Отандық өнертабыс неден сүрінді?

Отандық өнертабыс неден сүрінді?

Ежелден өнертабыстың қоғам өміріндегі ерекше орнын, елдің ішкі, сыртқы саясатына тигізетін ықпалын АҚШ, Жапон, және Батыс елдері жете сезінді. Өнертабыс жаңалықтарын дер кезінде зияткерлік меншік ретінде тиісті құжаттармен қорғау, олар үшін өмірлік заң. Жоғарыда аталған мемлекеттердегі ұлттық мүдде, бірде бір өнертабыс жаңалығы қоғамнан тыс қалмауы керек. Жалаң ұран емес, мемлекет саясатының нақты көрінісі. Себебі, оларға сырттан келетін үлкен қаржы арнасы – зияткерлік меншік. 

Ғылыми болжамдар бойынша, алдағы 10-15 жыл аралығында әлемде үлкен технологиялық түбірлі өзгерістер болады. Ғылымға деген сұраныс жоғарылайды, өнертабыс жаңалықтарын өмірге енгізудің жылдамдығы артады, жаппай қолданысқа әзірге көпшілікке беймәлім заттар енеді, қуаттың жаңа түрлері пайда болады. Мысалға, графит тектес жаңа құйма графен, салмақсыз, беріктігі болат құрышынан 200 есе жоғары, электр тогын өткізу мүмкіншілігі шексіз, үйкеліске төзімді. Оны 2020 жылы күтіліп отырған өндірісте шыға бастауынан кейін, ғарыш зымырандары, ұшақ, автокөлік, темірден жасалынатын заттардың көптеген түрлері, электроника тетіктері графеннен жасала бастайды.
Онда бүгінде жер қойнауындағы барлау жұмыстарынан бастап, дайын өнім дәрежесіне жеткізгенге шейін қыруар қаржы жұмсалып, жер қойнауын бүлдіріп, жерасты суларын ластап, өндіріп жатқан түрлі түсті металлдар, темір, алюминий, оларды өңдейтін металлургия өндірісі ертең кімге керек?!
Ғылым көкжиегінде нанотехнологияның бейнесі көріне бастады. Әлем атом мен молекулалардың жиынтығынан тұратын болса, олардың өлшемі метрдің миллиардан бір бөлшегі – нанометр.Сонымен нанотехнология дегеніміз, әзірге табиғаттағы белгісіз затты жекелеген атомдар мен молекулаларды ерекше сызбалармен жинақтау. Бір сызба бойынша жинақталған атом мен молекуладан тіршілікке қажет ауа мен су пайда болса, екінші сызбамен өмірге қауіпті сәуле ағындарын дүниеге келтіруге болады.
Болашақтағы ғылымның, оның ішінде нанотехнологияның даму бағыттарын алдын ала анықтайтын сілтеме - өнертабысқа берілген патент. Статистикаға сүйенсек, патент, оны іске асыру үшін жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарынан 7-8 жыл, алғашқы шығаратын өнімнен 10-12 жыл бұрын беріледі екен.
Соңғы оншақты жылдағы әлемдегі патент қозғалысына зер салсақ, келешекте өмірге үлкен өзгерістер әкелетін жаңалықтар, ғарыш саласында, қайтарымды қуат көздерінде, байланыс ақпарат құралдарында, физика және биология тоғысында пайда болуы мүмкін екені байқалады.
Жел қуатын қалай еселейміз?
Балама энергетика саласын алсақ, желдің соғу күшін адамзат қоғамы біздің дәуірге дейінгі төртінші ғасырда пайдалана бастаған. Бүгінгі заманға жеткен түрі, электр тогын өндіретін қалақшалы жел стансалары. Қазірде, қалақшаларының өзара қашықтығы 70 метрге дейін жететін қуатты жел стансалары Батыс Еуропа елдерінде, Қытайда, Индияда самсап тұр. Олардың басты кемшілігі, тұрақты жұмыс істеулері желдің соғу жылдамдығы 4-15 м/секунд аралығында болуы керек.
Тексерістен өткен заңдылықтар бойынша, стансаның өндіретін қуат мөлшері, жел жылдамдығының үшінші дәрежесіне тең. Қарапайым түрде айтқанда, желдің соғу екпіні күшейген сайын, өндіретін қуат еселей артады.
Жел қуатын игеру саласындағы жетекші мемлекеттерде алынған патенттерді зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей, соңғы 10-12 жылда байырғы қалақшалы жел қондырғыларына арналған өнертабыс патенттері жоққа тән. Есесіне, АҚШ, Алмания, Жапон, Дания, Франция елдерінде құбырдағы жасанды жел ағыстарынан электр тогын өндіруге берілген патенттер баршылық.. Әзірге негізді зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аталмыш жаңа технологияның ерекшелігі, ауа қабаттарының қысымы, қызуы әртүрлі болатын жер бетіндегі нүктелерді құбырмен жалғастыру, сонда құбырдың ішінде тұрақты, қысымды, жылдамдығы өте үлкен, игерімді жасанды жел ағысы пайда болады. Құбырдың өн бойына орналастырылған турбиналар тізбегі жасанды жел ағысынан электр қуатын көп мөлшерде өндіруге мүмкіндік береді.
Жоба іске асырыла қалған жағдайда, құбырдағы жасанды жел өзендерінің есептеулі жылдамдығы – 100 метр/секундқа жетіп, асып кетуі мүмкін екенін, құбырдың әрбір метрінен 1,5-2,0 киловатт электр тогын өндіруге болатынын ескерсек, жаңалықтың жел қуатын игеру саласына кешенді өзгерістер әкеліп, үлкен қуат көзіне айналатынына сенім мол.

Өнертабыс неден сүрінді?
Өкінішке орай елімізде өнертабыс жаңалықтарына деген сұраныс жоқтың қасы. Оларды өндіріске енгізу жекелеген өнертапқыштың, ғылыми зерттеу ұйымдарының мүмкіншілігімен шектеледі. Егер жолы болса, технопарк, әртүрлі қорлардың көмегімен, патентке сәйкес, жаңа заттардың, құрал-саймандардың, технологияның жекелеген үлгілерін жасайды, тәжірибе сынағынан өткізеді. Сонымен бәрі бітеді, есеп беріледі!
Бір мысал: мемлекеттік тапсырыспен, жаңалығы патентпен бекітілген, тереңдігі ұңғылардың жағдайын аса дәлдікпен бейнекөрініс арқылы зерттейтін, ықшам, оңай қолданылатын отандық ССВ-03 атты құрал дүниеге келді. Әртүрлі өндірістік тексерістерден өткізіліп, оған сәйкестік сертификаты алынды. Құрал арқылы ұңғының тереңдегі ішкі құрылысын, қабырғаларын, ондағы құбырлардың жағдайын компьютерден айнадағыдай анық көруге болады. Содан кейін, ұңғы құрылысының жобаға сәйкестігін, жерастында жүргізілген жұмыстардың көлемін, сапасын, пайдаланылған заттардың құрамын дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бұған дейін техникалық мүмкіншіліктің жетіспеуінен, қалтарыста қалып отырған ұңғының тереңдегі нақты жағдайын талас тудырмайтын бейнекөрініс арқылы байқауға болады.
ССВ-03 құралын пайдаланып, 2007-2011 жылдары еліміздің әртүрлі аймақтарында көптеген жерасты су ұңғылары бейнекөрініс арқылы зерттелді. Нәтижесі – елді мекендерді орталықтандырылған жүйелер арқылы сумен қамтамасыз етіп отырған жерасты су ұңғыларының жағдайы ешқандай сын көтермейді, санитарлық талаптарға сай келмейді, барлығында дерлік тозығы әбден жеткен, көмейлері бітелуге жақын іске жарамсыз құбырлармен жабдықталған.
Бұлар суын ішіп, күнделікті бақылауда тұрған ұңғылар. Ал бақылаудан тысқары, даладағы ондаған мың су ұңғылары жайында әңгіме қозғаудың өзі ретсіз. Олар тек қағазда, геологиялық құжаттарда ғана бар, шындығында жоқ. Сонда жыл сайын мемлекеттік бюджеттен жерасты суларын зерттеуге бөлінген қыруар қаржы қайда кетіп жатыр? Әңгіме тек ақшада емес, стратегиялық байлық, өмір сүрудің арқауы, Қазақстан үшін айрықша маңызды, үздіксіз өзгерісте болуы мүмкін жерасты суларының көлемі, орналасу жағдайы туралы жалған мәліметтердің қоры пайда болуында.
Бүгінде, ұңғыларды зерттеудің осы әдісін, ССВ-03 құралын жерасты су жағдайын бақылау жұмыстарына жаппай енгізу үлкен кедергілерге тап болып отыр. Себебі – біреу, оншақты жылдар бойы жерасты су ұңғыларына бақылау, жөндеу немесе жою жұмыстарымен айналысып келген ұжымдар, бейнекөріністің өздері үшін қаншалықты қатерлі екенін бірден түсінді. Өйткені оның өндіріске енгізілуінен, жерасты су шаруасындағы орнықты көзбояушылық, жемқорлық жалған ақпараттар тиылады.

Еліміздің өнертабысы қорғауға лайық
Инновация экономикасындағы дайын өнім өткізуге деген талас, арзан шикізат саудасындағы бәсекелестіктен әлдеқайда жоғары, күрделі. Бүгінде Ресей, Беларус, Қазақстан мемлекеттерінің бірыңғай ортақ экономикалық кеңістікті құрудағы мақсаты - өзара еңбек бөлісін нарық жағдайында реттеу және бұйымдарды өткізу үшін ішкі бәсекелестікті күшейту. Ал бәсекелестіктің басты құралы, жоғарыда айтқанымыздай, еңбек өнімділігін арттырып, шығынды азайтып, бұйымдардың сапасын жақсартатын өнертабыс жаңалықтары.
Ежелден қалыптасқан мемлекетаралық сауда қатынасының бұлжымас қағидасы, дайын бұйымның баратын жеріне байланысты, оның құқығы, жаңалығының құпиясы, қолдану аясы сол елдің өнертабыс патентімен қорғалуы тиіс. Осы қағиданы үнемі назарында ұстайтын АҚШ-та жылына 450 мың өнертабысқа патенті берілсе, Жапонда -350 мың, Қытайда -300 мың, Ресейде -16 мыңға жетеді. Атақты IBM компаниясы, ашқан өнертабыс жаңалықтарына 2010 жылы бес мың патент алған.
Ендеше біздің елімізде патентпен қорғалған өнертабыс жаңалықтарын сыртта басқалар тегін пайдаланып кетпеуі үшін, өзге елдерге шығаратын бұйымдарымызға сараптамалар жүргізіліп, оларға шетелдік патенттер алу жұмысын жедел түрде қолға алуымыз керек.
Оған халқымыздың күш-қуаты, өресі жетеді, мәселе ұлттық рухани өсуіміздің әлем мойындаған даңғыл жолдарын дұрыс таңдауымызда.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста