Павлодардағы көпірге Орталық Азияда теңдесі жоқ ең үлкен арка орнатып жатыр (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін Павлодар облысында Ертіс өзені үстінен өтетін көпірге Орталық Азияда теңдесі жоқ ең үлкен арканы орнатуға кірісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Павлодар филиалының директоры Ерсін Сәриевтің айтуынша, арканы орнату жұмыстары бес сағат ішінде аяқталады.
Еске сала кетейік, бірегей көпір құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы кең көлемді жобалардың бірі болып табылады.
«Ертіс үстіндегі ерекше көпірге көлбеу иілгіш аспалар қолданылып, жаңа технология бойынша салынып жатыр. Бұл көлік инфрақұрылымы Қазақстанның орталық бөлігін Ресейдің көршілес аймақтарымен жалғайды. Астана – Павлодар – Семей – Қалбатау – Өскемен қалалары арқылы өтетін ол, Орталық – Шығыс маршрутының транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі республикалық жобаның бір бөлігі болып саналады.
Автомобиль жолының учаскесі 12,3 шақырымды құрайды. Ол Ертіс өзені үстіндегі көпір және Усолка, Ескі Ертіс өзені және Щучье көлі үстімен өтетін көпірлі эстакадалық бөліктен тұрады», – деп атап өтті Ерсін Сариев.
Стратегиялық нысан ванта тәрізді көлбеу иілгіш аспалар қолдану арқылы, жаңа технологиямен салынып жатыр. Бүгінгі таңда Павлодар қаласының төңірегіне автомобиль айналма жолы жасалуда.
Ол қала магистральдарының транзиттік жүк ағымын азайтып, сондай-ақ Павлодар және Ақсу қалаларын жалғайды. Осылайша, екі қала аймақтағы біртұтас агломерацияға айналмақ.+
Тапсырыс беруші мамандарының айтуынша, былтыр дәлізді қайта жаңғырту жұмыстарына 2 500 адам және 1294 бірлік техника жұмысқа тартылған.