қосарлас осы саланың дамуын да ынталандыру үстінде», – дейді «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-тың өндіріс жөніндегі директоры Инна Копыльцова өндірістің ішкі жайлары жөніндегі пікірінде.
Аталған нарықтағы шолу мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан кондитерлік өнімдер нарығының басты жаулаушысы Украина екен. Ол жалпы импорт көлемінің тең жартысын, яғни 50 пайызын құрайды. Мысалы, 2008 жылы осы нарықтағы жалпы импорттың 55 пайызын – Украина, 33 – пайызын Ресей, 12 пайызын қалған өзге шет мемлекеттердің өнімі қамтыған. Ал 2009 жылы жалпы импорттың 51 пайызына Украина иелік етсе, Ресейдікі 38 пайызға дейін артқан.
Негізі, Кеден одағына енгеннен кейін біз сол шеңбердегі мемлекеттер өнімдерінің елімізге тасымалдануына көбіне шектеу қоя алмаймыз. Сондықтан жоғарыда мәселе көтеріп, қорғаныс шарасын қолдануды сұрап отырған отандық кәмпит өндірушілердің шектеуі тек Украинаға қатысты болып отырғанын ескерте кетелік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста