Пайғамбардың есімін аяқ киімнің табанына бедерлеген

Пайғамбардың есімін аяқ киімнің табанына бедерлеген

Түркияның «Gezer» фабрикасы табанында Адамзат баласының соңғы пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с) есімі бедерленген аяқ киім шығарған, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-газеті turkystan.kz басылымының сайтына сілтеме жасап.


Түркістан газетінің жазуынша, мұсылман қауымының тірегі, асыл пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның атына кір келтіретін бұл оқиға 2014 жылдың наурыз айында белгілі болған. Алғашында «Gezer» фабрикасының аталмыш өнімін Facebook әлеуметтік желісін пайдаланатын түркиялық азаматтар суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Аталмыш жайт қалың жұртшылықтың ашу-ызасын туғызып, «Мұхаммед» сөзі бедерленген аяқ киімдерге қарсы «Bingol Birlik ve Beraberlik» қоғамы наразылық танытып, қол жинаған. Азғана уақыттың ішінде наразылық шарасын қолдап, оған қол қойғандардың саны көбейе түскен. Аталған аяқ киімдерді шығарушы «Gezer» фабрикасы «өз өнімдеріндегі жазуды (аяқ киім табанындағы) кейіннен білгендігін және соңынан өз өнімдерін қайта жинап алуға шешім қабылдағанын» хабарлаған.


Gezer» фабрикасының басшыларының бірі Долмажи БАҚ-ына берген сұхбатында: «Фабрикада 2200-дей адам жұмыс істейді, әрбір өнім бірнеше тексеруден өтеді. Соған қарамастан табанына «Мұхаммед» сөзі жазылған аяқ киім назардан тыс қалған. Себебі, аталған аяқ киімнің табандары шетелден әкелінген», - деп жауап берген. Сондай-ақ, ол: «Gezer» – аяқ киім фабрикасы ретінде біздің ұлттық брендіміздің айнасы деп білеміз және Мұхаммед (с.ғ.с)-ға деген шексіз құрметімізді білдіре отырып, салғырттығымыз себебінен кеткен қателіктеріміз үшін барша мұсылман қауымнан кешірім сұраймыз, - деген.

Тілек Ырысбек

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста